2008 жылы Қазақстан Республикасындағы Украина жылын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы N 448 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс        

      Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы ынтымақтастықты  жандандырып, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президенті мен Украина Президенті кездесулерінің барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2008 жылы Қазақстан Республикасындағы Украина жылы өткізілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылы Қазақстан Республикасындағы Украина жылын дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрып, көрсетілген іс-шараны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады