"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2004 жылғы есебін қарай келе, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2004 жылғы есебі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2004 жылғы есебін жарияласын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
ҚР Ұлттық Банкінің есебі осы Жарлыққа қоса берілмеген.