Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi бойынша жалпыұлттық үндесудi тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшiсi орган ретiндегi Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссияның дербес құрамы бекiтiлсiн.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 2 қарашадағы
N 1467 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi
жөнiндегі ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Ұлттық комиссия қызметiнiң басты мақсаттары саяси жүйенi жетiлдiруге бағытталған шараларды тұжырымдау және азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру жөнiндегi бiрiншi кезектi мiндеттердi айқындау болып табылады.
3. Ұлттық комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық комиссияның құқықтары
4. Ұлттық комиссияның:
азаматтық қоғамды одан әрi демократияландырумен және дамытумен, Қазақстанның саяси жүйесiн жетiлдiрумен байланысты мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, сондай-ақ ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізуге;
мемлекеттік органдармен консультациялар жүргізуге;
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
жоғарыда аталған мәселелердi зерделеуге және талдауға;
жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен мамандарды, ғалымдар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
Ұлттық комиссия құзыретiне жататын жекелеген мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн жұмыс топтарын құруға;
мемлекеттік органдарға және қоғамдық бiрлестіктерге қарау үшiн статистикалық, талдамалық, әдiстемелiк және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;
қабылданған ұсынымдардың орындалу барысына бақылау жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Ұлттық комиссияның құрамы
5. Ұлттық комиссия Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық комиссияның төрағасы және мүшелерi құрамында құрылады, бұған осы ереженiң 8-тармағында көзделген жағдай қосылмайды.
6. Ұлттық комиссияны Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын төраға басқарады. Төраға Мемлекет басшысына Ұлттық комиссияның жұмысы туралы тұрақты түрде ақпарат берiп отырады.
Ұлттық комиссияның отырыстарында Қазақстан Республикасының Президентi төрағалық етуi мүмкiн.
7. Төраға:
Ұлттық комиссияның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Ұлттық комиссия отырыстарының өткiзiлетiн орны мен уақытын айқындайды;
Ұлттық комиссияның отырыстарында төрағалық етедi.
8. Ұлттық комиссияның құрамына саяси партиялардың жетекшілерi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қос Палатасынан екi депутаттан және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшілiгiнен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнен екi өкiлден кiредi.
Ұлттық комиссияның төрағасы қажет жағдайда Ұлттық комиссия мүшелерiнiң келiсiмiмен оның құрамына қосымша мүшелер ретiнде саяси партиялардың өкiлдерiн енгiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
9. Ұлттық комиссия мүшелерiнiң ұсыныстары негiзiнде төрағалық етушiнiң шешiмiне сәйкес оның отырысына күн тәртiбi бойынша Ұлттық комиссия құрамына кiрмейтiн мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк емес ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ мамандар, ғалымдар мен тәуелсiз сарапшылар шақырыла алады.
4. Ұлттық комиссияның жұмыс тәртiбi
10. Ұлттық комиссияның жұмысы қажеттiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзілетiн отырыстар арқылы жүзеге асырылады.
11. Ұлттық комиссияның отырысы, егер оған Ұлттық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, құқылы болып табылады.
12. Ұлттық комиссияның шешiмдерi сол отырысқа қатысушы Ұлттық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшілiк дауысымен отырыста қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда талқыланатын мәселе бойынша төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
Қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда Ұлттық комиссияның мүшесi немесе мүшелерi өзiнiң ерекше пiкiрiн білдiруге құқылы.
Ұлттық комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
13. Төраға отырыста:
Ұлттық комиссия отырысының күн тәртiбi мен жұмыс ретi туралы хабардар етедi;
отырысты осы ережеге сәйкес жүргiзудi қамтамасыз етедi;
ұсыныстардың түсу ретiмен сөз бередi, ал қажет жағдайларда мұндай өзгертудiң себебiн жариялай отырып, сөйленетiн сөздердiң кезектілiгiн өзгерте алады.
14. Отырысқа қатысушылар мен шақырылғандар өздерiне төраға сөз бергеннен кейiн сөз алады.
15. Ұлттық комиссия Комиссия жұмысының осы ережеде реттелмеген ұйымдық мәселелерiн реттейтiн регламент қабылдауға құқылы.
5. Ұлттық комиссия отырыстарын әзiрлеу
16. Ұлттық комиссия қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын жұмыс органы Президент Әкiмшiлiгi болып табылады.
17. Ұлттық комиссияның жұмыс органы:
Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
Ұлттық комиссия мүшелерiнiң ұсыныстары және оның бұрын қабылданған шешiмдерi негiзiнде отырыстардың күн тәртiбiнiң жобасын түзедi;
Ұлттық комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
Ұлттық комиссия мүшелерiн Ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтетiн орны, уақыты және күн тәртiбi туралы хабардар етедi және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
Ұлттық комиссияның ұсынымдарын қарау үшiн мемлекеттiк органдарға жолдайды.
18. Ұлттық комиссия отырысының күн тәртiбiн бекiту туралы мәселенi қарау кезiнде оның мүшелерiнiң әрқайсысы отырыстың күн тәртiбiне қосымша мәселелер енгізу жөнiнде ұсыныстар беруге құқылы.
19. Ұлттық комиссия мүшелерi:
Ұлттық комиссия жұмысының жоспары, отырыстардың күн тәртiбi және мәселелердi талқылаудың ретi бойынша ұсыныстар енгізуге;
Ұлттық комиссияның отырыстарына материалдар мен оның шешiмдерiнiң жобаларын дайындауға қатысуға;
Ұлттық комиссияда қаралатын мәселелердi талқылауға қатысуға құқылы.
Ұлттық комиссия мүшелерiнiң өз өкiлеттіктерiн басқа адамдарға беру құқығы болмайды.
6. Ұлттық комиссия шешiмдерiнiң орындалуына
бақылау жасау
20. Ұлттық комиссия шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүзеге асырады. Ұлттық комиссия төрағасы қабылданған шешiмдердiң iске асырылу барысы туралы Ұлттық комиссияның мүшелерiн тұрақты түрде хабардар етуге мiндетті.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004 жылғы 2 қарашадағы
N 1467 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi
жөнiндегi ұлттық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Өтемұратов - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Болат Жәмитұлы Кеңесiнiң Хатшысы, төраға
Ұлттық комиссия мүшелерi:
Әбдiлдин - Қазақстан Коммунистiк партиясы
Серiкболсын Әбдiлдаұлы Орталық комитетiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)
Әбдiрахманов Серiк - Қазақстан Республикасы Парламентi
Мәжiлiсiнiң депутаты
Бәйменов - Қазақстанның "Ақ жол"
Әлихан Мұхамедияұлы Демократиялық партиясының тең
төрағасы (келiсiм бойынша)
Башмаков - Қазақстан Республикасы Парламентi
Анатолий Афанасьевич Сенатының депутаты
Ермегияев - Республикалық "Отан" саяси
Амангелдi Дiнұлы партиясы төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Жағанова - "Руханият" партиясының төрайымы
Алтыншаш Қайыржанқызы (келiсiм бойынша)
Жұмабеков - Қазақстан Республикасы Әділет
Оңалсын Исламұлы министрі
Имашев - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Берiк Мәжитұлы Кеңесi Хатшысының орынбасары
Кекiлбаев - Қазақстан Республикасы Парламентi
Әбiш Сенатының депутаты
Косарев - Қазақстан Коммунистiк халық
Владислав Борисович партиясының төрағасы (келiсiм
бойынша)
Қалиев - Қазақстанның "Ауыл" социал-
Ғани Әлiмұлы демократиялық партиясының
төрағасы (келiсiм бойынша)
Қасымов - Қазақстан Патриоттар партиясының
Ғани Есенкелдiұлы төрағасы (келiсiм бойынша)
Қожахметов - "Қазақстанның демократиялық
Асылбек Базарбайұлы таңдауы" Халық партиясының
төрағасы (келiсiм бойынша)
Қосубаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi
Мадинов - Қазақстан Аграрлық партиясының
Ромин Ризұлы төрағасы (келiсiм бойынша)
Назарбаева - Республикалық "Асар" партиясының
Дариға Нұрсұлтанқызы төрайымы (келiсiм бойынша)
Нәрiкбаев - Қазақстан Демократиялық
Мақсұт Сұлтанұлы партиясының төрағасы (келiсiм
бойынша)
Перуашев - Қазақстан Азаматтық партиясы
Азат Тұрлыбекұлы Орталық комитетiнiң бiрiншi
хатшысы (келiсiм бойынша)
Трошихин Михаил - Қазақстан Республикасы Парламентi
Васильевич Мәжiлiсiнiң депутаты