Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 04.11.2016 № 369 Жарлығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз).
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 31, 420-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы "40" деген цифрлар "65" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесінің Жарғысында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мұражайды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде түсетін қаражат және өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.";
23-тармақ алып тасталсын.
2. Осы Жарлық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті