Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы N 814 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасының Грек Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады