Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі N 414 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.12 N 139  Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс        

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 320-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы ережеде:

      10-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) қаржы орталығына қатысушыларды аккредиттеу;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      11) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу.";

      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) қаржы орталығына қатысушы ретінде аккредиттелу туралы куәліктер беру;";

      "2-1) Қаржы орталығына қатысушы ретінде аккредиттеу ережесін бекіту;";

      8) тармақшада "бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен" деген сөздер "Үкіметі белгілеген мөлшерде және тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Агенттік атынан өкілдік етеді;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады;";

      7) тармақшада "Агенттіктің" деген сөзден кейін "жұмыс регламентін және" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) Агенттіктің алқасы туралы ережені бекітеді және оның құрамын анықтайды;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің құрылымы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Үйлестіру басқармасы - өкілдік (Астана қаласы)".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады