"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 23 қаңтардағы
N 37 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық
қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы
шартқа қосылуы туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттер болып табылатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы бiр тараптан және Өзбекстан Республикасы екiншi тараптан,
Өзбекстан Республикасының ЕурАзЭҚ-қа мүшелiкке кiруi туралы өтiнiшiн назарға ала отырып,
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың 9-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Хаттамамен Өзбекстан Республикасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылады және одан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi толық көлемде өзiне қабылдайды.
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады, Уағдаласушы Тараптардың ратификациялауына жатады және депозитарийi болып табылатын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiне оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
3-бап
Осы Хаттама БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркелуге тиiс.
200 __ жылғы ____ ________ ___________ қаласында беларусь, қазақ, қырғыз, орыс, тәжiк және өзбек тiлдерiнде бiр данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманың мәтiнi бойынша келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшiрмесiн Уағдаласушы Тараптарға жiберетiн ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнде сақталады.
Беларусь Республикасы үшiн
Қазақстан Республикасы үшiн
Қырғыз Республикасы үшiн
Ресей Федерациясы үшiн
Тәжiкстан Республикасы үшiн
Өзбекстан Республикасы үшiн