Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығы мына авторларға:
1) "Спектрлік теория және оның қолданылуы" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Мұқтарбай Өтелбаевқа;
2) "Қазақстанда табиғи сесквитерпенді лактондар химиясын зерттеуді, олардың негізінде дәрілік заттар жасауды, бірегей отандық фитопрепараттардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыруды дамыту" жұмысы үшін:
"Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы Әдекеновке;
"Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының зертхана меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Қорлан Есқожақызы Итжановаға;
"Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының бас ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының докторы, профессор Альфред Давыдович Кагарлицкийге;
Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Марат Нығметжанұлы Мұхаметжановқа (марқұм);
Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қани Мұсылманбековке;
"Биологиялық бақылау сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасының" директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайролла Дүйсенбайұлы Рахымовқа;
Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Валентина Брониславовна Сиротаға;
"Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Қобланды Мүбәракұлы Тұрдыбековке.