Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 991 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, № 25, 285-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген жауапты хатшының өкілеттіктерінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады