2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 972 Жарлығы

Қазақстан Республикасының     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасының атынан 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 972 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН    

2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы
шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА ЖОБАСЫ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартқа, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа, «Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекет басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық Кеңесінің (кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 17 шешімінің 2 және 3-тармақтарын негізге ала отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларын назарға ала отырып,
      кеден одағының бірыңғай кеден аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) ажырамас бөлігі болып табылатын кеден одағының Кеден кодексіне қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2-бап

      Кеден одағының комиссиясы кеден одағына мүше мемлекеттердің немесе олардың бірінің өтініштері негізінде осындай өтініш жасалған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей, кеден одағында кедендік реттеуге байланысты және онымен реттелмеген мәселелерді құқықтық реттеу тәсілі туралы шешімдер қабылдайды.
      Кеден одағы комиссиясы осындай мәселелерді құқықтық реттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда, тиісті шешім осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешім қабылданған күнінен бастап 6 айдан кешіктірмей қабылдануы тиіс.

3-бап

      Тараптар арасындағы осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар Шартта белгіленген тәртіппен шешіледі.

4-бап

      Осы Хаттамаға ескертпелерге жол берілмейді.

5-бап

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      Осы Хаттама ратификациялауға жатады және Шарт күшіне енген күнінен бастап күшіне енеді.
      2010 жылғы __________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

      Беларусь           Қазақстан              Ресей
   Республикасы       Республикасы           Федерациясы
      үшін               үшін                   үшін

2009 жылғы 27 қарашадағы 
Кеден одағының Кеден кодексі
туралы шартқа        
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы хаттамаға 
қосымша           

Кеден одағының Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер

      1. 1-баптың 2-тармағы «реттелмеген бөлігінде» деген сөздерден кейін «, кеден одағының кеден заңнамасы деңгейінде тиісті құқықтық қатынастар орнатылғанға дейін» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын (бұдан әрі - кеден одағының кедендік аумағы) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттер аумақтарының шегінен тыс орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар мен оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша заңдық құзыры болатын өзге де объектілер құрайды.
      2. Кеден одағының кедендік аумағының шегі кеден одағының кедендік шекарасы (бұдан әрі - кедендік шекара) болып табылады.
      3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан жекелеген аумақтардың шегі кедендік шекара болып табылуы мүмкін.».
       3. 3-бапта:
      а) 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, мұндай заңнама осы кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында қолданылады,»;
      б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, кедендік реттеу кезінде кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күніне әрекет ететін кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.»;
      в) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, тауарларды кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып кедендік шекара арқылы өткізген кезде іс жүзінде тауарларды кедендік шекарадан өткізу күніне әрекет ететін кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
      Егер іс жүзінде тауарлар кедендік шекарадан өткізілген күн белгіленбесе, егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күніне әрекет ететін кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.».
      4. 4-бапта:
      а) 1-тармақта:
      5-тармақша «рәсімге сәйкес» деген сөздерден кейін «немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      23-тармақшаның екінші абзацындағы «Су кемелерін» деген сөздер «Теңіз (өзен) кемелерін, ішкі жүзу кемелерін, «өзенде - теңізде» жүзу кемелерін, су асты қанаттары бар кемелерді, ауа жастықтары бар кемелерді, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлер мен баржаларды қоса алғанда, шағын кемелерді (бұдан әрі - су кемелері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27-тармақшадағы «немесе осы Кодекспен белгіленген өзге де мақсаттар үшін» деген сөздер алып тасталсын;
      31-тармақшадағы «орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген,» деген сөздер алып тасталсын;
      34-тармақшадағы «заңды тұлға» деген сөздер «кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      39-тармақша «темір жол жылжымалы құрам» деген сөздерден кейін «, темір жол жылжымалы құрамының бірлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 41-тармақшамен толықтырылсын:
      «41) экспресс-жүк - халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарды қоспағанда, жеке жүкқұжатқа сәйкес ықтимал және (немесе) тіркелген барынша аз уақыт ішінде осы тауарды алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауларды ұйымдастыру мен қадағалаудың электронды ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, көліктің кез келген түрлерімен жедел тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар.»;
      б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодексте пайдаланылатын азаматтық және басқа салалардағы заңнаманың терминдері кеден одағына мүше мемлекеттің әрқайсысында осы кеден одағына осы мүше мемлекеттер заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мәнде пайдаланылады.».
      5. 5-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер тауарларды кедендік шекарадан өткізу орындарында және кеден органдары орналасқан өзге де орындарда кеден органдарының жұмыс уақыты жұмыс істемейтін күндері белгіленсе, осы кеден органдарының жұмыс күндерімен есептелетін кедендік операцияларды жасау мерзімі өзіне жұмыс істемейтін күндерді қамтиды.».
      6. 6-баптың 1-тармағының 7-тармақшасы «шараларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік шекарасы арқылы бағалы қағаздарды және (немесе) валюта құндылықтарының, жол чектерінің өткізілуін бақылауды жүзеге асырған кезде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды» деген сөздермен толықтырылсын.
      7. 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер көрсетілген органдарға мұндай ақпарат аталған кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, кеден одағына бір мүше мемлекеттің кеден органдары өздеріне ұсынылған ақпаратты аталған кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясын және басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарының, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарының тәртібімен және оларды сақтай отырып, осы кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік органдарына ұсынады.».
      8. 12-бапта:
      а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден өкілдері тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың кеден өкілдері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртіптері белгіленуі мүмкін.»;
      б) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден өкілдерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оның мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде кеден өкілдерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет оны Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында мерзімді жариялауды қамтамасыз етеді.»;
      в) 5-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
      9. 13-бапта:
      а) 1-тармақшадағы «қойылған талаптарға» деген сөздер «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 3-тармақшадағы «енгізу» деген сөз «ұсыну» деген сөзбен ауыстырылсын.
      10. 14-бапта:
      а) 2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кеден өкілінің оны кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы өтініші;»;
      б) мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.».
      11. 16-бапта:
      а) 3-тармақтағы «заңнамасымен көзделген тәртіпте» деген сөздер «заңнамасына сәйкес, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Кеден өкілі заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген кеден органын осындай мәліметтер өзгертілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген кезде мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабарландыруға міндетті.».
      12. 18-бапта:
      а) 2-тармақтағы «заңнамасында белгіленген жағдайларда және шарттарда» деген сөздер «заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тасымалдаушылар болып танылған тұлғалардың тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде кедендік тасымалдаушылардың жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет оны Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында мерзімді жариялауды қамтамасыз етеді.»;
      в) 4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталған нысан бойынша» деген сөздер «нысаны мен пайдалану тәртібін Кеден одағының комиссиясы белгілейтін» деген сөздермен ауыстырылсын.
      13. 19-бапта:
      а) 2-тармақшадағы «енгізу» деген сөз «ұсыну» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 5-тармақша алып тасталсын.
      14. 20-бапта:
      а) 3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) кедендік тасымалдаушының оны кедендік тасымалдаушылар тізілімінен алып тастау туралы өтініші;»;
      б) мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.».
      15. 23-бапта:
      а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың уақытша сақтау қоймаларының иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.»;
      б) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша сақтау қоймаларының иелері болып танылған тұлғалардың тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында оның мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.».
      16. 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен
               алып тастау үшін негіздер

      Мыналар заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады:
      1) осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
      2) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 26-бабының 1-5, 7 және 8-тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;
      3) уақытша сақтау қоймасы иесінің оны уақытша сақтау қоймасы иелерінің тізілімінен алып тастау туралы өтініші;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.».
      17. 28-бапта:
      а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың кеден қоймаларының иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.»;
      б) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін  тізілімдердің негізінде уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында оның мерзімді жариялануын камтамасыз етеді.».
      18. 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып
               тастау үшін негіздер

      Мыналар заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады:
      1) осы Кодекстің 29-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
      2) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің 31-бабының 1)-6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;
      3) кеден қоймасы иесінің оны кеден қоймасы иелері тізілімінен алып тастау туралы өтініші;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.».
      19. 31-баптың 4-тармақшасындағы «кеден органына осы тауарлар жөнінде» деген сөздерден кейін «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына осындай тауарлар туралы» деген сөздермен толықтырылсын.
      20. 33-бапта:
      а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңғырту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.»;
      б) 2-тармақтағы «тұлғалармен» деген сөз «тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге не дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.».
      21. 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «35-бап. Бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізілімінен алып
               тастау үшін негіздер

      Мыналар бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады:
      1) осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
      2) осы Кодекстің 36-бабында көзделген міндеттерді бажсыз сауда дүкені иесінің сақтамауы;
      3) бажсыз сауда дүкені иесінің оны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы өтініші;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.».
      22. 36-баптың 4-тармақшасы «осындай тауарлар туралы» деген сөздерден кейін «, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын.
      23. 38-баптың 3-тармағындағы «заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне қосқан» деген сөздер «уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне қосу туралы куәлік берген» деген сөздермен ауыстырылсын, «қосқан кезде» деген сөз «қосу туралы куәлікті беру үшін» деген сөздермен ауыстырылсын.
      24. 39-бапта:
      а) 1-тармақшада:
      «еуродан кем емес» деген сөздер «еуроға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «енгізу» деген сөз «ұсыну» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «кедендік төлемдердің» деген сөздердің алдынан «осы тармақшаның екінші абзацында белгіленген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Олар Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған өлшемдерге сәйкес болған жағдайда кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды ендіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және (немесе) тауарларды экспорттайтын тұлғаларға осындай қамтамасыз етуді ұсыну күніне кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін, валюта бағамы бойынша бір жүз елу мың еуроға балама сомаға кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады;»;
      б) 6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес кеден органдарына кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы;».
      25. 42-баптың 3-тармағындағы «Кеден» деген сөз «Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кеден» деген сөздермен ауыстырылсын.
      26. 45-баптың 2-тармағындағы «қорғау құралымен» деген сөздер «қорғаудың бағдарламалық техникалық құралымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      27. 6-тараудың атауындағы, 50-баптың атауындағы және мәтініндегі «Сыртқы экономикалық қызметтің» деген сөздер «Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      28. 51-бапта:
      а) 1-тармақтағы «мемлекеттер достастығының» деген сөздер «Мемлекеттер Достастығының» деген сөздерге ауыстырылсын
      б) 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «кеден одағына мүше мемлекеттердің» деген сөздер алып тасталсын;
      в) 4-тармақтың бірінші абзацындағы «кедендік реттеу» деген сөздер «кеден ісі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      29. 52-бапта:
      а) 4-тармақтағы «ақпараттық сипаттамаға ие» деген сөздер «тауарларды жіктеу үшін міндетті болып табылмайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 7-тармақтың бірінші бөлігі «комиссиясы» деген сөзден кейін «кеден органдарының ұсыныстары негізінде» деген сөздермен толықтырылсын.
      30. 53-баптың 7-тармағындағы «кеден одағына мүше мемлекеттердің» деген сөздер алып тасталсын.
      31. 54-баптың 3-тармағының бірінші сөйлеміндегі «Өтініш» деген сөз «Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, өтініш» деген сөздермен ауыстырылсын.
      32. 58-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау кеден одағына осындай мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      33. 64-бапта:
      а) 1-тармақтағы «кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, тауарлары шығарылған кеден органымен» деген сөздер «кеден органына тауарларды кедендік декларациялау жүргізілетін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақтағы «кедендік шекара арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын анықтаудың мәселелерін реттейтін кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің халықаралық келісім-шартына» деген сөздер «осы баптың 1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде оны есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауына байланысты олардың кедендік құнының нақты көлемін айқындау мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнының нақты көлемін айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда оны декларантта бар құжаттар мен мәліметтердің негізінде мәлімдеуге және мәлімделген кедендік құнды негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеуге жол беріледі.
      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік құнды айқындау жағдайлары, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау мен бақылау тәртібі, осындай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.».
      34. 65-бапта:
      а) 1-тармақтағы «тараумен орнатылған нормаларға» деген сөздер «тарауға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Кеден» деген сөз «Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кеден» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 5-тармақтағы «уәкілетті өкіл» деген сөздер «кеден өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 6-тармақ алып тасталсын.
      35. 67-бапта:
      «туралы немесе» деген сөздер «туралы шешім не» деген сөздермен ауыстырылсын.
      36. 69-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды шығару декларанттың осы Кодекстің 88-бабына сәйкес кеден органы айқындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуы шартымен жүзеге асырылады.».
      37. 70-бапта:
      а) 2-тармақта:
      «келісім-шарттарына» деген сөздер «шарттарына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Арнайы» деген сөз «Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, арнайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 49-тарауында және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.».
      38. 73-бапта:
      а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер мұндай төлемдерді төлеу кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса, алдағы кедендік әкету баждарын, салықтарды, кедендік алымдарды төлеу шотына енгізілген және төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын, салықтардың, кедендік алымдардың нақты түрлері мен сомалары бөлінісінде сәйкестендірмеген ақша қаражаты (ақша) аванстық төлемдер деп танылады.»;
      б) 3-тармақтағы «қамтамасыз ету есебіндегі» деген сөздер қамтамасыз ету ретінде енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Аванстық төлемдерді төлеу нысандары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.».
      39. 74-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «жағдайы» деген сөзден кейін «осы Кодекске және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын.
      40. 76-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Төлеуге» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуге» деген сөздермен ауыстырылсын.
      41. 80-бапта:
      а) 2-тармақтың 4-тармақшасындағы «екі» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме:
      осы Кодекстің 202-бабының 2-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес;
      осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік рәсімдер белгіленген кезде туындайды және тоқтатылады.».
      42. 81-бапта:
      а) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарлар кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген кезде тауарлардың кедендік шекарадан өткізілген құны, ал егер бұл күн белгіленбеген болса, - тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін анықталған құн кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
      Тауарлар кедендік шекара арқылы дұрыс декларацияланбай заңсыз өткізілген жағдайда, кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, кеден органының тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.»;
      б) 5-тармақта:
      бірінші сөйлемдегі «Тауарларды» деген сөз «Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, тауарлар кедендік шекара арқылы дұрыс декларацияланбай заңсыз өткізілген жағдайда, кедендік баждар, салықтар кеден органы тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні осындай тауарларды өтінім берілген кедендік рәсімге орналастырған кезде дұрыс мәліметтер негізінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына сәйкес мөлшерде төлеуге жатады. Бұл ретте кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары қайта төленбейді (өндіріп алынбайды), ал кедендік баждардың, салықтардың артық төленген (өндіріп алынған) сомалары осы Кодекске сәйкес қайтаруға жатады.».
      43. 82-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері:
      кедендік рәсімдер осы Кодекстің 202-бабының 2-тармақшасына сәйкес белгіленген кезде кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына;
      кедендік рәсімдер осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген кезде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.».
      44. 84-баптың 8-тармағы алып тасталсын.
      45. 85-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «Кедендік» деген сөз «Егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында бас қамтамасыз ету ұсынылуы мүмкін өзге кеден органы айқындалмаған болса, кедендік» деген сөздермен ауыстырылсын.
      46. 90-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «90 бап. Артық төленген немесе артық өндіріп алынған
               кедендік баждардың, салықтардың сомаларын және
               өзге ақша қаражатын (ақшаны) қайтару (есепке алу)

      Артық төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының, салықтардың сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомаларын қайтару (есепке aлу) кедендік әкету баждарын, салықтарды, аванстық төлем сомаларын төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген не кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
      Кедендік әкелу баждарының артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке алу) кеден одағына мүше мемлекеттің халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осындай кедендік баждарды төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
      47. 91-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Егерде» деген сөз «Егер кеден одағына мүше мемлекеттің халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен ауыстырылсын.
      48. 94-бапта:
      а) 4-тармақтағы «өкілдендірілген экономикалық операторлармен, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылармен» деген сөздер «кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 6-тармақ «жүргізу үшін» деген сөздерден кейін «кеден органдарына» деген сөздермен толықтырылсын.
      49. 96-бапта:
      а) 2-тармақтың 2-тармақшасындағы «бабының 4-тармағына» деген сөздер «бабына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 6-тармақтағы «немесе» деген сөз «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 7-тармақтағы «теңіз, ішкі» деген сөздер алып тасталсын.
      50. 103-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын.
      51. 104-баптың 1-тармағы «тасымалдаушыға,» деген сөзден кейін «оның ішінде кедендік тасымалдаушыға» деген сөздермен толықтырылсын.
      52. 105-баптың 3-тармағының 3-тармақшасы алып тасталсын.
      53.107-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «теңіз (өзен)» деген сөздер «су» деген сөзбен ауыстырылсын.
      54. 109-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібі және оларды дайындауға қойылатын талаптар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.».
      55. 110-баптың 11-тармақшасындағы «олар бойынша» деген сөздер алып тасталсын.
      56. 113-баптың 1-тармағы «лауазымды адамдарының» деген сөздерден кейін «тасымалдаушылардан,» деген сөзбен толықтырылсын.
      57. 116-бапта:
      а) 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Кедендік тексеруді жүргізудің басталу уақыты осындай тұлғалардың келуінің ақылға қонымды мерзімдерін ескеруі тиіс»;
      б) 5-тармақтың 2-тармақшасы «денсаулығына,» деген сөзден кейін «жануарлардың тіршілігі мен саулығына,» деген сөздермен толықтырылсын, «сақтауға қауіп» деген сөздерден кейін «, эпизоотиялық ахуалдың туындау қаупі» деген сөздермен толықтырылсын.
      58. 117-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «оны алмастырушы тұлғаның» деген сөздер «кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын, «не» деген сөз «және» деген сөзбен ауыстырылсын.
      59. 118-баптың 1-тармағындағы «кеден заңнамасымен» деген сөздер «кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      60. 119-бапта:
      а) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды кеден органдары:
      тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында, шекаралық аймақта;
      тауарларды көтерме немесе бөлшек сатуды жүзеге асыратын, тауарларды кедендік бақылау аймақтары болып табылмайтын орындарда сақтайтын тұлғалардың үй-жайларында немесе аумақтарында осы Кодексте көзделмеген тәртіпті бұза отырып, кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және (немесе) онда орналастырылған тауарлардың болуы туралы ақпарат болған кезде, мұндай ақпаратты тексеру үшін осы тұлғаларда;
      оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тұлғаларда жүргізілуі мүмкін.»;
      б) 5-тармақта:
      екінші бөлік «аумақтарды» деген сөзден кейін «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарауды жүргізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.».
      61. 121-бапта:
      а) атауындағы «олар бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      б) 1-тармақ «тауарлар туралы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
      в) 3-тармақта:
      2-тармақша алып тасталсын;
      4-тармақша «мұндай» деген сөздің алдынан «осы Кодекске немесе кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      г) мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Тауарларды есепке алу жүйесін тексеруді жүргізу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.».
      62. 122-баптың 3-тармағында:
      а) 5-тармақшадағы «оның ішінде кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратындардың» деген сөздер алып тасталсын, «белгіленген критерийлерге» деген сөздер «шарттарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген оларға орналастырылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын кедендік рәсімдердің шарттарын сақталуын;»;
      в) мынадай мазмұндағы 7-тармақшамен толықтырылсын:
      «7) кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де талаптардың сақталуын тексереді.».
      63. 124-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «124-бап. Кеден органдары арасында ақпарат алмасу»

      «Кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасының және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде кедендік бақылаумен өткізілетін тауарларға және кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау, сондай-ақ тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетуді растау бөлігінде ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.».
      64. 128-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Кеден одағының комиссиясы кеден органдары оларға қатысты міндетті түрде оларды барынша төмендету жөнінде шаралар әзірлейтін және қолданатын тәуекелдер саласын айқындай алады.».
      65. 131-баптың 3-тармағындағы «жүргізудің» деген сөз «оларды жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын.
      66. 132-бапта:
      а) 9-тармақтың үшінші бөлігіндегі «белгісімен» деген сөзден кейін «почта жөнелтілімі» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) 12-тармақтың үшінші бөлігінде:
      «басшының» деген сөзден кейін «(бастығының)» деген сөзбен толықтырылсын;
      «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Мұндай тоқтата тұрудың мерзімі және тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.».
      67. 133-бапта:
      а) 2-тармақта:
      «қатысушы» деген сөз «мүше» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 4-тармақтағы «хаттама» деген сөз «акт (хаттама)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      68. 134-баптың 1-тармағында:
      а) 4-тармақша «кедендік тексеруді» деген сөздердің алдынан «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақша «салық» деген сөздің алдынан «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) 6-тармақша «көшпелі» деген сөздің алдынан «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын.
      69. 136-баптың 2-тармағы «Кеден» деген сөзден кейін «одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден» деген сөздермен ауыстырылсын.
      70. 137-баптың 1-тармақшасында:
      «қорытынды» деген сөз «кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «нәтижелерін және» деген сөздерден кейін «қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде» деген сөздермен толықтырылсын.
      71. 138-бапта:
      а) 2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді.»;
      үшінші бөліктегі «Қорытынды» деген сөз «Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 4-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      «сараптаушының (сараптаушының)» деген сөздер «сарапшының» деген сөзбен ауыстырылсын, «ұйымның» деген сөзден кейін «не кеден органының» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлікте:
      «кедендік сараптаушының (сараптаушының)» деген сөздер «сарапшының» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «жалған қорытынды» деген сөздер «кедендік сарапшының (сарапшының), жалған қорытындысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кедендік сараптаманы жүргізуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
      1) кедендік сараптаманы жүргізу үшін ақпараттың жеткіліксіздігі;
      2) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің дұрыс ресімделмеуі;
      3) сынамалар немесе үлгілер орамы сақталуының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмеуі;
      4) кедендік сараптаманы жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның, арнайы жағдайлардың болмауы;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайлар.».
      72. 139-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында одан неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, кедендік сараптаманы жүргізу мерзімінің ұзақтығы кедендік сарапшы (сарапшы) материалдарды өндіріске қабылдаған күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Кедендік сараптама жүргізу мерзімі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартылуы мүмкін.».
      73. 140-бапта:
      а) атауы «сарапшының» деген сөзден кейін «(сарапшының)» деген сөзбен толықтырылсын;
      б) 1-тармақта:
      бірінші абзац «сарапшы» деген сөзден кейін «(сарапшы)» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақшадағы «сарапшыларды» деген сөз «кедендік сарапшыларды (сарапшыларды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақшадағы «қорытынды» деген сөз «кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақша «нәтижелерін» деген сөзден кейін «және (немесе) басқа зерттеу немесе сараптама ұйымдары жүргізген сынамалар мен үлгілерді зерттеу нәтижелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      в) 2-тармақта:
      бірінші абзац «сарапшы» деген сөзден кейін «(сарапшы)» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақшадағы «қорытындыға» деген сөз «кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақшадағы «қорытынды» деген сөз «кедендік сараптаманың (сараптаманың) қорытындысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) 3-тармақ «сарапшы» деген сөзден кейін «(сарапшы)» деген сөзбен толықтырылсын.
      74. 141-баптың 1-тармағында:
      а) 1-тармақшада:
      «сарапшыға» деген сөз «кедендік сарапшыға (сарапшыға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қорытынды» деген сөз «кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен танысуға және кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органында осындай қорытындының көшірмесін алуға;».
      75. 142-бапта:
      а) 1-тармақта:
      бірінші абзацтағы «көрсетілуі тиіс» деген сөздер «көрсетіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақшадағы «, біліктілігі және еңбек өтілі» деген сөздер «және оның біліктілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақшадағы «қорытынды» деген сөз «кедендік сарапшының (сарапшының) жалған қорытындысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақшадағы «көрсетілуі тиіс» деген сөздер «көрсетіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақта:
      «Сарапшының» деген сөз «Кедендік сарапшының (сарапшының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысындағы тұжырымдар қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде жазылады, бұл ретте жауаптардың дәйектілігі қойылған сұрақтардың дәйектілігіне сәйкес келуі тиіс.».
      76. 143-бапта:
      а) 2-тармақта:
      бірінші бөліктегі «сарапшылардың» деген сөз «кедендік сарапшылардың (сарапшылардың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «Дербес сараптама» деген сөздер «Дербес кедендік сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын, «жүргізетін» деген сөзден кейін «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын;
      үшінші бөлікте:
      «Комиссиондық сараптама» деген сөздер «Комиссиялық кедендік сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «сараптамасы» деген сөз «кедендік сараптама» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «қорытынды» деген сөз «кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөлікте:
      «Комиссиондық сараптама» деген сөздер «Кешенді кедендік сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жүргізетін» деген сөзден кейін «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын;
      «қорытынды» деген сөз «кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 3-тармақта:
      екінші бөліктегі «Біріншілік сараптама» деген сөздер «Бастапқы кедендік сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жүргізілетін» деген сөзден кейін «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын»;
      үшінші бөлікте:
      «Қосымша сараптама» деген сөздер «Қосымша кедендік сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тағайындалатын» деген сөзден кейін «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын;
      «Қосымша» деген сөзден кейін «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын;
      төртінші бөлікте:
      «Қайта тағайындалған сараптама» деген сөздер «Қайталама кедендік сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жүргізетін» деген сөзден кейін «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын;
      «Біріншілік сараптама» деген сөздер «Бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қайталама кедендік сараптама бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыларды) қоспағанда, 2 (екі) және одан көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптама жүргізген кезде қатысуы және комиссияға түсіндірмелер беруі мүмкін, алайда кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын зерттеуге және жасауға олар қатыспайды.»;
      жетінші бөлікте:
      «қайта тағайындалған сараптаманы» деген сөздер «қайталама кедендік сараптамаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «біріншілік» деген сөз «кедендік» деген сөзбен ауыстырылсын.
      77. 144-бапта:
      а) 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кеден органдарының лауазымды адамдары кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алады.»;
      б) 3-тармақтың екінші бөлігіндегі «4» деген цифр «5» деген цифрмен ауыстырылсын.
      78. 152-бапта:
      а) 3-тармақтағы «заңнамасымен және (немесе)» деген сөздер алып
тасталсын;
      б) 5-тармақтағы «3» деген цифр «2» деген цифрмен ауыстырылсын.
      79. 153-баптың 2-тармағы «шарттарына сәйкес» деген сөздерден кейін «немесе осы Кодекске сәйкес кедендік режимдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекеленген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын.
      80. 155-баптың 1-тармағында:
      «, соның ішінде» деген сөздер «мен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
      81. 156-баптың 4-тармағындағы «теңіз, (көл), ауа» деген сөздер «су және әуе» деген сөздермен ауыстырылсын.
      82. 157-баптың 1-тармағындағы «теңіз, ішкі су не» деген сөздер «су немесе» деген сөздермен ауыстырылсын.
      83. 158-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тасымалдаушы, кеден өкілі не өзге де мүдделі тұлға кеден органына тауарлар кеден одағының кедендік аумағына іс жүзінде келгенге дейін олар туралы алдын ала ақпарат беруге құқылы. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тасымалдаушы тауарлар туралы алдын ала ақпарат беруге міндетті.».
      84. 159-баптың 1-тармағы 2-тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы және 3-тармақшасының жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «кеме бортында кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың, құрамында есірткі, қатты әсер ететін заттар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың болуы (болмауы) туралы;»;
      85. 162-бапта:
      а) 1-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі «келу» деген сөз «кету» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 3-тармақтағы «теңіз (өзен),» деген сөздер «су немесе» деген сөздермен ауыстырылсын.
      86. 163-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін» деген сөздер алынып тасталсын.
      87. 164-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер осы тауарлар кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу орнынан әкетілмеген болса, тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан олар белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған сәттегідей не кеден одағының кедендік аумағына келген сәттегідей санда және жай-күйде әкетілуге тиіс.
      Тасымалдаудың, көлікпен тасудың және сақтаудың қалыпты жағдайларында тауарлардың тозуының немесе кемуінің салдарынан не табиғи қасиеттерінің өзгеруі салдарынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санының және (немесе) жай-күйінің өзгеруіне, сондай-ақ көлік құралында төгілмей қалатын қалдықтардың болуы салдарынан тауарлар санының өзгеруіне жол беріледі.».
      88. 169-баптың 2-тармағындағы «бір сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді» деген сөздер «1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға құжаттарды тіркеу туралы растауды береді» деген сөздермен ауыстырылсын.
      89. 170-баптың 2-тармағында:
      а) екінші бөлік «төрт айдан» деген сөздерден кейін «, ал халықаралық почталық алмасу орындарында (мекемелерінде) сақтаудағы халықаралық почта жөнелтімдеріне, сондай-ақ жолаушы алмаған немесе талап етпеген, әуе көлігімен тасымалданатын багажға қатысты - 6 (алты) айдан» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тауардың жекелеген санаттары үшін Кеден одағы комиссиясының шешімімен осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен аз уақытша сақтау мерзімі белгіленуі мүмкін.».
      90. 173-бапта:
      а) 1-тармақ «заңнамасында» деген сөзден кейін «, ал осы Кодексте немесе кеден одағына қатысушы мемлекеттердің өзге халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі мен технологиясы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлардың түрлеріне, осындай өткізулер үшін пайдаланылатын көлік (автомобиль, әуе жолы, темір жол, теңіз, өзен және басқа) түріне карай, сондай-ақ тауарлардың өткізетін түлғалардың санаттарын кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын кедендік операцияларды жасау тәртібі мен технологиясы кедендік әкелу баждарын төлеуден және тарифтік емес реттеу шараларынан, демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шаралары қолданудан толық немесе ішінара босатуға әкеп соқпауға тиіс.».
      91. 178-бап «мен материалдар» деген сөздерден кейін «, қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығыс материалдары, халықаралық тасымалдың көлік құралдарын жөндеу үшін қажет жабдықтар мен құрал-саймандар» деген сөздермен толықтырылсын.
      92. 180-бапта:
      2-тармақтағы «мақсатында қажет» деген сөздер «мақсаты үшін қажетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігі «шешімімен» деген сөзден кейін «не кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында, егер бұл Кеден одағы комиссиясының шешімінде көзделсе,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «егерде Кеден одағы комиссиясының шешімімен басқадай» деген сөздер «егер осы Кодексте, Кеден одағы комиссиясының шешімінде не жағдайларда Кеден одағы комиссиясының шешімінде көзделген кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      93. 182-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген, транзиттік декларация ретінде қабылданатын құжаттарда осы тармақта көрсетілген барлық мәліметтер қамтылмаса, жетіспейтін мәліметтер, осындай транзиттік декларацияға қоса берілетін не онымен бірге келе жатқан, кеден органына ұсынылатын құжаттарда қамтылуға тиіс.»;
      5-тармақ алып тасталсын.
      94. 183-бапта:
      а) 1-тармақта:
      2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сыртқы экономикалық мәміле жасалғанын растайтын құжаттар, ал сыртқы экономикалық мәміле болмаған жағдайда - тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға иелік ету құқығын растайтын өзге құжаттар, сондай-ақ декларанттың иелігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;»;
      4-тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тауарларға декларация берген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды кедендік экспорт рәсіміне орналастыру үшін осы тармақтың 1), 2), 5), 8), 9), 13) тармақшаларында, сондай-ақ мұндай құжаттар болған жағдайда осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардан өзге құжаттарды кеден органына ұсыну талап етілмейді.»;
      б) 2-тармақтағы «түріне» деген сөз «, кедендік рәсімдер түрлеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
      в) 3-тармақта:
      «Солардың» деген сөз «Егер солардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «тауар шығарғанға дейін» деген сөздерден кейін «, ал кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда - тауарлар шығарылғаннан кейін» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден органы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда, ұсынылған құжаттар көшірмелерінің олардың түпнұсқаларына сәйкестігін тексеруге құқылы.».
      95. 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
         «184-бап. Кедендік декларациялау кезінде кедендік
                   рәсімдердің шарттарына сәйкес ұсынылатын
                   қосымша құжаттар

      Тауарларды кедендік декларациялау кезінде мәлімделген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес осы Кодекстің 183-бабында көрсетілген құжаттарға қосымша осы Кодекстің 240, 253, 265, 294, 299 және 308-баптарында, ал кедендік рәсімдерді белгілеген жағдайда:
      осы Кодекстің 202-бабының 2-тармақшасына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында;
      осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген құжаттар ұсынылады.».
      96. 185-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы «кедендік рәсімге орналастыру мақсатында» деген сөздер «осы Кодекске сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
      97. 186-баптың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3 кедендік транзиттің кедендік рәсімін мәлімдеу үшін - осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ:
      тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
      егер ол кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылса, экспедитор.».
      98. 189-бап мынадай редакцияда жазылсын:
          «189-бап. Декларанттың жауапкершілігі

      Декларант осы Кодекстің 188-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны, сондай-ақ декларацияда көрсетілген, оның ішінде кеден органдары тауарларды тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып шығару туралы шешім қабылдаған кезде дәйектемесіз мәліметтерді мәлімдегені үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.».
      99. 193-баптың 6-тармағында:
      «45 (қырық бес)» деген сөздер «30 (отыз)» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «осы тауарларға қатысты төлеуге жататын кедендік баж ставкалары, салықтар өзгерсе, кедендік декларация берілген жоқ деп есептеледі» деген сөздер «тыйым салулар мен шектеулер енгізілсе, кеден органы мұндай тауарларды шығарудан бас тартады» деген сөздермен ауыстырылсын.
      100. 195-бапта:
      а) 1-тармақта:
      1-тармақша «кеден органына» деген сөздердің алдынан «кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көрсетілген құжаттарды тауарлар шығарылғаннан кейін ұсынуға болатын жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Кодекске сәйкес, ал кедендік рәсімдерді белгілеген кезде:
      осы Кодекстің 202-бабының 2-тармақшасына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық, шарттарына;
      осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғалар тауарларды таңдап алған кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтағанда;»;
      б) 2-тармақ алып тасталсын;
      в) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кеден одағы комиссиясының шешімімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, тауарларды шығаруды кеден органының лауазымды адамы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен, кедендік декларацияға және (немесе) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тиісті белгілерді, сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерді енгізу (қою) жолымен жүргізеді.».
      101. 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:
          «196-бап. Тауарларды шығару мерзімдері

       1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды шығаруды кеден органы кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс.
      Кедендік әкету баждары қолданылмайтын, кедендік экспорт рәсіміне орналастырылатын тауарларды және кедендік уақытша әкету рәсіміне орналастырылатын, тізбелерін Кеден одағының комиссиясы айқындайтын тауарларды шығаруды кеден органы тауарларға декларациялар тіркелген сәттен бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей, ал тауарларға декларациялар кеден органының жұмыс уақытының аяқталуына 4 (төрт) сағаттан аз уақыт қалғанда тіркелген жағдайда осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей аяқтауға тиіс.
      Көрсетілген мерзімдер кедендік бақылау жүргізу уақытын қамтиды.
      2. Осы Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарларды алдын ала кедендік декларациялауды қолданған кезде тауарларды шығаруды кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кеден органына тауарлар ұсынылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде аяқтауға тиіс.
      3. Тауарларды шығару осы Кодекстің 331-бабына сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкін.
      4. Тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы (бастығы) орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылау нысанын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      5.Кеден одағы комиссиясының шешімімен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды шығарудың осы баптың 1-тармағында белгіленген ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленуі мүмкін.».
      102. 197-бапта:
      а) 1-тармақта:
      1-тармақшадағы «фактуралы» деген сөз алып тасталсын;
      3-тармақшадағы «сәтіне» деген сөз «күніне» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақтың 1-тармақшасындағы «сәтінде» деген сөз «күні» деген сөзбен ауыстырылсын.
      103. 200-бап мынадай редакцияда жазылсын:
          «200-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар

       1. Оларға қатысты:
      1. кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша тауарларды пайдалану және (немесе) оларға иелік ету жөніндегі шектеулермен іліктес жеңілдіктер берілген;
      2. пайдалану және (немесе) оларға иелік ету жөніндегі шектеулер осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген құжаттарды тауарларды шығарғаннан кейін ұсынуға байланысты болған;
      3. кеден одағына мүше мемлекет мөлшері Бірыңғай кедендік тарифте белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждары ставкаларын қолданған болса, ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған деп саналады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес мақсаттарда ғана пайдаланылуы мүмкін.
      Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды үшінші тұлғаларға, оның ішінде оларды сату немесе өзгеше тәсілмен иеліктен айыру жолымен беруге тыйым салынады, ал егер көрсетілген тауарларды әкелуге шектеулер осы тауарлардың сапасын және қауіпсіздігін тексеруге байланысты болған жағдайларда оларды кез келген нысанда пайдалануға (тұтынуға) тыйым салынады.
      Осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар кеден органы оларды шығаруды жүзеге асырған кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ғана пайдаланылуы мүмкін.
      3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі болады және кедендік бақылауда болады.
      4. Егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарлар кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылған сәтке дейін шартты түрде шығарылған деп есептеледі.
      5. Шартты түрде шығарылған тауарларға:
      осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылғаннан;
      осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан;
      осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты Бірыңғай кедендік тарифте белгіленген кедендік әкелу баждарының ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомалары мен тауарларды шығарған кезде төленген кедендік әкелу баждарының сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік әкелу баждары төленгеннен кейін кеден одағының тауары мәртебесін иеленеді.
      Халықаралық шарттармен және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен шартты түрде шығарылған тауарлар кеден одағының тауары мәртебесін иеленетін өзге мән-жайлар белгіленуі мүмкін.
      6. Кеден одағының тауары мәртебесін иелену үшін шартты түрде шығарылған тауарлар ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қайтадан орналастыруға жатпайды.
      Осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу не осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
      7. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды шартты түрде шығарылған тауарларға жатқызудың езге жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.».
      104. 201-баптың 1-тармағы «сондай-ақ» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 193-бабының 6-тармағында және» деген сөздермен толықтырылсын.
      105. 202-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Арнайы кедендік рәсім Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған шарттарға сәйкес және тауарлардың санаттарына қатысты кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.».
      106. 213-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
      107. 215-бапта:
      а) 2-тармақтың 3-тармақшасындағы «осы тармақтың 5-тармақшасына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын, «сондай-ақ» деген сөзден кейін «егер бұл осы баптың 5-тармағына сәйкес көзделген болса,» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) 3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:        "Теңіз көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес кеден одағына мүше бір мемлекеттің ғана аумағы арқылы өткізілетін тауарларды тасымалдау кезінде осындай кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен кедендік транзиттің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.».
      108. 218-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Кеден органы кедендік сүйемелдеу туралы шешім қабылдаған жағдайда кеден органы оны осындай шешім қабылданған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.».
      109. 219-баптың 1-тармағындағы «түрлеріне қарай» деген сөздер «түрлерін және (немесе) декларанттың немесе егер тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің декларанты ретінде әрекет етпесе, тасымалдаушының өтінішін негізге ала отырып,» деген сездермен ауыстырылсын.
      110. 222-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «екінші жолында» деген сөздер «екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      111. 232-баптың 4-тармағындағы «тауарларға» деген сөз «тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
      112. 234-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «тасымалдануы» деген сөз «ауыстырылуы» деген сөзбен ауыстырылсын.
      113. 240-баптың 1-тармағы 1-тармақшасының екінші абзацындағы «кедендік мағлұмдама пайдаланылуы мүмкін» деген сөздер «декларант кедендік декларацияны пайдалануға құқылы» деген сездермен ауыстырылсын.
      114. 244-баптың 1-тармағындағы «рұқсат» деген сөз «осы құжат» деген сөздермен ауыстырылсын.
      115. 246-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қалдықтардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.».
      116. 248-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кедендік экспорт рәсіміне сәйкес бұрын әкетілген тауарлардың құрамына кірген ақаулы түрдегі бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды кепілдікті жөндеу үшін әкелген жағдайда, кеден одағының өздерінің сипаты, сапасы мен техникалық сипаттамалары бойынша әкелінген тауарлармен сәйкес келетін тауарлары олардың жөнделген және (немесе) тозған жай-күйін ескерместен, баламалы тауарлар ретінде қаралады.».
      117. 249-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған қайта өңдеу өнімдерін, шетелдік тауарларды, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен тұқылдарды осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне немесе кедендік транзит рәсімін қоспағанда, өзге кедендік рәсімге орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.».
      118. 250-бапта:
      а) 2-тармақтың 2-тармақшасындағы «жағдайлар бар» деген сөздер «жағдайларда» деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) 5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «2 азат жолына» деген сөздер «екінші бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
      119. 253-баптың 1-тармағының 2-тармақшасындағы «256» деген цифрлар «259» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      120. 259-баптың 1-тармағындағы «кепілді» деген сөз алып тасталсын.
      121. 265-баптың 1-тармағындағы «және (немесе) кеден одағының Комиссиясы анықтайды» деген сөздер «айқындалады» деген сөзбен ауыстырылсын.
      122. 269-баптың 1-тармағындағы «рұқсат» деген сөз «осы құжат» деген сөздермен ауыстырылсын.
      123. 271-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қалдықтардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.».
      124. 279-баптың 1-тармағында:
      а) мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Оларды кері экспорттау кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуі шартымен уақытша әкелінген тауарлармен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жай-күйде ұстау үшін қажетті басқа операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.»;
      б) мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Уақытша әкелінген тауарлармен сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексерулер жүргізуге, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізуге не оларды сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексерулер жүргізу, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізу барысында пайдалануға жол беріледі.».
      125. 280-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсаттарына байланысты Кеден одағының комиссиясы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен ұзақтығы неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімді белгілеуі мүмкін.».
      126. 281-баптың 2-тармағындағы «қоймасына ауыстыруына» деген сөздер «кеден қоймасы рәсіміне не Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған өзге кедендік рәсімге» деген сөздермен ауыстырылсын.
      127. 283-баптың 4-тармағының 1 және 2-тармақшаларының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
      128. 284-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе шартты түрде ішінара босату қолданылған тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастыру кезінде мұндай босату қолданылған кезең үшін егер осы сомаларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе шартты түрде ішінара босату қолданылған күннен бастап кейінге қалдыру (мерзімін ұзарту) ұсынылған жағдайда төленуі тиіс кедендік баждар, салықтар сомаларынан кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген процент төленуге тиіс.
      Уақытша әкелінген тауарлардың жекелеген санаттары үшін Кеден одағының комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген процентті төлемейтін жағдайларды айқындауға құқылы.».
      129. 288-бапта:
      а) 2-тармақ «санаттары үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ оларды уақытша әкету кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кері әкелу міндетті болып табылатын тауарлардың жекелеген түрлері үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
      б) 3-тармақтағы «екінші абзацын» деген сөздер «екінші бөлігін» деген сөздермен ауыстырылсын.
      130. 293-баптың 3-тармағында:
      а) «әкелу кедендік баждарын» және «баждардың,» деген сөздер алып тасталсын;
      б) мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Кері импорттау кезінде кедендік әкелу баждарының сомалары тауарларды кедендік аумақтан әкетуге байланысты төленбеген не қайтарылған жағдайда, мұндай баждарды өтеу кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес жүргізіледі.».
      131. 302-бап «адамдарға» деген сөзден кейін «не шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне» деген сөздермен толықтырылсын.
      132. 304-баптың 1-тармағындағы «абаттандыру және жабдықтау» деген сөздер «абаттандыру, жабдықтау» деген сөздермен ауыстырылсын.
      133. 305-баптың 1-тармағындағы «кеден одағының кедендік аумағынан кететін адамдарға» деген сөздер «осы Кодекстің 302-бабында көрсетілген тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      134. 306-баптың 2-тармағының 1-тармақшасындағы «кеден одағының кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға» деген сөздер «осы Кодекстің 302-бабында көрсетілген тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      135. 307-баптың екінші бөлігіндегі «зиянсыз ету немесе» деген сөздер «залалсыздандыру, толық жою немесе өзгеше» деген сөздермен ауыстырылсын.
      136. 331-баптың 2-тармағының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
      137. 332-баптың 1-тармағының 2-тармақшасындағы «әрбір кеден одағына мүше мемлекеттер зияткерлік меншік объектісінен» деген сөздер «кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүргізетін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      138. 335-бапта:
      а) 5-тармақтағы «коммерциялық» деген сөз алып тасталсын;
      б) мемлекеттік тілдегі мәтінінде 5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Құбыржол көлігімен өткізілетін, кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы тауарларды жөнелту мемлекетінің аумағында орналасқан есептеу аспаптарының не шектес мемлекеттің аумағында не осы Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес өзге жерлерде орналасқан есептеу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады.
      Құбыржол көлігімен өткізілетін, кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде осы тауарларды жөнелту мемлекетінің аумағында орналасқан есептеу аспаптарының не шектес мемлекеттің аумағында не осы Кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес өзге жерлерде орналасқан есептеу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады.»;
      в) мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды кедендік декларациялау кезінде оның саны мен сапасын растау үшін солардың негізінде осындай өткізу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шарттарының талаптарымен айқындалған оны контрагенттерге тапсыру орындарында орналасқан есептеу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде жасалған табиғи газды іс жүзінде жеткізу туралы актілер пайдаланылады.».
      139. 337-бапта:
      а) 1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Құбыржол көлігімен өткізілетін табиғи газды есептеу аспаптары кеден одағының кедендік аумағында және (немесе) оның шегінен тыс өлшеуді жүргізу табиғи газды тасымалдау технологиясымен негізделген және (немесе) солардың негізінде осындай өткізу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шарттарының талаптарымен айқындалған орындарда болуы мүмкін.»;
      б) 3-тармақта:
      «желілері бойынша» деген сөздерден кейін «кеден одағының кедендік аумағында орналасқан» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер есептеу аспаптары кеден одағының кедендік шекарасынан тыс жерлерде болса, кеден одағына мүше мемлекеттің халықаралық шартының негізінде кеден органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сәйкестендіру құралдарын салады.».
      140. 339-бапта:
      а) 1-тармақта:
      «коммерциялық» және «екі» деген сөздер алып тасталсын;
      «халықаралық шарттарға және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттер заңнамаларына сәйкес» деген сөздер «тек кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарға ғана және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына ғана сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) «өзге де белгіленген мәліметтерді» деген сөздер «өзге де кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мәліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
      141. 342-баптың 1-тармағының 2-тармақшасындағы «осыған уәкілетті шетелдік тұлға» деген сөздер «қарапайым жазбаша нысандағы сенімхатпен немесе осындай қызметтерді көрсетуге арналған шартпен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге тиісінше уәкілеттік берілген шетелдік тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      142. 344-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «жалпы пайдалану темір жол жылжымалы составының» деген сөздер «тіркемелердің, жартылай тіркемелердің, контейнерлердің және жалпы пайдаланылатын темір жол жылжымалы құрамының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      143. 345-баптың 1-тармағында:
      а) «осы баптың 4-тармағында қарастырылған жағдайы» деген сөздер «осы тармақтың екінші бөлігінде және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Әуе кемесінің кеден одағының тауары болып табылуы және кеден одағына мүше мемлекет тұлғасының халықаралық тасымалдау мақсаты үшін пайдалануы шартымен әуе кемелерін халықаралық тасымалдың көлік құралы ретінде уақытша әкетуге жол беріледі.».
      144. 348-баптың 1-тармағының екінші белігіндегі «осы баптың» деген сөздер «осы Кодекстің 345-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын.
      145. 354-бапта:
      а) 3-тармақтағы «Жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған тауарлар өткенде» деген сөздер «Жеке пайдалануға арналған тауарларды жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған автомобиль көлік құралдарында немесе поезда өткізгенде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) тармақтың үшінші бөлігіндегі «бірінші және екінші абзацтарында» деген сөздер «бірінші және екінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      146. 355-баптың 2-тармағының 5-тармақшасы «валюталық құндылықтар» деген сөздерден кейін «, жол чектері» деген сөздермен толықтырылсын.
      147. 356-баптың 1-тармағының 6-тармақшасындағы «тыйымдар мен» деген сөздер алып тасталсын.
      148. 360-баптың атауындағы «төлемдер мен» деген сөздер «баждардың,» деген сөзбен ауыстырылсын.
      149. 363-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Кеден одағы комиссиясының шешімімен осы тараудың ережелері қолданылатын керек-жарақтардың сандық нормалары айқындалуы мүмкін.
      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген нормалардан асып кететін керек-жарақтар осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатады.».
      150. 366-баптың 3-тармағы «халықаралық шарттары» деген сөздерден кейін «мен Кеден одағы комиссиясының шешімдері» деген сөздермен толықтырылсын.
      151. 372-баптағы «жасалған» деген сөз «қолданылатын» деген сөзбен ауыстырылсын.
      152. 373-бап алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады