Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 16 қарашадағы N 443 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  Заңына сәйкес келтіру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 39, 516-құжат; 2006 ж., N 18, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

      мәтін бойынша:

      "білім беру бағдарламалары", "білім беру бағдарламаларымен", "білім беру бағдарламаларын", "білім беру бағдарламаларының" және "білім беру бағдарламаларына" деген сөздер тиісінше "білім беретін оқу бағдарламалары", "білім беретін оқу бағдарламаларымен", "білім беретін оқу бағдарламаларын", "білім беретін оқу бағдарламаларының" және "білім беретін оқу бағдарламаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім" және "орта білімнен кейінгі кәсіптік білім" деген сөздер тиісінше "Орта білімнен кейінгі білім" және "орта білімнен кейінгі білім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Оқитындар", "Оқитындардың", "оқитындарды", "оқитындар", "оқитындардың" және "Оқитындарды" деген сөздер тиісінше "Білім алушылар", "Білім алушылардың", "білім алушыларды", "білім алушылар", "білім алушылардың" және "Білім алушыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі" деген 5-бөлімде:

      "Орта білім беру" деген кіші бөлімде:

      екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы орта білім беруде мыналарды көздейтін 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады:

      1) бастауыш білім беру, оқыту ұзақтығы 4 жыл, 1 - 4-сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады.

      Бастауыш білім беру мазмұны шетел тілін және информатика негіздерін ертерек оқытумен толықтырылатын болады. Бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтануын дамытуға бағытталған. Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың білімін аралық бақылаумен және білім алушылардың оқу жетістіктерін іріктемелі мониторингтік бағалаумен аяқталады;

      2) негізгі орта білім беру, оқыту ұзақтығы 6 жыл, 5-10-сыныптар.

      Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымның базистік негіздерін меңгеруге, тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі тануына және бейінді бағдарлануына бағытталған. Білім алушылардың бейіналды даярлығы енгізіледі.

      Негізгі орта білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушыларға міндетті қорытынды аттестаттау өткізіледі, оның қорытындылары бойынша білім алушылардың қабілеті мен даярлық деңгейін ескере отырып, олардың одан арғы оқу бейіні анықталады;

      3) жалпы орта білім беру, бейінді оқыту, оқыту ұзақтығы 2 жыл, 11 - 12-сыныптар.

      Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары білім алушылардың кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралауды, ықпалдастыруды және кәсіптік бағдарлауды көздейді.";

      оныншы абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы орта білім берудің білім алушыларына шығармашылық қызметке және жеке қабілетін дамытуға ерекше орын бөлінетін жеке білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту мүмкіндігі беріледі.";

      он бірінші, он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады, оның бір нысаны ұлттық бірыңғай тестілеу болып табылады.

      12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылы бірінші сынып оқушылары жаңа жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқитын болады.";

      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бейіналды даярлықты (негізгі орта білім беру) және бейінді оқытуды (жалпы орта білім беру) қамтамасыз ету.";

      "Техникалық және кәсіптік білім беру" деген кіші бөлімде:

      үшінші абзацта "іске асырылатын кәсіптік білім беру бағдарламаларының күрделілігіне қарай мыналарға" деген сөздер "бағдарлама мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қатысты мынадай оқу бағдарламаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жаппай кәсіптері бойынша жұмыстарды орындаудың машықтануы мен дағдыларын көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру.";

      екінші абзацта:

      "Бірінші сатының", ", әлеуметтік-экономикалық" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші сөйлем алып тасталсын;

      2) тармақшада:

      бірінші абзацта:

      "берудің екінші сатысы" деген сөздер "беру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "(аралас)" деген сөзден кейін "кәсіптерін," деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды иемдену және бекіту жөнінде өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді көздейді.";

      үшінші сөйлем алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарын даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беру.

      Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білім берудің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім беру бағдарламаларымен қоса зерделеуді көздейді.";

      төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екі жылдық оқытуды аяқтап, аралық аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряды, сыныбы, санаты) беріледі.

      Үш жылдық оқытуды аяқтап, аралық аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейі беріледі.

      Оқытудың толық курсын аяқтап, қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға орта буын маманы біліктілігі беріледі.

      Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте мамандану және оларды даярлау ерекшеліктері принципін ескере отырып әзірленеді. Оқыту ұзақтығы оқу бағдарламаларының күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты.";

      алтыншы абзацта:

      "бағдарламалар" деген сөз "техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "арнайы пәндерді" деген сөздерден кейін "және оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші сөйлем алып тасталсын;

      "Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру" деген кіші бөлімде:

      бірінші абзацта:

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орта білімнен кейінгі білім беру гуманитарлық мамандықтар бойынша қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші мамандарын даярлаудың білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлаудың қазақстандық жүйесінің бөлігі ретінде көзделеді және орта білім беру базасында қамтамасыз етіледі.";

      "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      он бесінші абзацта "бейіндік оқыту және техникалық кәсіптік білім беру" деген сөздер "әртүрлі деңгейдегі білім беретін оқу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Жоғары білім беру" деген кіші бөлімде:

      төртінші абзац алып тасталсын;

      бесінші абзацта "кәсіптік" деген сөз алып тасталсын;

      он бесінші және он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың профессорлық оқытушылық құрамы жалпы санының үлесін арттыру;

      халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық аккредиттеу жүйесін және қазақстандық жоғары оқу орындарының аккредиттеу рәсімінен өтуінің ынталандыру тетігін дамыту үшін жағдайлар жасау;";

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "сырттай оқыту нысаны бойынша мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын реттеу;";

      жиырмасыншы абзацта "құрамдас бөлігінің" деген сөздер "пәндері циклының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі" деген кіші бөлімде:

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беруді ұйымдастыруды сырттай бағалау үшін барлық типтегі және түрдегі білім беру ұйымдарын лицензиялау, мемлекеттік аттестаттау, аккредиттеу, ұлттық бірыңғай тестілеу, мемлекеттік аралық бақылау, сондай-ақ саралау мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларға біліктілік беру рәсімдері көзделеді.";

      тоғызыншы абзацта "(өзін-өзі аттестаттау,)" деген сөздерден кейін "сапа менеджменті," деген сөздермен толықтырылсын;

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім алушылардың білім жетістіктерін аралық мемлекеттік бақылау нысанында мемлекеттік бақылау бастауыш білімді (4-сынып), негізгі орта білімді (10-сынып) аяқтаған кезде, жоғары оқу орындарының екінші курсынан (медициналық мамандықтар үшін үшінші курстан) кейін жүргізіледі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады