Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 977 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.08.12 N 139  Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 320 б.; 2007 ж., № 34, 373 б.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы «құрылымы бекітілсін.» деген сөздер «құрылымы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.»;
      осы Жарлықта қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы ережеде:
      5-тармақта:
      «050012» деген цифрлар «050010» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Желтоқсан көшесі, 114» деген сөздер «Қонаев көшесі, 181» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      «17-1. Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауаптылықта болады.».
      2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 977 Жарлығына қосымша

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2006 жылғы 28 тамыздағы
№ 166 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады