1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 20, 227-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) магистральдық газ-мұнай өнімдері құбырларының жабдықтарын, сорғы-сығымдаушы станцияларының қондырғыларын, резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ сақтау технологиялық жабдықтары мен скважиналарын пайдалану;";
мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) магистралдық құбыр жолдарының сорғы-сығымдаушы станциялары жабдықтарының және желілік бөліктерінің, оның ішінде су асты өткелдерінің диагностикасы;
7) электр химиялық қорғау құралдарына тоттануға техникалық қызмет көрсету.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйелерін пайдалану:
1) сыртқы газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау (газ тарату пункттері, газ тарату қондырғылары, жоғары, орташа және төмен қысымды газ тарату желілері);
2) үй ішіндегі газ желілерін, газ құралдары мен жабдығын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау.".