Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 20 қазандағы N 206 Жарлығы.


      "Президент пен Үкімет актілерінің

      жинағында" жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміндегі "Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты және Мәжілісі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Президентінің Іс басқармасы аппараттарының басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 33, 323-құжат; 2004 ж., N 12, 150-құжат; N 30, 399-құжат):

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ереженің 13-тармағының 2) тармақшасында "Іс басқармасының" деген сөздерден кейін "аппарат басшысын," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады