Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 321-құжат; 2008 ж., № 33, 341-құжат; 2009 ж., № 9, 36-құжат; № 58, 502-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімде:
бірінші бөлікте:
екінші абзацтағы «281,175» және «87,700» деген цифрлар тиісінше «277,338» және «83,863» деген цифрлармен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «174,375» деген цифрлар «170,538» деген цифрлармен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «30,834» және «12,5» деген цифрлар тиісінше «29,101» және «10,767» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «90,122» және «30,109» деген цифрлар тиісінше «90,487» және «30,474» деген цифрлармен ауыстырылсын;
он екінші абзацтағы «11 млрд. 180 млн. теңге» және «7 млрд. 842 млн. теңге» деген сөздер тиісінше «6 млрд. 818 млн. теңге» және «3 млрд. 480 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші абзацтағы «6 млрд. 979 млн. теңге» және «2 млрд. 786 млн. теңге» деген сөздер тиісінше «8 млрд. 872 млн. теңге» және «4 млрд. 679 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Күтілетін нәтижелер» деген кіші бөлімде:
төртінші абзацтағы «518,2» және «6300» деген цифрлар тиісінше «487,5» және «5930» деген цифрлармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «94,2» және «3,2» деген цифрлар тиісінше «92,2» және «1,2» цифрлармен ауыстырылсын;
«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асырудың тетіктері» деген бөлімде:
«5.4.1. Серіктес қалаларда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салу» деген тарауда:
екінші бөліктегі «салуға - 9262,4 млн. теңге» деген сөздер «салуға және мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін алуға - 4900 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «6471,205» деген цифрлар «8364,536» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген бөлімде:
екінші абзацтағы «281,175» және «87,700» деген цифрлар тиісінше «277,338» және «83,863» деген цифрлармен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «174,375» деген цифрлар «170,538» деген цифрлармен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «30,834» және «12,5» деген цифрлар тиісінше «29,101» және «10,767» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «90,122» және «30,109» деген цифрлар тиісінше «90,487» және «30,474» деген цифрлармен ауыстырылсын;
он екінші абзацтағы «11 млрд. 180 млн. теңге» және «7 млрд. 842 млн. теңге» деген сөздер тиісінше «6 млрд. 818 млн. теңге» және «3 млрд. 480 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші абзацтағы «6 млрд. 979 млн. теңге» және «2 млрд. 786 млн. теңге» деген сөздер тиісінше «8 млрд. 872 млн. теңге» және «4 млрд. 679 млн. теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген бөлімде:
төртінші абзацтағы «518,2» және «6300» деген цифрлар тиісінше «487,5» және «5930» деген цифрлармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «94,2» және «3,2» деген цифрлар тиісінше «92,2» және «1,2» цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев