Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру жөнінде одан әрі жүргізілетін шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 4075.

      Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың тиімділігін арттыру мен олардың біліктілігін көтеру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығының 33-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі (бұдан әрі - ҰЖМБМ) мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекет қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтын қосу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік қызмет академиясы (бұдан әрі - Академия) құрылсын. U051583

      2. Академияны қаржыландыру республикалық бюджетте ҰЖМБМ мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтын қамтуға арнап көзделген қаржы есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: P981156

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтын ұйымдастыру жөнінде қажетті іс-шараларды жүргізсін;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

      3) Осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      4. ҰЖМБМ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп осы Жарлықтан туындайтын қайта ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы туралы ереженің жобасын;

      2) Мемлекет Басшысының бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады