Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 336 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.04.02 № 962 Жарлығымен

Қазақстан Республикасының Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
жариялануға тиіс          

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 35, 480-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасында 4-бөлімнің 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, роялтилер, бонустар, өнімді бөлу жөніндегі үлес, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жататын мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда), сондай-ақ мұнай секторы кәсіпорындары жүргізетін операциялардан түсетін басқа да түсімдер, оның ішінде мұнай келісімшарттарының талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда). Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы кәсіпорындары төлейтін салықтардың басқа түрлері және бюджетке басқа да міндетті төлемдер тиісті бюджеттерге есептелуге жатады. Бұл ретте мұнай секторының кәсіпорындарына тізбеде айқындалатын мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын сататын барлық заңды тұлғалар жатады;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады