Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 1410 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198  Жарлығымен .  

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуiне байланысты қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 3120  Жарлығына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) жоғарыда аталған Жарлықтың 1-тармағындағы және Жарлыққа қосымшаның бүкiл мәтiнi бойынша "Ереже" деген сөз "Ережелер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) азаматтыққа байланысты мәселелердi қарау тәртiбi туралы Ережелердiң 2-тармағының бiрiншi және екiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының азаматтығына Қазақстан Республикасының аумағында кемiнде бес жыл заңды негiзде тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемiнде үш жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiм берiлген сәтте адамның тұру мерзiмi және некеде болу мерзiмi үзiлiссiз болуға тиiс.
      Заңның 16-бабы 1) тармақшасының екiншi абзацында және 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар тұру мерзiмiне қарамастан Қазақстан Pecпубликасының азаматтығына қабылдана алады.";

      3) 3, 12 және l4-тармақтардағы "екi дана" деген сөздер алынып тасталсын;

      4) 3-тармақтың екiншi абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:

      "Аталған құжаттардан басқа тарихи отаны ретiнде Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшiн қайта оралған адамдар оралман куәлiгін, шетел азаматына арналған тұру рұқсатын және шетел азаматтығынан бас тарту туралы өтiнiшiн тапсырады.";

      5) 4-тармақ алынып тасталсын;

      6) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңның 17-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасының ережесi Заңның 16-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасының екiншi абзацында көрсетiлген және iшкi iстер органдарына шетел азаматтығынан бас тарту туралы жазбаша өтiнiш берген адамдарға қолданылмайды. Өтiнiш берген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай өтiнiш фактiсi туралы ақпарат, сондай-ақ олардың ұлттық паспорты тиесілі шет мемлекетке жiберiледi. Бұл норма адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңы ол ерiктi түрде басқа азаматтықты қабылдаған кезде азаматтығынан өзiнен-өзi айрылуын көздейтiн жағдайларда да қолданылмайды.";

      7) 7-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтықты өзгерту туралы өтiнiштер мiндеттi түрде тiркелуге және қарауға жатады. Өтiнiш берушi осы Ережелерде көзделген барлық құжаттарды Заңмен белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда, өтiнiш бойынша iс тоқтатылып, ол туралы өтiнiш бiлдiрушi жазбаша түрде хабардар етiледi.";

      8) 8-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың, Алматы қаласының және Астана қаласының iшкi iстер басқармалары материалдарды ұлттық қауіпсiздiк органдарының пікiрiмен қоса және олар бойынша қорытындыларды Iшкi iстер министрлiгiне жiбередi, ол өз қорытындысын жасайды және оны материалдармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк құқық басқармасына ұсынады.";

      9) 8, 9, 10, 21, 27 және 32-тармақтардағы "Мемлекеттiк-құқық бөлiмiне", "Мемлекеттiк-құқық бөлiмi" деген сөздер "Мемлекеттiк-құқық басқармасына", "Мемлекеттiк-құқық басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 10-тармақ алынып тасталсын;

      11) 11-тармақта "Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияға" деген сөздер "Қазақстан Pecпубликасы Президентi Әкiмшiлiгінің Мемлекеттiк-құқық басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 12-тармақта "Әдiлет министрлiгiнiң Сот қаулыларын орындау жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 18-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңның 16-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасының ережелерi бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адамдарға қолданылмайды.";

      14) 30-тармақтың үшiншi абзацында "бec" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады