Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 196 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      "Президент пен Үкімет актілерінің

      жинағында" жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметкерлеріне атқаратын лауазымдарына қарай белгіленетін лауазымдық жалақыларын есептеу үшін түзету коэффициентін ескере отырып, базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер, сондай-ақ лауазымдық сараланған жалақыларын есептеу үшін лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;";

      2-тармақтың бірінші абзацы "4" деген цифрдан кейін ", 4-1" деген цифрлармен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      1) және 6) тармақшаларда "мекемелерінің", "мекемелері" деген сөздерден кейін тиісінше ", Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің", ", Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры: лауазымдық сараланған жалақыға; жылына екі лауазымдық сараланған жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақыларына; орталық аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне сыйлықақы беру үшін жылына екі лауазымдық сараланған жалақыға негізделе отырып айқындалады;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі қызметкерлерінің лауазымдық сараланған жалақылары мемлекеттік саяси қызметшілер үшін олардың атқаратын лауазымдарына қарай және мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттары топтарына жатқызылуына және мемлекеттік қызмет стажына қарай олар лауазымдық жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді түзету коэффициенті мен олардың лауазымдық сараланған жалақыларын есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді ескере отырып, базалық лауазымдық жалақы мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады;";

      осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 9 қазандағы
N 196 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 17 қаңтардағы
N 1284 Жарлығына
4-1-ҚОСЫМША

      Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы

      орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметкерлеріне

      белгіленетін лауазымдық сараланған жалақыларын есептеу үшін

      коэффициенттер

Лауазымдар санаты

Коэффициент

Агенттіктің Төрағасы

1,59

Агенттік Төрағасының орынбасары

1,82

С-1

2,65

С-2

2,99

С-4

2,61

С-5

2,2

С-6

1,85

С-9

1,73


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады