Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 1478 Жарлығы

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  17-1-бабы  2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 184-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымындағы:
      "Президенттің Парламенттегі өкілдігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Президенттің Парламент Сенатындағы өкілдігі
      Президенттің Парламент Мәжілісіндегі өкілдігі".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады