Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан еуропалық қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК) Тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, тоқыманың екі жақты саудасына ӘЫК ережелерінің қолданылуын таратуға қатысты хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 660 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс          

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған бір тараптан Қазақстан Республикасы  және екінші тараптан еуропалық қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК) Тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, тоқыманың екі жақты саудасына ӘЫК ережелерінің қолданылуын таратуға қатысты хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше  және Өкілетті Елшісі Константин Васильевич Жигаловқа Қазақстан Республикасының атынан көрсетілген хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2008 жылғы 22 қыркүйектегі
N 660 Жарлығымен   
МАҚҰЛДАНҒАН      

Бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (ӘЫК) тоқыма саудасы жөніндегі екі жақты келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуын ескере отырып, тоқыманың екі жақты саудасына ӘЫК  ережелерінің қолданылуын таратуға қатысты хаттаманың жобасы

      Қазақстан Республикасы, бір тараптан және
      Еуропалық Қоғамдастық екінші тараптан,
      мыналарды:
      бір тараптан Қазақстан Республикасы және екінші тараптан Еуропалық қоғамдастық пен оның мүше елдері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - ӘЫК) 1995 жылы қол қойылғанын және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енгенін;
      ӘЫК қағидаттары басқа тауарлардың саудасы үшін қолданылатынына, сондай-ақ тоқыма өнімдері саудасында да ресмилікпен қолданылғанына кепілдік беру үшін келіссөздер жүргізілгенін;
      ӘЫК-ге тиісті өзгерістер қабылдануы тиіс екенін ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      ӘЫК осымен былайша өзгертілді:
      1) 11-баптағы 16-бапқа сілтеме алып тасталады;
      2) 16-бап алып тасталады.

2-бап

      Хаттама ӘЫК-нің ажырамас бөлігін құрайды.

3-бап

      Осы хаттама Тараптар бір-біріне осыған қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы хабардар еткен күннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.

4-бап

      Осы хаттама қазақ, орыс, болгар, чех, дат, нидерланд, ағылшын, эстон, фин, француз, неміс, грек, венгр, итальян, латыш, литван, мальта, поляк, португал, румын, словак, словен, испан және швед тілдерінде екі данада жасалды, бұлардың әрқайсысы теңтүпнұсқа мәтіндер болып табылады.
      200_ жылғы "___"__________ Брюссель каласында жасалды.

       Қазақстан Республикасы                   Еуропалық Қоғамдастық
      үшін                                     үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады