Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 1660 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 № 900 Жарлығымен.

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс    

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 532-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; N 15, 149-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтағы "бір" деген сөз "екі орынбасары, соның ішінде бір бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы Ережеде:
      15-тармақтағы "орынбасары" деген сөз "орынбасарлары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16-тармақтың 2) тармақшасындағы "орынбасардың" деген сөз "орынбасарлардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Агенттік Төрағасы болмаған кезде оның міндетін Төрағаның тапсыруы бойынша орынбасарларының бірі атқарады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады