Ескерту. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН : |
1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 344-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы "2015" деген цифрлар "2030" деген цифрлармен ауыстырылсын;
аталған Жарлықпен бекітілген "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын: "12) жібек маталар және олардың негізінде бұйымдар шығару; 13) маталық емес тоқыма материалдарын және олардың негізінде бұйымдар шығару; 14) кілемдер, кілем бұйымдарын және тұскілемдер шығару; 15) мақта целлюлозасын және оның туынды өнімдерін шығару; 16) мақта шикізатынан жоғары сапалы қағаз шығару; 17) былғарыдан жасалған бұйымдар шығару."; 4 және 16-тармақтардағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының |