Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 722 Жарлығы. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      Ескерту. 1-тармағының бірінші және екінші абзацтарын қоспағанда, күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


Қазақстан Республикасының Президенті

мен Үкіметі актілерінің жинағында

жариялануға тиіс

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы N 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 270-құжат; 2005 ж., N 11, 100-құжат; 2007 ж., N 4, 50-құжат; 2007 ж., N 22, 245-құжат; 2008 ж., N 29, 281-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "2010" деген цифрлар "2015" деген цифрлармен ауыстырылсын;


жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде :

1-тармақтағы "Есіл өзенінің сол жақ жағалауында," деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақтағы "Есілдің сол жақ жағалауын" деген сөздер "Астана қаласын" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының      

Президенті      Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады