Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі N 177 Жарлығы

 "Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" жариялануға тиіс   

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымын жетiлдiру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2005 ж., N 39, 555-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
      мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер тиiсiнше "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен", "бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлейдi;";

      13-тармақта:
      1) тармақшадағы "резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасының аумағында валюталық құндылықтармен операцияларды" деген сөздер "резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасының аумағында валюта операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) сұраныс пен ұсыныс көздерiнiң, сондай-ақ шетел валютасын iшкi валюта нарығында пайдалану бағыттары мониторингiн жүзеге асырады;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгiн және сақталуын, сондай-ақ бiрқалыпты тәуекел деңгейi кезiнде ұзақ мерзiмдi болашақта кiрiстiлiгiн қамтамасыз ете отырып олармен операциялар жүргiзедi.";

      16-тармақта:
      5) тармақша "қорытындыны беру" деген сөзден кейiн "талаптарын және" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақшадағы "операцияларды автоматтандыру жүйесi" деген сөздер "бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақшадағы "операцияларды автоматтандыру" деген сөздер "бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) тармақшада:
      "санкциялар  қолданады"  деген  сөздер  "санкцияларды  қолдану тәртiбiн айқындайды және қолданады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "белгiленген  тәртiппен"  деген  сөздер  "көзделген"  деген  сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын:
      "16-2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:
      1) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады;
      2) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайды.";

      17-тармақта:
      3) тармақшадағы "сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiгi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар және Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң операциялары бойынша шарттардың мониторингiн" деген сөздер "мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингiн және Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюта операцияларының мониторингiн (валюта мониторингiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша "мәселелер бойынша" деген сөздерден кейiн (төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегi" деген сөздермен, "белгiлейдi" деген сөзден кейiн "және оны жинауды жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) вексельдердiң бiрiншi сыныпты эмитенттерiнiң өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын коммерциялық вексельдерiн қайта есепке алады;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын ескере отырып Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есеп саясатын және әдiстерiн айқындайды;";

      20-тармақтың екiншi абзацындағы "Басқармасы" деген сөз "нормативтiк құқықтық актiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақтың үшiншi абзацындағы:
      "бес лауазымды тұлғасы" деген сөздер "төрт лауазымды тұлғасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екi өкiлi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы" деген сөздермен толықтырылсын;

      23-тармақта:
      1) тармақшадағы "әзiрлеу" деген сөз "мақұлдау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) тармақша алып тасталсын;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құрал-жабдықтарын және өзге де мүлкiн басқару тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту;

      16), 27) және 30) тармақшалар алынып тасталсын;

      34) тармақшадағы "кiредi" деген сөз алып тасталсын, 35) тармақшадағы "айқындайды" деген сөз "айқындау" болып жазылсын және мынадай мазмұндағы 36), 37), 38) және 39) тармақшалармен толықтырылсын:
      "36) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультативтiк-кеңесшi органдарын құру туралы шешiмдер қабылдау;
      37) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау ережелерiн бекiту;
      38) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;
      39) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға реттелуi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту кiредi.";

      36-тармақта "Басқармасының" деген сөз "Директорлар кеңесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымында:
      1-бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 12-1 жолмен толықтырылсын:
      "12-1. Қаржы тұрақтылығы басқармасы";

      реттiк нөмiрi 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Үйлестiру департаментi (Астана қаласы)";

      2-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 18-жолмен толықтырылсын:
      "18. Қызметтi қамтамасыз ету орталығы (филиал)";

      3-бөлiмдегi реттiк нөмiрi 6-жол алып тасталсын;

      4-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өкiлдiктерi:
      1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Ресей Федерациясындағы өкiлдiгi
      2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiндегi өкiлдiгi
      3. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қытай Халық Республикасындағы өкiлдiгi".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
      1) 2006 жылдың соңына дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң бiр бөлiгiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiрудi жүзеге асырсын;
      2) Астана қаласында төлем жүйелерiнiң үзiлiссiз жұмыс iстеуiн, елдiң алтын-валюта активтерiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруды қамтамасыз ететiн резервтiк орталық құру жөнiндегi дайындық жұмыстарын бастасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады