Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Тәжин - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы,
Байбек - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Қыдырғалиұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
Нұрпейісов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Қайрат Айтмұхамбетұлы қызмет істері агенттігінің төрағасы;
көрсетілген ведомствоаралық комиссияның құрамынан С.Н. Ахметов, А.А. Орсариев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |