Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 873 Жарлығы.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;
      2) алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;

      3) "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат; 2005 ж., N 30, 383-құжат, 2008 ж. N 38, 404-құжат):

      1-тармақтағы "2013 жылғы 1 қазанға" деген сөздер "2028 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші бөлімінде "342,9" деген - цифрлар "163,02" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4 және 14-тармақтардағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4) "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі"

      арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 560-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші бөліміндегі "1787,4" деген цифрлар "3475,9" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2 және 3-тармақтардағы "және аралас өндірістер", ", іліспе және аралас өндірістер", ", ілеспе және аралас өндірістерді", ", іліспе, аралас өндірістер мен технологиялар" деген сөздер тиісінше "өндірістердің", "өндірістерін", "өндірістерін", "өндірістері мен технологияларын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7-тармақта:

      екінші сөйлем алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сыртқы инфрақұрылым объектілері (кірме автомобиль жолы, кірме темір жол, құбыржолдар, электр беру желілері) құрылыс кезеңіне уақытша (жылжымалы) қоршаулармен жабдықталады. Құрылыс аяқталғаннан кейін сыртқы инфрақұрылым объектілері тең аралықтар арқылы "Кедендік бақылау аймағы" деген тану белгілерімен белгіленеді.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 873 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы
18 тамыздағы N 1166 Жарлығымен
бекітілген "Ақпараттық
технологиялар паркі" арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге жоспар

"Ақпараттық технологиялар паркі"
арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
(Жалпы S = 163,02 гектар) (Қағаз мәтініне қараңыз)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 873 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы
19 желтоқсандағы N 495 Жарлығымен
бекітілген "Ұлттық индустриялық
мұнай-химия технопаркі" арнайы
экономикалық аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША

"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі"
арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары (Қағаз мәтініне қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады