Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 19.12.2022 № 61 Жарлығымен.
"Президент пен Үкімет
актілері жинағында"
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнi бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Президентi |
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 23 сәуiрдегi
N 1559 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының iшкi істер органдары
қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының
АНТЫ
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ______________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты)
iшкi iстер органдарына қызметке қабылдана отырып:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң
сақтауға, бастықтардың, командирлердiң бұйрықтары мен нұсқауларын
және өзiме жүктелген қызметтiк мiндеттердi адал атқаруға;
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын
және бостандықтарын шектеуге жол бермеуге, оларды құқыққа қарсы
әрекеттерден қорғауға;
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында
белгiленген қоғамдық тәртiптi өз өмiрiмдi аямастан қорғауға;
қызметке байланысты қиындықтарға шыдамдылықпен төзе бiлуге,
адал, батыл, қырағы қызметкер болуға;
мемлекеттiк және қызметтiк құпияны сақтауға салтанатты түрде
ант етемiн.
Егер де мен осы антты бұзсам, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiктi көтеруге әзiрмiн.
200__ жылғы "___" ________ __________
(қолы)