Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы екі жақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Амстердам қаласындағы (Нидерланд Корольдігі) Бас консулдығы орналасқан жерін Амстердам қаласынан Гаага қаласына көшіре отырып, Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті