Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 702 Жарлығы.1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен.

      Ескерту. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті

мен Үкіметі актілерінің жинағында

жариялануға тиіс

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат; 2003 ж., N 49, 558-құжат; 2005 ж., N 32, 424-құжат, 2007 ж., N 3, 35-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "2015" деген цифрлар "2028" деген цифрлармен ауыстырылсын;


жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақтың екінші абзацында "982,3" деген цифрлар "2000" деген цифрлармен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 28 қарашадағы
N 702 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 26 сәуірдегі
N 853 Жарлығымен бекітілген
"Ақтау теңіз порты"
арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық
аймағының жоспары (сурет мәтінінен қараңыз)

"Ақтау теңіз порты" АЭА жалпы аумағы = 2000 га


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады