Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 1583 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін біртұтас оқу, ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемелік негізін жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы", "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" мемлекеттік мекемелері "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Академия) қосылу және "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Дипломатиялық академиясының функциялары жаңадан құрылатын мемлекеттік мекемеге берілу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жөнінде қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
      2) бұрын шығарылған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      3) осы Жарлыққа сәйкес өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
      1) Академия туралы ереженің жобасын;
      2) Мемлекет басшысының бұрын қабылданған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп осы Жарлыққа сәйкес қайта ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады