Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Преззидентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 385 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және олардың мүдделерін қозғайтын азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы, Әділет министрі, Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлыққа сәйкес құрылатын соттардың төрағалары мен судьяларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі шараларды заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына осы соттардың кадр құрамы жөнінде ұсыныстар берсін.

      3. Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2007 жылғы 1 қазанға дейін осы Жарлыққа сәйкес құрылатын соттарға ғимараттар бөлуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады