Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен .
Президент пен Үкімет
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 38, 355-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбындағы "тәртiбi" деген сөз "ережесiн бекiту" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "қараудың тәртiбi туралы Ережелер" деген сөздер "қарау ережелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелердi қарау тәртiбi туралы Ережелерде:
тақырыбындағы "тәртiбi туралы Ережелер" деген сөздер "ережелерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"І, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, Х" деген тараулардың нөмiрлерi тиiсiнше "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10" деген цифрлармен ауыстырылсын;
барлық мәтiн бойынша "консулдық мекемелерi", "консулдық мекемелер", "консулдық мекеме", "консулдық мекемелерде", "консулдық мекеменiң", "консулдық мекемелердiң" деген сөздер тиiсiнше "шет елдердегi мекемелерi", "шет елдердегi мекемелер", "шет елдегi мекеме", "шет елдердегi мекемелерде", "шет елдегi мекеменiң", "шет елдердегi мекемелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "Мемлекеттiк-құқық басқармасына", "Мемлекеттiк-құқық басқармасы" деген сөздер тиiсiнше "Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелерi бөлiмiне", "Құқық қорғау мен сот жүйелерi мәселелерi бөлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "облыстардың, қалалардың, аудандардың және қалалық аудандардың iшкi iстер басқармалары, бөлiмдерi" деген сөздер "облыстардың, Алматы қаласының, Астана қаласының ішкі істер департаменттерi, қалалардың, аудандардың және қалалардағы аудандардың iшкi iстер басқармалары, бөлiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi, консулдық мекемелерi және өкiлеттi өкiлдiктерi (бұдан әрi - консулдық мекемелер)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелері (бұдан әрі - шет елдердегі мекемелер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың он үшінші абзацындағы "және өзiнiң туысының тұрақты тұратын жерiнен анықтама" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "және Қазақстан Республикасы астанасының", "басқармаларына" деген сөздер тиiсiнше ", Алматы қаласының, Астана қаласының", "департаменттерiне" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацтағы "басқармалары" деген сөз "департаменттерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығы" деген сөздер "Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 15, 17-тармақтар өзгерiссiз қалдырылсын;
19-тармақтағы ", тұрғылықты жерiнен анықтама" деген сөздер алынып тасталсын;
VІІ тараудың тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын" деген сөздер "шешiмдердi" деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелерi жөнiндегi шешiмдердi орындау - халықты құжаттандыру және тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға, ал республикадан тысқары жерлерде тұратын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріне жүктеледі.";
27-тармақтағы "Iшкі істер министрлігі" деген сөздер "Әділет министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздер алынып тасталсын, "жарлықтарының" деген сөз "шешiмдердiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
29-тармақтағы "жасанды құжаттар табыс ету" деген сөздерден кейін ", басқа мемлекеттің азаматтығын алу" деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса".