"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
l. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (2-кезең)" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ахметжан Смағұлұлы Есiмовке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (2-кезең)" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатқа қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
РҚАО-ның ескертуі. Келісім-хаттың жобасы РҚАО-ға ұсынылмаған.