Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 499 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс         

      Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігінің міндеттерін шешуде ғарыш технологиялары мен техникасының үлесін күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:

      "Міндеттері" деген кіші бөлімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу;";

      "Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері" деген кіші бөлімде:
      бірінші абзацтағы "62768,72" деген цифрлар "44364,75" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "62468,72" деген цифрлар "44064,75" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      бесінші абзац алып тасталсын;

      "Күтілетін нәтижелер" деген кіші бөлімде:
      2) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
      "3) Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады;";

      "Кіріспе" деген 2-бөлімнің жиырма үшінші абзацы алып тасталсын;

      "Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері" деген 4-бөлімнің бесінші абзац алып тасталсын;

      "Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі" деген 5-бөлімнің "Бағдарламаның негізгі бағыттары" деген 5.1-кіші бөлімінде:
      5.1.2-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;

      5.1.3-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "5.1.3. Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу:";

      екінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "қатты және сұйық күйіндегі металл қорытпаларында термодиффузияны зерделеуді;";
      "жоғары организмдер геніне ғарыштық ұшыру жағдайына ұқсас факторлар әсерінің молекулярлық-биологиялық тетіктерін зерттеуді және ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы төзімді желілерін құруды;
      жоғары күш түсуі жағдайында адамды қорғаудың химиялық, биохимиялық және психофизиологиялық әдістерін әзірлеуді;
      адам организмінің бейімделу мүмкіндіктерін арттыратын, бағытталған медициналық-биологиялық қасиеттері бар биологиялық белсенді қоспалар мен мамандандырылған өнімдер әзірлеуді;";

      "Бағдарламаны іске асыру тетіктері" деген 5.2-кіші бөлімнің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен эксперименттер жүргізуді ұйымдастыру;";

      "Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде:
      кестеде:
      реттік нөмірі 2-жолдағы "49075,02" деген цифрлар "30670,598" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 3-жолдағы "600,00" деген цифрлар "600,452" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Барлығы" деген жолдағы "62468,72" деген цифрлар "44064,75" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы "62768,72" деген цифрлар "44364,75" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "62468,72" деген цифрлар "44064,75" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      алтыншы абзац алып тасталсын;

      "Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер" деген 7-бөлімдегі жиырма алтыншы абзац алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады