"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес және Ақмола облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының пікірін ескере отырып қаулы етемін:
1. Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев