Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 291 Жарлығы. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен.

      Ескерту. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


Қазақстан Республикасы

Президенті мен Үкіметі актілерінің

жинағында және республикалық

баспасөзде жариялануға тиіс

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;


жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

кіріспедегі, 3-тармақтың бірінші абзацындағы, 13-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президенті "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығына", "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығымен", "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Жарлығында" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына", "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңымен", "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың екінші абзацындағы "1566,3" деген цифрлар "4842,3" деген цифрлармен ауыстырылсын;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. АЭА аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін кеден аймағының кедендік режимі қолданылатын Қазақстан Республикасының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады. АЭА-ның шекарасы оның периметрі бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады. АЭА-ның периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады.";

мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

"9-1. АЭА құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі:

1) АЭА аумағында салынатын объектілердің құрылысын қамтамасыз ету үшін қажетті машиналар, тетіктер мен жабдық;

2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектілерді АЭА аумағында салу және пайдалануға беру үшін қажетті машиналар мен жабдық, тауарлар мен материалдар.

9-2. АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен:

1) тауарларды сақтауды қамтамасыз ету;

2) тауарларды тасымалдауға дайындау (легін бөлшектеу, сұрыптау, тиеу, түсіру, қайта тиеу) және тауарлар мен көлік құралдарын құрылыс процесінде оңтайлы орналастыру және тұтыну мақсатында бөлінген құрылыс учаскелері шегінде орнынан ауыстыру (кеден органының рұқсатымен);

3) ғимараттар, құрылыстар мен құрылымдар салу кезінде құрылыс өндірісі технологиясының талаптарын орындау жөнінде операциялар жасауға рұқсат беріледі.";

10-тармақтағы "бақылау" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығымен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 26 ақпандағы
N 291 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
N 645 Жарлығымен бекітілген
"Астана - жаңа қала"
арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША

"Астана - жаңа қала"

арнайы экономикалық аймағы аумағының сызбасы

(қағаз нұсқасынан қараңыз)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады