Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 28, 321-құжат; 2008 ж., N 33, N 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында :
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде :
"Міндеттері" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Бағдарламаны іске асыру тетігі";
"Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері" деген кіші бөлімде:
екінші абзацтағы "308,8", "108", "100,1" және "92,6" деген цифрлар тиісінше "299,349", "106,598", "100,123" және "92,628" деген цифрлармен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші абзацтардағы "және салуға" деген сөздер ", салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2008-2010 жылдары "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі - ТҚЖБ) жылдық 1% ставка бойынша - 57 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 23,56 млрд. теңге, 2009 жылы - 18,28 млрд. теңге, 2010 жылы - 15,16 млрд. теңге;";
сегізінші абзацтағы "194" деген цифрлар "192,549" деген цифрлармен ауыстырылсын;
тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін мемлекеттік жалға берілетін үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 42,834 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 8,734 млрд. теңге, 2009 жылы - 21,6 млрд. теңге, 2010 жылы - 12,5 млрд. теңге;
тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 89,905 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 29,905 млрд. теңге, 2009 жылы - 30 млрд. теңге, 2010 жылы - 30 млрд. теңге;";
он үшінші абзацтағы "6 млрд. 508" және "1 млрд. 123" деген сөздер "6 млрд. 18" және "633" деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2008-2010 жылдары ТҚЖБ-ның жарғылық капиталын 10,3 млрд. теңгеге ұлғайту, оның ішінде 2008 жылы - 6,6 млрд. теңге, 2009 жылы - 1,9 млрд. теңге, 2010 жылы - 1,8 млрд. теңге;";
он бесінші абзацтағы "30 млрд. теңгеге" деген сөздер "2008 жылы 15 млрд. теңгеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Күтілетін нәтижелер" деген кіші бөлімде:
үшінші абзацтағы "2008 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 0,3 млн. шаршы метр" деген сөздер "2008 жылы - 583 мың шаршы метр, 2009 жылы - 604,9 мың шаршы метр, 2010 жылы - 269,2 мың шаршы метр" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "479,8", "5900" деген цифрлар тиісінше "730,6", "8900" деген цифрлармен ауыстырылсын;
бесінші алып тасталсын;
алтыншы абзацта:
"21" деген цифрлар "20,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
", оның ішінде 2008 жылы - 5 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 7 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 9 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын;
жетінші абзацтағы "98 мыңнан астам" және "39 мыңнан астам" деген сөздер "96,5 мың" және "5,5 мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзац алып тасталсын;
тоғызыншы абзацта:
"4,4" деген цифрлар "4,6" деген цифрлармен ауыстырылсын;
", оның ішінде 2008 жылы - 2 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 1,1 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 1,3 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары" деген 3.1-кіші бөлімнің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Үш жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) ипотекалық тұрғын үй салуға бөлінген кредиттік қаражат есебінен жалпы алаңы 2236,2 мың шаршы метр 25472 пәтер, оның ішінде 2005 жылы - 9952 пәтер (895,8 мың шаршы метр), 2006 жылы - 7809 пәтер (665,5 мың шаршы метр), 2007 жылы - 7711 пәтер (674,9 мың шаршы метр) салынды. Бұл ретте, 2006-2007 жылдары бөлінген кредиттік қаражат есебінен салынған және сатылмаған 1600 пәтер (140 мың шаршы метр) осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес 2008 жылғы 1 қаңтардан кейін сатылатын болады.";
"Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері" деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"Бағдарламаны іске асыру тетігі";
"Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңдестірілген тұрғын үй нарығын құру" деген 5.1-кіші бөлімде :
бірінші абзацта:
"салу арқылы" деген сөздер "оларға сату арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салынған" деген сөзден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзацтағы "салынған" деген сөзден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Тұрғын үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға сейсмикалығына түзету коэффициентін ескере отырып, тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін құрылысының құны 56515 теңге деп есептеп, республикалық бюджеттен кредиттер бөлінетін болады.
Тұрғын үйді азаматтарға сату құнынан асып кеткен оны салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға арналған шығындар жергілікті бюджеттің есебінен жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шығындарды өтеуге тек төлем қабілетін растаған азаматтардың басым құқық берілген санаттарына сатылатын тұрғын үй үшін жол беріледі, ал құрылыстың ең жоғарғы құны соңғы үш ай ішіндегі осы өңірдегі орташа статистикалық көрсеткіштен артық болмауға тиіс.
Бұл ретте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үй алып сатарлығын болдырмау мақсатында, мәжбүрлеме соттан тыс тәртіппен немесе соттың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кепілдікке алынған тұрғын үйді сату жағдайларын қоспағанда, тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарында тұрғын үйді сатып алған күннен бастап үш жыл ішінде оны сатуға шектеу көзделетін болады.";
сегізінші абзацта:
"салынған тұрғын үйдің (пәтерлердің) орташа алаңы" деген сөздер "салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үй-жайдың жалпы алаңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"80" деген цифрлар "120" деген цифрлармен ауыстырылсын;
он екінші абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйді сатуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесіне сәйкес жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"Жер учаскелерінің бөліну, мердігерлік ұйымдарды таңдау, құрылыс барысы және (немесе) жеке құрылыс салушылардан тұрғын үйді сатып алу мен тұрғын үйді бөлу рәсімдерінің ашықтығын және оларды бақылауды қамтамасыз ету үшін ЖАО қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыстар (қалалар, аудандар) әкімдерінің басшылығымен комиссиялар құрады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйлері ең алдымен "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың басым санаттарына сатылатын болады.
Азаматтардың басым құқық берілген санаттары алмаған тұрғын үй заңнамада белгіленген тәртіппен аукциондар өткізу арқылы нарықтық құны бойынша, бірақ құрылыстың құнынан төмен емес бағада Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін заңды тұлғаларға сатылатын болады. Бұл ретте, аукциондар тұрғын үйлер пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі және Бағдарламада көзделген тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікпен кредит беру бұл жағдайда қолданылмайды.
Сатып алу-сату шарттарына қол қойылмаған, бірақ комиссияның шешімі негізінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған не қарыз алу шарттарына қол қойылмаған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған қол жетімді тұрғын үй осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес сатылатын болады.
Бұл ретте сатып алу-сату шарттарына қол қойылмаған, бірақ комиссияның шешімі негізінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған не қарыз алу шарттарына қол қойылмаған тұрғын үйлерді сатып алу Бағдарламаның 5.5-кіші бөліміне сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі арқылы бюджеттік кредит қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілген тұрғын үйді сатып алу үшін азаматтар арыз берген кезде ЖАО төлем қабілетіне бағалауды жүзеге асыру және банктің талаптарына сәйкес банктік заемдар беру үшін ТҚЖБ-ға жолдама беретін болады. ТҚЖБ ЖАО берген жолдама негізінде 15 жұмыс күнінен кешіктірмей банктің ішкі ережелеріне сәйкес банктік заем беру не оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алған тұрғын үйлерді алған азаматтар тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан осындай тұрғын үйді екінші рет сатып алуға, оны аукциондарда сатып алуды қоспағанда, жіберілмейді.";
"Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту" деген 5.2.1-тарауда :
төртінші абзацта:
"жыл сайын салу" деген сөздерден кейін "және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
"мемлекеттік жалға берілетін үйлерде кемінде 120 пәтер жобалау мен жыл сайын салу және жеке меншік жалға берілетін (коммерциялық) үйлер салу үшін жағдай жасау" деген сөздер "мемлекеттік жалға берілетін үйлер жобалау мен жыл сайын салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац алып тасталсын;
сегізінші абзацтағы "жалға берілетін үй концессияға берілетін" деген сөздер алып тасталсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі пәтер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:
мұқтаж ретінде есепте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын аз қамтылған азаматтар санаттарына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы лауазым атқаратын адамдарға кезектілік тәртібімен беріледі;
бір адамға пайдалы алаңы кемінде он бас шаршы метр және он сегіз шаршы метрден артық емес мөлшерде тұрғын үй-жай, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер беріледі;
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін ақы төлеудің мөлшерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді;
тұрғын үйді пайдалану және оны күтіп ұстау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі.";
он бірінші және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жалға берілетін үйдің 1 шаршы метрін салудың және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алудың құны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаты есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құнына сәйкес белгіленеді.
Жалға берілетін үйлер салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға сейсмикалығына түзету коэффициентін ескере отырып, тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін құрылыстың құны 56515 теңге деп есептеп, республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін болады. Мемлекеттік жалға берілетін үйдің сейсмикалығына түзету коэффициентін ескере отырып, 56515 теңгеден асып кеткен 1 шаршы метрін салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға жұмсалатын шығындар жергілікті бюджеттің есебінен жүргізілуі мүмкін.";
"Кең ауқымда тұрғын үй салу үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау" деген 5.2.2-тарауда :
алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй құрылысы саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті ынталандыру үшін ӘКК-ны пайдалану көзделіп отыр.
Осы мақсатта республикалық бюджеттен ӘКК-ның жарғылық қорын ұлғайтуға 15 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
Осы қаражат есебінен ӘКК:
1. "Нұрлы көш" бағдарламасына қатысушыларды жинақы қоныстандыру жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыруға қатысады.
2. ЖАО өздеріне берген жер учаскелерінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуды жүргізеді және оларды нарықтық құны бойынша аукциондарда сатады. Бұл ретте жер учаскелерінің кемінде 10 %-ін ӘКК жеке құрылыс үшін жер алуға ЖАО кезекте тұрған азаматтардың пайдалануына өтеусіз береді.
ЖАО жер учаскелерін ӘКК-ге жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бойынша есептелетін баға бойынша жарғылық капиталының төлеміне (меншікке), инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге арналған жер учаскелерін шегере отырып, біртұтас алап ретінде береді.
Пайдалануға берілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды ӘКК ЖАО-ның коммуналдық меншігіне береді. Осы мақсаттарға арналған шығыстар 8643,4 млн. теңгені құрайды. Жер учаскелерін сатудан алынған қаражатты ӘКК елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға пайдаланады.";
"Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру" деген 5.3-кіші бөлімнің үшінші абзацындағы үшінші сөйлем алып тасталсын;
"Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту" деген 5.4-кіші бөлімнің 1-тармағында:
"және салу" деген сөздер ", дамыту және (немесе) сметалық құн бойынша жеке құрылыс салушылардан сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте, жеке құрылыс салушылар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының сметалық құны бойынша Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 5.4.1-1-кіші бөліммен толықтырылсын:
"5.4.1-1. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Бағдарламаны орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Онда нақты орындаушылар және іске асыру мерзімдері, сондай-ақ болжамды көлемі және жылдар бойынша қаржыландыру көздері белгіленетін болады.
Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдер бойынша жүргізілетін болады:
1) Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның Бағдарлама мен іс-шаралар жоспарының бірлесіп тел орындаушыларымен іске асыруы;
2) тұрақты мониторинг жүргізу;
3) мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігіне бағалауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік бағдарламаны аяқтау (жалғастыру) туралы шешім қабылдау.
Бағдарламаны іске асыруға мониторингті жүзеге асыру процесі мыналардан тұрады:
1) Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның Бағдарламаны іске асыру барысына тұрақты мониторинг жүргізуі;
2) Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға тел орындаушылардың-ұйымдардың Бағдарламаның өздеріне бекітілген бөлімдері мен іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындауы бойынша есептер ұсынуы;
3) Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есептер ұсынуы және қажет болған ретте оған өзгерістер енгізу туралы ұсыныс дайындауы.
Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізді бақылау бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен ЖАО арасында жасалған нысаналы трансферттер мен кредиттік келісімдер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес жүргізілетін болады.";
"Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде :
екінші абзацтағы "300,8", "108", "100,1" және "92,6" деген цифрлар тиісінше "299,349", "106,598", "100,123" және "92,628" деген цифрлармен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші абзацтардағы "және салуға" деген сөздер ", салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2008-2010 жылдары ТҚЖБ жылдық 1% ставка бойынша - 57 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 23,56 млрд. теңге, 2009 жылы - 18,28 млрд. теңге, 2010 жылы - 15,16 млрд. теңге;";
сегізінші абзацтағы "194" деген цифрлар "192,549" деген цифрлармен ауыстырылсын;
тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін мемлекеттік жалға берілетін үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 42,834 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 8,734 млрд. теңге, 2009 жылы - 21,6 млрд. теңге, 2010 жылы - 12,5 млрд. теңге;
тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 89,905 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 29,905 млрд. теңге, 2009 жылы - 30 млрд. теңге, 2010 жылы — 30 млрд. теңге;";
он үшінші абзацтағы "6 млрд. 508" және "1 млрд. 123" деген сөздер "6 млрд. 18" және "633" деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2008-2010 жылдары ТҚЖБ-ның жарғылық капиталын 10,3 млрд. теңгеге ұлғайту, оның ішінде 2008 жылы - 6,6 млрд. теңге, 2009 жылы - 1,9 млрд. теңге, 2010 жылы - 1,8 млрд. теңге;";
он бесінші абзацтағы "30 млрд. теңгеге" деген сөздер "2008 жылы 15 млрд. теңгеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже" деген 7-бөлімде :
үшінші абзацтағы "2008 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 0,3 млн. шаршы метр" деген сөздер "2008 жылы - 583 мың шаршы метр, 2009 жылы - 604,9 мың шаршы метр, 2010 жылы - 269,2 мың шаршы метр" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "479,8", "5900" деген цифрлар "730,6", "8900" деген цифрлармен ауыстырылсын;
бесінші абзац алып тасталсын;
алтыншы абзацта:
"21" деген цифрлар "20,5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
", оның ішінде 2008 жылы - 5 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 7 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 9 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын;
жетінші абзацтағы "98 мыңнан астам" және "39 мыңнан астам" деген сөздер "96,5 мың" және "5,5 мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзац алып тасталсын;
тоғызыншы абзацта:
"4,4" деген цифрлар "4,6" деген цифрлармен ауыстырылсын;
", оның ішінде 2008 жылы - 2 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 1,1 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 1,3 млн. шаршы метр" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев