Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 20 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.12 N 139 Жарлығымен.

"Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс    

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгі туралы ережеде:
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Агенттiк қаржы жылы iшiнде шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi:
      1) заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiндегi;
      2) қайта ұйымдастырылуға орай Агенттiкке құқықтар мен мiндеттер берумен байланысты;
      3) қаржы ұйымдарының қызметкерлерi үшiн Агенттiк ұйымдастырған оқыту шығыстарын өтейтiн;
      4) қызметтiк емес сипаттағы көлiктiк қызмет, қалааралық және халықаралық сөйлесулер үшiн өтем ретiнде Агенттiк қызметкерлерiнен алынған;
      5) шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсiмдердi жинақтайды.
      4-2. Қаржы жылының нәтижелерi бойынша, Ұлттық Банкпен келiсiлген мерзiмде, Агенттiк Төрағасының не оның орнындағы адамның шешiмi негiзiнде осы Ереженiң 4-1-тармағында көзделген қаржылық түсiмдер Ұлттық Банктiң бюджетiне аударылады.";

      9-тармақта "480091" деген цифрлар "050000" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      15-тармақта:
      8) тармақшада "мен рұқсаттардың" деген сөздер алынып тасталсын;

      11) тармақша алынып тасталсын;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн жеке тұлғаларға аттестация жүргiзу және бiлiктiлiк куәлiктерiн беру, сондай-ақ бiлiктiлiк куәлiктерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi;";

      17) және 19) тармақшалар алынып тасталсын;

      33) тармақшада "және бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын;

      35) тармақша алынып тасталсын;

      17-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агенттiктiң Басқармасы жетi адамнан тұрады.
      Агенттiк Басқармасының құрамына Агенттiктiң Төрағасы және Агенттiктiң лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасының Президентiнен және Ұлттық Банктен бiр-бiрден, Қазақстан Республикасының Yкiметiнен екi өкiл кiредi.";

      18-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) қаржы нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, қызметiн жаңартудың, қайтарып алудың тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ осы лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қызметiн жаңарту және қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, қызметiн жаңартудың тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ осы лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қызметiн жаңарту туралы шешiмдер қабылдау;";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) қаржы нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды, кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру туралы шешiмдер қабылдайды;".

      2. Осы Жарлық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың он төртiншi абзацын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады