Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1232 жарлығы

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 10, 108-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында:
      мәтiндегi "2001-2002 жылдар", "2001-2003 жылдар", "2001-2003 жылдарда", "2002-2003 жылдар" және "2001 жыл" деген сөздер тиiсiнше "2001-2005 жылдар", "2001-2005 жылдарда", "2001-2005 жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-бөлiмде:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Орта мерзiмдi" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-бөлiмде:
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      " ақпараттық жүйе - ақпараттық процестердi iске асыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желiлердiң және оларды бағдарламалық-техникалық жағынан қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы;";
      он екiншi абзац алынып тасталсын;
      он үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде бар, тиiстi бағдарламалық қамтамасыз етумен бiрiктiрiлген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделiлiгiн туғызатын, электрондық жүйелендiрiлген ақпарат (ақпараттық деректер базалары)";
      5-бөлiмнiң 4-тармағының бiрiншi абзацындағы "шешiмдер қабылдауды қолдаудың ақпараттық-талдау жүйелерi" деген сөздер "оның iшiнде геоақпараттық жүйелердi пайдаланып, геоақпараттық жүйелердi пайдалана отырып шешiмдер қабылдауды қолдаудың ақпараттық-талдау жүйелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бөлiмде:
      бiрiншi абзацтағы "кезең-кезеңмен," деген сөздер алынып тасталсын;
      "1-Kезең. 2001 ж. - 2002 жылғы шiлде." деген сөздер алынып тасталсын;
      1-шағын бағдарламада:
      тақырыптағы "Ақпараттық-телекоммуникациялық" деген сөздер "Ақпараттық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Шағын бағдарламаны iске асырудың негiзгi мақсаты ақпараттандыру саласында тиiмдi мемлекеттiк басқару жүйесiн құру болып табылады.";
      бiрiншi абзацтағы "мемлекеттiк органдардың ақпараттық- телекоммуникациялық жүйелерi" деген сөздер "мемлекеттiк ақпараттық жүйелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың" деген сөздер "ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "беймемлекеттiк құрылымдарға жататын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердiң" деген сөздер "мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ақпараттық жүйелер мен оларды қорғау құралдарын, сондай-ақ қол жетiмдiлiгi шектеулi ақпаратты қамтитын және өңдейтiн мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудi сертификаттау тетiктерiн және ақпараттандыру саласындағы стандарттау тетiктерiн әзiрлеу";
      сегiзiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен және Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiмен келiсiм бойынша Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен және Премьер-Министрi Кеңсесiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он төртінші абзацтағы "ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың" деген сөздер "ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-шағын бағдарламада:
      екiншi абзацтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгеріссіз қалады;       жетiнші абзацтағы "Көлiк және коммуникациялар министрлiгі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-шағын бағдарламаның бесiншi абзацындағы "Көлік және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-шағын бағдарламада:
      3) тармақшада:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мемлекеттiк органдардың бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiн құpу.";
      үшiншi абзацтағы "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердiң" деген сөздер "Ақпараттық жүйелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшаның алтыншы абзацындағы "сертификаттау" деген сөзден кейiн нүктелі үтiр қойылып, "жүргізу қажет" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) мемлекеттiк органдар үшiн бiрыңғай сервер орталығын құру.
      Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру үшiн тек ақпараттық-телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу ғана eмec, сонымен бiрге оны монтаждау, орнату, сапалы техникалық және ақпараттық сүйемелдеу талап етіледі, бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына шектеулi және санатталған қолжетiмдiлiкке, олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды арттыруға әкеп соғады. Қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдарға аумақтық жақын орналасқан жеке режимдiк ғимарат салуды көздейтiн мемлекеттiк органдар үшiн бiрыңғай сервер орталығын құру қажет. Сервер орталығында осы Бағдарламаның iс-шараларын іске асыру және сүйемелдеу жөніндегі аппараттық-ұйымдастыру кешенi орналасатын болады. Бiрыңғай сервер орталығын құру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін көздеу және мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде бар резервтiк ақпарат қоймасын құру жөнiнде зерттеулер жүргізудi ұйымдастыру қажет.";
      отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шағын бағдарламаны атқарушылар - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар.";
      "2-Кезең. 2002-2003 жылдар" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-шағын бағдарламада:
      тақырыптағы "Мемлекеттiк қаржының ақпараттық- телекоммуникациялық жүйелерiнiң" деген сөздер "Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi абзацта:
      "салық және кеден қызметтерiнiң," деген сөздер "салық, кеден қызметтерiнiң, заң органдарының және жер ресурстарын басқару жөнiндегi органдардың," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ақпараттық-телекоммуникациялық" деген сөздер "ақпараттық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "(бұдан әрi - қаржы органдары)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзацта:
      "ақпараттық-телекоммуникациялық" деген сөздер "ақпараттық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қаржы" деген сөз "Мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шағын бағдарлама аясында барлық мемлекеттiк органдардың интеграцияланған жүйелерiнiң өзара iс-қимыл тетiгiн әзiрлеу қажет";
      төртiншi, бесiншi және сегiзiншi абзацтардағы "қаржы" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi интеграциялаудың тұжырымдамасын әзірлеуді;";
      он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шағын бағдарламаны атқарушылар - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар.";
      6-шағын бағдарламаның жиырма екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар.";
      7-шағын бағдарламада:
      он үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шағын бағдарламаның атқарушылары - Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар.";
      "2003 жыл" деген сөз "2003-2005 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-бөлiмде:
      бiрiншi абзацтағы "ведомстволарға" деген сөз "агенттiктерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Негiзгi жобалардың аяқталуын ескере отырып, ("Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Қазақстан ресурстары" мемлекеттiк деректер базасы, бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесi және басқалар). Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен мынадай көлемде, оның iшiнде мына жылдар бойынша қаражат көзделедi:
      2001 жылы - 100 млн. теңге;
      2002 жылы - 1087,277 млн. теңге;
      2003 жылы - 1210,0 млн. теңге;
      2004 жылы - 1137,0 млн. теңге;
      2005 жылы - 6301,8 млн. теңге.
      Бұл ретте Бағдарламаны қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.";
      8-бөлiмде:
      бiрiншi абзацта:
      бiрiншi, екiншi, үшiншi сөйлемдер алынып тасталсын;
      "2002 жылдан бастап" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiнші абзацтың 3) тармақшасындағы "ақпараттық телекоммуникациялық" деген сөздер "ақпараттық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады