Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 575 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.12 N 139  Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс      

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 640-құжат; 2006 ж., N 2, 10-құжат; N 17, 156-құжат; 2007 ж., N 15, 171-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Агенттіктің штат санының лимиті 490 бірлік мөлшерінде белгіленсін.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы ережеде:
      17-тармақта:
      екінші абзацта "сегіз" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "және Ұлттық Банктен" деген сөздер ", Ұлттық Банктен және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агенттік Басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінен, Ұлттық Банктен, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінен және Агенттіктен мүшелерін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі және Агенттіктің төрағасы тағайындайды және босатады.";

      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің құрылымында:
      "Лицензиялау басқармасы", "Ақпараттық технологиялар басқармасы" деген жолдарда "басқармасы" деген сөз "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімі" деген жолда "бөлімі" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы 1 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін қаржыландыру көлемін ұлғайтсын және оның қызметін қамтамасыз етуге қажетті қаражаттың есептелуін қызметкерлердің белгіленген штат санының лимитін ескере отырып жүзеге асырсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады