Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 243 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік орталығы Астана қаласының Көктал кентінен Целиноград ауданы Малиновка ауылдық округінің Малиновка ауылына көшірілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 1 сәуірге дейін осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады