Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 542 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президенті   
мен Үкіметі актілерінің жинағында   
жариялануға тиіс           

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; N 39, 429-құжат; 2007 ж., N 43, 499-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, оның орынбасарлары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы";

      2) "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501  Жарлығына :
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:

"А санаттарының тобы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

А-1 санаты

      Сектор меңгерушісі

А-2 санаты

      Инспектор, консультант

А-3 санаты

      Сарапшы

А-4 санаты

      Референт".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады