Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 323-құжат; 2004 ж., № 12, 150-құжат; 2006 ж., № 32, 340-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 26 қарашадағы
№ 1110 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1167 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Алматы қаласындағы өкілдік
Ішкі бақылау бөлімі
Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі
Стратегиялық және инновациялық даму бөлімі
Қаржы-экономикалық бөлімі
Күрделі құрылыс бөлімі
Заң бөлімі
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы