2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 488 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1 Қоса беріліп отырған 2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты  келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Серік Нығметұлы Ахметовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен, Қазақстан Республикасының атынан 2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға мынадай:
      "2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың 5-тармағының ережелері Қазақстан Республикасына қолданылмайды." деген ескертпемен қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Президенті

  2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария
Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты
1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін
дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға
Қазақстан Республикасының ескертпесі

      2007 жылғы 1   қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты 1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың 5-тармағының ережелері Қазақстан Республикасына қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасы үшін

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2007 жылғы 11 желтоқсандағы 
N 488 Жарлығымен      
МАҚҰЛДАНҒАН        

  2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария
Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесіне байланысты
1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін
дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМАНЫҢ ЖОБАСЫ

      1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімнің (бұдан әрі -Негізгі келісім) 11-бабына сәйкес, Негізгі келісімнің екі Тарабының - 2007 жылғы 1 қаңтарда Еуропалық Одаққа кірген Болгария Республикасы мен Румынияның жаңа мәртебесін назарға ала отырып, Тараптар Негізгі келісімге және оған техникалық қосымшаларға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады:

      1. Осы хаттама күшіне енген күнінен бастап Болгария Республикасы мен Румыния мынадай ережелерді:
      2003 жылғы 9-10 қазандағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының жыл сайынғы үшінші мәжілісінде қол қойылған Негізгі келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманың 2 және 3-тармақтарын;
      2003 жылғы 9-10 қазандағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының жыл сайынғы үшінші мәжілісінде қабылданған ХЖҚК жүк құжатын қолдана отырып темір жол көлігімен жүк тасымалдау кезінде Еуропа - Кавказ - Азия дәлізі бойынша халықаралық кеден транзитін жүзеге асыру кезіндегі рәсімдер туралы Негізгі келісімге техникалық қосымшаның 4-бабын;
      Халықаралық автомобиль көлігі жөніндегі негізгі келісімге техникалық қосымшаның 8-бабын;
      Кедендік рәсімдер мен құжаттарды өңдеу жөніндегі негізгі келісімге техникалық қосымшаны қолданбайтын болады.

      2. Осы хаттама күшіне енген күнінен бастап Болгария Республикасы Халықаралық темір жол көлігі жөніндегі негізгі келісімге техникалық қосымшаның 2-ескертпесінің ережелерін қолданбайтын болады.

      3. Тараптар мынадай өзгерістер енгізуге келісті:
      1) Негізгі келісімнің 6-бабы мынадай редакциядағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "Бұл ережелер Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа мүше болуына байланысты олардың осы Одаққа мүше мемлекеттерге не кез келген үшінші елге ұсынатын артықшылықтарына қатысты қолданылмайды.";
      2) Халықаралық сауда кеме қатынасы жөніндегі негізгі келісімге техникалық қосымшаның 9-бабы мынадай редакциядағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "Бұл ережелер Болгария Республикасы мен Румынияның Еуропалық Одаққа мүше болуына байланысты осы Одаққа мүше мемлекеттерге не Негізгі келісімнің тарабы болып табылмайтын кез келген үшінші елге олар ұсынатын артықшылықтарға қатысты қолданылмайды.";
      3) Халықаралық темір жол көлігі бойынша техникалық қосымшаға 1-ескертпенің 3-тармағындағы "Болгар Мемлекеттік Темір Жолдары" ұлттық компаниясы" деген сөздер "Болгария Республикасы Көлік министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Тараптар Еуропалық Одақтың мүшелері болып табылатын Негізгі келісім Тараптарының Еуропа - Кавказ - Азия көлік дәлізін дамытуға қатысуы Еуропалық Одақ заңнамасымен шектелілетініне келісті.

      5. Еуропалық Одақтың үшінші тараптары, атап айтқанда, Болгария Республикасы мен Румынияны қоспағанда, Негізгі келісімге қатысушы елдермен жасалған келісімдері немесе болашақта жасалатын келісімдері Негізгі келісімнен басымдықта болады.

      6. Негізгі келісімнің және оның техникалық қосымшаларының ережелері Еуропалық Одақтың мүшелері болып табылатын Негізгі келісім Тараптарының арасында қолданылмайды.

      7. Негізгі келісімге және/немесе оның техникалық қосымшаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, осы Хаттаманың 5-тармағында көрсетілген Тараптар әрбір нақты жағдайда қатыспауға қатысты өз ұстанымын білдіруге құқығын сақтайды.

      8. Осы хаттама Негізгі келісімнің 11 және 13-баптарында белгіленген тәртіппен күшіне енеді.

      _______ жылы _________ қаласында ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының жыл сайынғы отырысында орыс және ағылшын тілдерінде бір түпнұсқалық данада жасалды, екі мәтін де дәлме-дәл болып табылады.

      Осыны куәландыру үшін төменде қол қойған делегациялар басшылары немесе олардың өкілетті өкілдері осы Хаттамаға қол қойды.

      Әзірбайжан Республикасы үшін     Молдова Республикасы үшін
      Армения Республикасы үшін        Румыния үшін
      Болгария Республикасы үшін       Тәжікстан Республикасы үшін
      Грузия үшін                      Түрік Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін      Өзбекстан Республикасы үшін 
      Қырғыз Республикасы үшін         Украина үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады