Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 832 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес, экономиканы әртараптандыру мен үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы процестерін үйлестіру және мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реттеу және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін, тұрғын үй қатынастарын және коммуналдық шаруашылықты мемлекеттік басқару саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, Агенттікті бөліп шығару жолымен;
      оның кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне бере отырып;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі оның:
      ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне;
      елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары Агенттікке беріле отырып;
      3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оның ЖЭО және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары орнатылған қазандықтардан басқа, электрмен жабдықтау (0,4 кВт электр желілік объектілер), жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын пысықтау жөніндегі функциялары Агенттікке беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Агенттікке елді мекендер шегінде тұтынушыларды газбен жабдықтау салаларындағы және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеу саясатын әзірлеу жөніндегі функция;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлеу жөніндегі функция берілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетін оның функцияларын құрылатын Агенттікке бере отырып таратсын;
      2) Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта
ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Агенттік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің таратылатын Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі".
      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады