Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 мамырдағы N 587 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасы Президенті мен

      Үкіметі актілерінің жинағында толық

      мәтіні және республикалық баспасөзде

      мазмұны жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 1-құжат; 2003 ж., N 44, 469-құжат; 2007 ж., N 18, 197-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Атом саласының қызметкерлері күні - 28 қыркүйек".

      2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады