Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 369 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 04.11.2016 № 369 Жарлығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз).

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Астана қаласында "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" (бұдан әрi - Мұражай) мемлекеттiк мекемесi құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Мұражайдың Жарғысы бекiтiлсiн.

      3. Мұражайдың штат саны 65 адам болып белгiленсiн.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28. N 502 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      4. Мұражай құрамында Қазақстан Республикасы Президентiнiң жеке   мұрағаты айқындалсын.

      5. Мұражай директорын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгiленсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Yкiметі:
      1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 қаңтардағы N 67 қаулысымен құрылған "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттік мекемесiн, оның мүлкiн Мұражайға бере отырып, таратсын;
      2) бiр ай мерзiмде Мұражайдың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы Жарлықтан туындайтын басқа да шаралар қолдансын.

      7. Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Мұражайдың 473000, Астана қаласы, Бейбiтшілiк көшесi, 11-үй мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының ғимаратында орналасуын қамтамасыз ететiн болсын.

      8. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2004 жылғы 28 тамыздағы
N 1431 Жарлығымен   
Бекітілген      

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттiк мекемесiнiң Жарғысы

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мұражай) заңды тұлғаның мәртебесiне ие, өз функцияларын мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жүзеге асыру үшiн құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Мұражайдың мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы  Президентiнiң Әкiмшілiгі болып табылады.

      3. Мұражай өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң актілерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

      4. Мұражайдың толық атауы:
      мемлекеттік тiлде: "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесiнiң орыс тілiнде: "Государственное учреждение "Музей Первого Президента Республики Казахстан".

      5. Мұражайдың орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбiтшілiк көшесi, 11.

2. Мұражайдың заңды мәртебесi

      6. Мұражай оны мемлекеттік тiркеген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.

      7. Мұражайдың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктерде шоттары, өз атауымен мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылған бланкілерi, мөрлерi мен мөртаңбалары болады.

      8. Мұражай заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      9. Мұражай жасайтын азаматтық-құқықтық мәмiлелер Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлейтiн тәртiппен тiркеуге жатады.
      Шарттық мiндеттемелер бойынша Мұражайдың жауапкершілігi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мекеменi ұстауға арналып бекiтiлген сметаның шегiнде болады.

3. Мұражай қызметiнiң мақсаты мен функциялары

      10. Ерекше ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы ретінде Мұражайдың негiзгi міндеттерi Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінiң өмiрiне, мемлекеттік және қоғамдық қызметiне қатысты материалдарды кешендi түрде жинау, жүйелеу, сақтау, зерттеу және жұртшылыққа танымал ету негiзiнде жинақтау процесiн мәдениеттану және ғылыми-әдiстемелік тұрғыдан қамтамасыз ету және тарихи-мәдени және әлеуметтiк-саяси ақпаратты зерделеу болып табылады.

      11. Көрсетiлген мiндеттерге қол жеткізу үшін Мұражай мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң қызметiне байланысты ресми және жеке құжаттарды, басқа да тарихи материалдарды табу, сақтау, зерделеу және пайдалану, сондай-ақ елдiң тарихына қатысты мұражайлық мәнi бар этнографиялық заттардың, мұрағат құжаттарының коллекциялар қорын құру;

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң өмiрi мен қызметі, оның өмiрбаянының негiзгі фактілерi, қоғамдық және мемлекеттік қызметiнiң кезеңдерi туралы, Қазақстанның тәуелсiздiк жылдарындағы президенттік институттың қалыптасуы мен жетiстіктерi туралы жаңа бiлiм алу мақсатында мұражайлық жинақты зерделеу;

      елдiң ұлттық мәдени игiлiгін жинау, сақтау, зерделеу және пайдалану процесiн материалдық-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етуге қатысу;

      мұражайлық экспозициялар мен көрмелердi ғылыми жобалау мен ұйымдастыру, қорларды ғылыми өңдеу, мұражай қызметі басты бағыттарының ғылыми тұжырымдамаларын әзiрлеу;

      Мұражайдың зерттеушілік және насихатшылық қызметiнiң құжаттық базасын әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк, ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету;

      Мұражайдың ғылыми-зерттеу, әдiстемелік жаңа қалпына келтiру қызметiнiң нәтижелерiн насихаттау мен тарату;

      каталогтар, жол көрсеткiштер, анықтамалықтар, альбомдар, ғылыми еңбектер жинағын баспаға әзiрлеу және басып шығару;

      отандық және шетелдiк ұйымдардың ғылыми және мәдени бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;

      тәуелсiз Қазақстан тарихы мәселелерi мен мұражайтанудың ғылыми-теориялық және практикалық проблемалары бойынша ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар дайындау мен өткiзуге қатысу;

      тиiсті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бiрлесе отырып елдiң мәдени өмiрi саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен iске асыруға қатысу;

      мынадай нысандарды: жинау жұмыстарын жүргiзудi, мұражайлық мәнi бар заттар сатып алуды, заттарды тұрақты сақтауға қайтарымсыз берудi қамтитын мұражай жинақтарын жасақтауды жүзеге асыру;

      мұражай қорының мемлекеттік есебiн қамтамасыз ету және оны Қазақстан Республикасы мұражай қорының құрамына енгiзу үшін ғылыми жұмыстар жүргізу, мұражай құндылықтарын заңдық және күзет тұрғысынан сақтауды қамтамасыз ету;

      мұражай заттарын бүлiнуден, бұзылудан, ұрланудан сақтауға кепiлдiк беретiн, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететiн жағдай туғызу; сақтаудың ұтымды жүйесiн жасау; мұражай экспонаттарын қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру;

      мұражай заттарын зерделеу нәтижелерiн тiркеу, оларды қоғамдық пайдалану үшiн жағдай туғызу;

      көрмелер ұйымдастыру және өткiзу, мұражай экспозицияларын жасау;

      мұражай қорының негiзiнде шетелдерде көрмелер өткізу, сондай-ақ шет елдердiң көрмелерiн қабылдау әрi ұйымдастыру;

      келушілердiң түрлi санаттарымен экскурсиялар, дәрiстер, үйiрмелер оқулары мен басқа да iс-шаралар өткiзу;

      мұрағат және мұражай қорлары бойынша ғылыми-анықтамалық аппарат әзiрлеу және дамыту;

      ғылым мен мәдениет салаларының басқа да мекемелерiмен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жолға қою және қолдау.

      12. Мұражайдың негiзгi мiндеттерiне жауап бермейтiн функцияларды жүзеге асыруға ол құқылы емес.

4. Мұражайдың өкiлеттіктерi

      13. Өз функцияларын жүзеге асыру үшін Мұражайдың өз құзыретi шегiнде:

      қызметінің негiзгi түрлерi бойынша жұмыс жоспарын, мақсатты кешендi бағдарламаларды дербес әзiрлеуге, бекiтуге;

      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшілiгінiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнен, басқа да мемлекеттiк органдардан, мемлекеттiк және ведомстволық мұрағаттардан, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардан қажеттi құжаттар мен мұрағат материалдарын (түпнұсқалар мен көшiрмелердi), Мұражай үшін салалық болып табылатын есте қаларлық заттарды сұратуға және алуға;

      кез келген ұйым мен жеке адамдардан шарт негiзiнде жекелеген мұражайлық заттар мен құжаттарды сатып алуға;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыс тәжiрибесiн зерделеу мен олардағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы материалдармен қорларды толықтыру мақсатында тақылеттес мұражайлармен, кiтапханалармен, шетел мемлекеттерi басшыларының мұрағаттарымен Халықаралық мұражайлар кеңесімен ғылыми және iскерлiк ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

      көрмелердi, экспозицияларды безендiру, қалпына келтiру мен дизайндық қызмет көрсетулер жөнiнде консультациялар алу, жұмыстар орындау үшiн мемлекеттік заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқығы бар.

5. Мұражайды басқару

      14. Мұражайды жалпы басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
 

      15. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгi Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      мүліктi Мұражайға бекiтiп бередi;

      Мұражайды ұстауға арналған сметаны (шығыстар жоспарын) бекiтедi;

      Мұражайға берiлген мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      Мұражай директорының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негiздемесін айқындайды;

      Мұражайдың құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;

      жылдық қаржылық есептілікті бекiтедi;

      Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      16. Мұражай директорын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.

      17. Директор Мұражайдың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Қазақстан Республикасы Президентінiң Әкiмшілiгiне тiкелей бағынады және Мұражайға жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.

      18. Директор дара басшылық принциптерiнде әрекет етедi және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Жарғыда айқындалған өз өкілеттіктерiне сәйкес Мұражайдың қызмет мәселелерiн дербес шешедi.

      19. Директор Мұражай қызметiн жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен:

      Мұражай атынан сенiмхатсыз iс-әрекет етедi;

      барлық ұйымдарда Мұражай мүдделерiн бiлдiредi;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде Мұражай мүлкiне билiк етедi;

      шарттар жасасады;

      сенiмхаттар бередi;

      Мұражайдың iссапарлар, тағлымдамалар, қызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқытудың және қызметкерлердiң білiктілігiн көтерудiң өзге де түрлерінiң тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;

      банк шоттарын ашады;

      барлық қызметкерлер үшiн мiндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшілiгiнiң келiсiмiмен өз орынбасарлары мен бас бухгалтердi қызметке тағайындайды және қызметтерiнен босатады;

      штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердi жұмысқа қабылдауды және қызметтен босатуды жүзеге асырады;

      Мұражай қызметкерлерiне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

      өзiнiң орынбасарларының және Мұражайдың өзге де басшы қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкілеттіктерінің шеңберiн белгiлейдi;

      өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен, осы Жарғымен жүктелген және Қазақстан Республикасы Президентінiң Әкiмшiлiгi жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

6. Мұражай мүлкiн құру мен қызметін қаржыландыру тәртiбi

      20. Мұражай мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен құрылады және негiзгi қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Мұражайдың балансында көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады.

      21. Мұражай мүлкi оған жедел басқару құқығында тиесілi болады және республикалық меншiкке жатады.

      22. Мұражайды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде түсетін қаражат және өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28. N 502 Жарлығымен.
      23. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28. N 502 Жарлығымен.

      24. Мұражай бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептілік ұсынады.

      25. Мұражайдың қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеру мен ревизиялау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

7. Мұражайды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Мұражайды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

О создании Музея Первого Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 28 августа 2004 года № 1431. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 4 ноября 2016 года № 369

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 04.11.2016 № 369 (порядок введения в действие см. п. 6).

      В целях реализации статьи 9 Конституционного закона Республики Казахстан от 20 июля 2000 года "О Первом Президенте Республики Казахстан" постановляю:
      1. Создать государственное учреждение "Музей Первого Президента Республики Казахстан" в городе Астане (далее - Музей).
      2. Утвердить прилагаемый Устав Музея.
      3. Установить штатную численность Музея в количестве 65 единиц.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 28 декабря 2007 года N 502 (порядок введения в действие см. п.2).
      4. Определить в составе Музея личный архив Президента Республики Казахстан.
      5. Установить, что директор Музея назначается на должность и освобождается от должности Президентом Республики Казахстан.
      6. Правительству Республики Казахстан:
      1) ликвидировать государственное учреждение "Музей Первого Президента Республики Казахстан" Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан, созданное постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 января 2001 года N 67 "О создании государственного учреждения "Музей Первого Президента Республики Казахстан" Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Kaзахстан", с передачей его имущества Музею;
      2) в месячный срок обеспечить государственную регистрацию Музея;
      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.
      7. Управлению делами Президента Республики Казахстан совместно с Министерством финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить размещение Музея в здании Резиденции Президента Республики Казахстан, расположенном по адресу: 473000, город Астана, улица Бейбитшилик, 11.
      8. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.
 

Президент
 


Республики Казахстан
 




Утвержден
Указом Президента
Республики Казахстан
от 28 августа 2004 года N 1431

Устав
государственного учреждения
"Музей Первого Президента Республики Казахстан"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Музей Первого Президента Республики Казахстан" (далее - Музей) является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной для осуществления своих функций в организационно-правовой форме учреждения.
      2. Органом государственного управления Музеем является Администрация Президента Республики Казахстан.
      3. В своей деятельности Музей руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Конституционным законом Республики Казахстан "О Первом Президенте Республики Казахстан", актами Президента Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Уставом.
      4. Полное наименование Музея:
      на государственном языке: "Казакстан Республикасы Тунгыш Президентiнiн муражайы" мемлекеттiк мекемесi";
      на русском языке: "Государственное учреждение "Музей Первого Президента Республики Казахстан".
      5. Местонахождение Музея: Республика Казахстан, город Астана, улица Бейбитшилик, 11.
 

2. Юридический статус Музея

      6. Музей приобретает права юридического лица с момента его государственной регистрации.
      7. Музей имеет самостоятельный баланс, счета в банках в соответствии с законодательством Республики Казахстан, бланки, печати и штампы со своим наименованием на государственном и русском языках.
      8. Музей не может создавать, а также выступать учредителем (участником) другого юридического лица.
      9. Гражданско-правовые сделки, заключаемые Музеем, подлежат регистрации в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.
      По договорным обязательствам ответственность Музея наступает в пределах утвержденной сметы на содержание учреждения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
 

3. Задачи и функции Музея

      10. Основными задачами Музея как специфического научно-исследовательского и культурно-образовательного центра являются культурологическое и научно-методическое обеспечение процесса аккумуляции и изучение историко-культурной и социально-политической информации на основе комплексного сбора, систематизации, хранения, исследования и популяризации материалов, касающихся жизни, государственной и общественной деятельности Первого Президента Республики Казахстан.
      11. Для достижения указанных задач Музей осуществляет следующие функции:
      выявление, сохранение, изучение и использование официальных и личных документов, других исторических материалов, связанных с деятельностью Первого Президента Республики Казахстан, а также создание фонда коллекций из этнографических предметов музейного значения, архивных документов, имеющих отношение к истории страны;
      изучение музейного собрания с целью получения новых знаний о жизни и деятельности Первого Президента Республики Казахстан, основных фактах его биографии, этапах общественной и государственной деятельности, о становлении и достижениях института президентства за год независимости Казахстана;
      участие в материально-техническом, технологическом, организационном, финансовом, научно-методологическом обеспечении процесса сбора, хранения, изучения и использования национального культурного достояния страны;
      научное проектирование и организация музейных экспозиций и выставок, научная обработка фондов, разработка научных концепций основных направлений музейной деятельности;
      методологическое, научно-методическое, информационно-технологическое обеспечение документальной базы исследовательской и пропагандистской деятельности Музея;
      пропаганда и распространение результатов научно-исследовательской, методической и реставрационной деятельности Музея;
      подготовка и издание каталогов, путеводителей, справочников, альбомов, сборников научных работ;
      участие в разработке и реализации научных и культурных программ отечественных и зарубежных организаций;
      участие в подготовке и проведении научных и научно-практических конференций, семинаров по вопросам истории Казахстана и научно-теоретическим и практическим проблемам музееведения;
      участие в формировании и реализации государственной политики в области культурной жизни страны совместно с соответствующими государственными органами и организациями;
      осуществление комплектования музейного собрания, включающего в себя следующие формы: проведение собирательской работы, закупку предметов музейного значения, безвозмездную передачу предметов на постоянное хранение;
      проведение научной работы для обеспечения государственного учета музейного фонда и включения его в состав музейного фонда Республики Казахстан, обеспечение юридической и физической охраны музейных ценностей;
      создание условий, обеспечивающих полную сохранность музейных предметов, гарантирующих их защиту от разрушения, порчи, хищения; создание рациональной системы хранения; осуществление реставрационных работ музейных экспонатов;
      фиксирование результатов изучения музейных предметов, создание условий для их общественного использования;
      организация и проведение выставок, создание музейных экспозиций;
      проведение на основе музейного фонда выставок за рубежом, а также прием и организация выставок зарубежных стран;
      проведение экскурсий, лекций, занятий кружков и других мероприятий с различными категориями посетителей;
      разработка и развитие научно-справочного аппарата по архивным и музейным фондам;
      налаживание и поддерживание связей с другими учреждениями науки и культуры, международными и общественными организациями.
      12. Музей не вправе осуществлять функции, не отвечающие его основным задачам.
 

4. Полномочия Музея

      13. Музей для осуществления своих функций имеет право в пределах своей компетенции:
      самостоятельно разрабатывать, утверждать планы работ, целевые комплексные программы по основным видам деятельности;
      запрашивать и получать от соответствующих структурных подразделений Администрации Президента Республики Казахстан, других государственных органов, государственных и ведомственных архивов, а также иных организаций независимо от форм собственности необходимые документы и архивные материалы (подлинники или копии), а также достопамятные предметы, являющиеся профильными для Музея;
      приобретать отдельные музейные предметы и документы на договорной основе у любых организаций и частных лиц;
      осуществлять в установленном законодательством Республики Казахстан порядке научное и деловое сотрудничество с аналогичными музеями, библиотеками, архивами глав иностранных государств, Международным советом музеев с целью изучения опыта работы и пополнения фондов имеющимися у них материалами о Первом Президенте Республики Казахстан;
      заключать договоры с государственными юридическими лицами для консультаций, выполнения работ по оформлению выставок, экспозиций, оказания реставрационных и дизайнерских услуг.
 

5. Управление Музеем

      14. Общее управление Музеем осуществляет Администрация Президента Республики Казахстан.
      15. Администрация Президента Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществляет следующие функции:
      закрепляет за Музеем имущество;
      утверждает смету (план финансирования) на содержание Музея;
      осуществляет контроль за эффективностью использования и сохранностью имущества, переданного Музею;
      определяет права, обязанности и ответственность директора Музея основания освобождения его от занимаемой должности;
      утверждает структуру и штатное расписание Музея;
      утверждает годовую финансовую отчетность;
      осуществляет иные функции, установленные законодательством Республики Казахстан.
      16. Директор музея назначается на должность и освобождается от должности Президентом Республики Казахстан.
      17. Директор организует работу Музея и руководит им, непосредственно подчиняется Администрации Президента Республики Казахстан и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Музей задач и осуществление им своих функций.
      18. Директор Музея действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности Музея в соответствии со своими полномочиями, определяемыми законодательством Республики Казахстан и настоящим Уставом.
      19. При осуществлении деятельности Музея директор в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:
      без доверенности действует от имени Музея;
      представляет интересы Музея во всех организациях;
      в случаях и пределах, установленных законодательством Республики Казахстан, распоряжается имуществом Музея;
      заключает договоры;
      выдает доверенности;
      утверждает порядок и планы Музея по командировкам, стажировкам, обучению в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;
      открывает банковские счета;
      издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;
      по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан назначает на должности и освобождает от должностей своих заместителей и главного бухгалтера;
      согласно штатному расписанию осуществляет прием на работу и увольнение работников с занимаемой должности;
      применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Музея;
      определяет обязанности и круг полномочий своих заместителей и иных руководящих сотрудников Музея;
      осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Уставом и Администрацией Президента Республики Казахстан.
 

6. Порядок образования имущества и финансирования
деятельности Музея

      20. Имущество Музея формируется за счет имущества, переданного ему государством, и состоит из основных фондов и оборотных средств, а также иного имущества, стоимость которых отражается в балансе Музея.
      21. Имущество Музея принадлежит ему на праве оперативного управления и относится к республиканской собственности.
      22. Финансирование Музея осуществляется за счет бюджетных средств и средств, поступающих в виде благотворительной и спонсорской помощи, иных средств, используемых в порядке, установленном бюджетным законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 22 в редакции Указа Президента РК от 28 декабря 2007 года N 502 (порядок введения в действие см. п.2).
      23. (Пункт исключен - Указом Президента РК от 28 декабря 2007 года N 502 (порядок введения в действие см. п.2).
      24. Музей ведет бухгалтерский учет и представляет отчетность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      25. Проверка и ревизия финансово-хозяйственной деятельности Музея осуществляются в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.
 

7. Реорганизация и ликвидация Музея

      26. Реорганизация и ликвидация Музея осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.