Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 1005 Жарлығы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды  шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығымен Қазақстан Республикасы атынан Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге қол қойсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2010 жылғы 17 маусымдағы
№ 1005 Жарлығымен  
МАҚҰЛДАНҒАН    

Жоба

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға
байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне негізделе отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

I. Жалпы ережелер

1-бап
Жеке тұлғалардың жеке пайдалану
үшін тауарларды өткізу тәртібі

      1. Осы Келісімде жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы (бұдан әрі - кедендік шекара) арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі айқындалады.
      Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекарадан өткізу тәртібі:
      тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін;
      жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып өткізудің құндық, сандық және салмақтық нормаларын;
      жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік төлемдерді төлеуден босату жағдайларын;
      жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды қолдану тәртібін айқындайды.
      2. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуіне байланысты туындайтын осы Келісімде реттелмеген құқықтық қатынастар кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады.
      3. Кеден одағының кеден заңнамасында:
      жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын (ақша) және (немесе) ақша құралдарын кедендік шекара арқылы өткізу тәртібі;
      Ресей Федерациясы Калининград облысының аумағынан әкетілетін және кеден одағының кеден аумағының қалған бөлігіне, оның ішінде кеден одағының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы әкелінетін, сондай-ақ кеден одағының қалған бөлігінен әкетілетін және Ресей Федерациясының Калининград облысының аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктері айқындалады.

2-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) авто-, мотокөлік құралдары:
      Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) 8703 тауарлық позициясында жіктелетін, осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілгендерді қоспағанда, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (бұдан әрі - көлік құралдары);
      ортақ пайдаланылатын жолдар бойынша қозғалысқа арналмаған КО СЭҚ ТН 8703 тауарлық позициясында жіктелетін квадроциклдер, қарда жүретін техникалар және өзге де жеңіл көлік құралдары;
      КО СЭҚ ТН 8711 тауарлық позициясында жіктелетін мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер;
      КО СЭҚ ТН 8702 тауарлық позициясында жіктелетін жүргізушіні қоса алғанда, 12-ден аспайтын адамды тасымалдауға арналған моторлық көлік құралдары, КО СЭҚ ТН 8704 21 және 870431 тауарлық позициясында жіктелетін толық массасы 5 тоннаға дейінгі жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;
      2) жеке тұлғаның кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келу (қоныс аудару) күні - осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алуды не кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келуші (қоныс аударушы) деп тануды растайтын құжаттарды беру күні;
      3) теңіз өнімдері - КО СЭҚ ТН 0306 21 000 0 тауарлық қосымшасында жіктелетін, қысқышсыз шаяндарды, КО СЭҚ ТН 0306 22 тауарлық позициясында жіктелетін омарларды, КО СЭҚ ТН 0306 23 тауарлық позициясында жіктелетін ас шаяндарды қоспағанда, КО СЭҚ ТН 0306 тауарлық позицияға жіктелетін шаян тектестер;
      4) жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарлар - салмағы 35 килограмнан жоғары, тауардың бір бірлігінен немесе бір жиынтығынан тұратын, оның ішінде тауардың жиналған, жиынтықталған немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеті бар деген шартпен, бөлшектелген, жиналмаған, жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауар. Жиынтықталым дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші тауардың заттаңбаларында, бұйымдарының паспорттарында, кепілдік талондарында, орам қағаздарында, өзге де құжаттарда ұсынған мәліметтер негізінде, сондай-ақ осындай тауардың немесе жиынтықтың функционалдық мақсатына сай келетін олардың жалпыға бірдей (дәстүрлі) қолданылуын негізге ала отырып айқындалады;
      5) қос дәліз жүйесі - жеке тұлғаларға кедендік шекара арқылы өту кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік операциялар жасауға арналған қос дәліздің - «жасылдың» және «қызылдың» арасын таңдау жолымен жазбаша нысанда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кедендік бақылаудың оңайлатылған жүйесі;
      6) бірыңғай ставка бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар - кедендік баждарды, салықтарды құрамдас бөліктерді бөлмей, жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты есептелген кедендік баждардың, салықтардың жалпы сомасы;
      7) тұтынуда болған тауарлар - киюдің, жуудың, пайдаланудың көзге көрінетін белгілері бар тауарлар;
      8) отбасы мүшелер - тіркелген некеде тұрған жұбайлар, ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, туған ағалар мен апалар, аталар, әжелер, немерелер және асыраудағы еңбекке жарамсыз адамдар.
      2. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де терминдер кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мағыналарда қолданылады.

3-бап
Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды жеке
пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері

      1. Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы:
      осы Келісімде белгіленген жағдайларда жеке тұлғаның өткізілетін тауарлары туралы өтінішін (жолаушының кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша немесе ауызша түрде);
      тауарлардың сипаты мен санын;
      жеке тұлғаның кедендік шекара арқылы өту және (немесе) олардың тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүзеге асырады.
      2. Осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар осы баптың 1-тармағында көрсетілген критерийлерге қарамастан, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмаған тауарларға осы Келісімнің ережелері қолданылмайды.
      4. Егер жеке пайдалануға арналған тауарлардың түрі ретінде оларды кәсіпкерлік қызметте пайдалану мақсатында әкелінген тауарлар мәлімделсе және шығарылған болса, онда мұндай тауарлар кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізілген деп есептеледі және мұндай тауарларға олар шығарылғаннан кейін Кеден одағы кеден кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 49-тарауында белгіленген ерекшеліктер есепке алынбай осы Кодекстің нормалары және осы Келісімнің ережелері қолданылады.

4-бап
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты тыйымдар
мен шектеулерді қолдану

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде және (немесе) осы аумақтан әкету кезінде осы Келісімге 2-қосымшада көрсетілген тыйымдар мен шектеулер қолданылады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында, Кеден одағы комиссиясының шешімдерінде және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты өзге де тыйымдар мен шектеулер белгіленуі мүмкін.
      2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, әкелуге және (немесе) әкетуге шектеу салынған жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізуге кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары беретін шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарды кеден органына ұсынғанда жол беріледі.
      3. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмайды.
      4. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес фитосанитарлық, ветеринарлық және басқа да мемлекеттік бақылау түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару бақылаудың тиісті түрлері жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

5-бап
Кедендік бақылауда тұрған жеке пайдалануға арналған тауарлар

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және кедендік декларациялауға (бұдан әрі - декларациялау) жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар Кодекске және осы Келісімге сәйкес кедендік шекарадан өткізілген сәттен бастап және:
      1) пайдалану және иелік ету бойынша шектеусіз кеден одағының кедендік аумағында айналысқа жіберу мақсатында оларды шығаруға дейін (бұдан әрі - еркін айналыс);
      2) жеке пайдалану үшін шығару кеден одағының кеден аумағында оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалануға байланысты белгіленген жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулер болған кезде жүзеге асырылған тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлегенге дейін;
      3) Кодекске сәйкес тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырғанға дейін немесе жойғанға дейін;
      4) кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкеткенге дейін;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің меншігіне айналдырғанға дейін;
      6) авария салдарынан немесе еңсерілмес күштің әрекеті салдарынан немесе тасымалдаудың (көлікпен тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи шығып қалуы нәтижесінде жойылғанға (өтеусіз жоғалтылғанға) дейін кедендік бақылауда болады.
      2. Кодекске және осы Келісімге сәйкес кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар жолаушылардың кеден декларациясы тіркелгеннен бастап олар кедендік шекарадан өткізілгенге дейін кедендік бақылауда болады.
      Осы Келісімге сәйкес кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттерді жасаудан бастап олар кедендік шекарадан өткізілгенге дейін кедендік бақылауда болады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар:
      кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің меншігіне айналдыру;
      авария салдарынан немесе еңсерілмес күштің әрекеті салдарынан немесе тасымалдаудың (көлікпен тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи шығып қалуы нәтижесінде жою (өтеусіз жоғалту) жағдайларында олар кедендік шекарадан өткізілгенге дейін кедендік бақылауға жатпайтын тауар мәртебесін алады.
      4. Осы Келісімге сәйкес декларациялау жүргізілмейтін жеке пайдалануға арналған тауарлар, егер кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кедендік бақылаудан босатылмайды.

6-бап
Жеке пайдалануға арналған тауарларды қос дәліз жүйесін
қолдана отырып өткізу

      1. Кеден одағының кедендік аумағына келу немесе осы аумақтан кету орындарында (бұдан әрі - келу немесе кету орындары) қос дәліз жүйесі қолданылуы мүмкін.
      «Жасыл» дәліз келу немесе кету орындарында арнайы белгіленген жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы алып жүретін багажда кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды, бір мерзімде мұндай тұлғаның алып жүретін багажы болмаған жағдайда өткізуге арналған орын болып табылады.
      «Қызыл» дәліз келу немесе кету орындарында арнайы белгіленген жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы алып жүретін багажда кедендік декларациялауға жататын, сондай-ақ жеке тұлғаның қалауы бойынша декларациялау жүзеге асырылатын тауарларды өткізуіне арналған орын болып табылады.
      2. Қос дәліз жүйесі қолданылатын келу немесе кету орындарының тізбесін, сондай-ақ мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін кеден одағына мүше мемлекеттің орталық кеден органы, атап айтқанда, Беларусь тарапынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Ресей тарапынан - Федералдық кеден қызметінің кеден органы айқындайды.
      3. Қос дәліз жүйесі келу немесе кету орындарында ұйымдастырылған ресми тұлғалар мен делегациялар залында қолданылмауы мүмкін.
      4. Кедендік бақылаудың жекелеген нормаларын «жасыл» дәлізде қолданбау жеке тұлғаларды кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) кеден одағына мүше мемлекет заңнамасының талаптарын сақтау міндетінен босатады дегенді білдіреді.
      5. Келу немесе кету орындарында қалыптасқан жедел жағдай ескеріле отырып, еpeкшe жағдайларда кеден органының шешімі бойынша «жасыл» дәліз кедендік шекара арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін жеке тұлғаны тексеру үшін уақытша жабық болуы мүмкін.

II. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жасалатын
кедендік операциялар

7-бап
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік
операциялар жасау

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар келу немесе кету орындарында немесе аумағында мұндай тауарлардың декларанты ретінде түсуге құқығы бар жеке тұлға тұрақты (немесе уақытша) тұратын кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органындағы өту тәсілдеріне қарай жасалады.
      2. Келу немесе кету орындарында, сондай-ақ аумағында мұндай тауарлардың декларанты ретінде түсуге құқығы бар жеке тұлға тұрақты (немесе уақытша) тұратын кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органында жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Келісімде белгіленген тәртіппен кедендік рәсімдерге орналастырусыз кедендік декларацияның кедендік рәсімін қоспағанда жеке пайдалану үшін декларациялауға, шығаруға байланысты кедендік операциялар жасалуы мүмкін.
      3. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін тұлғаның қалауы бойынша мұндай тауарларға қатысты:
      оларды уақытша сақтауға орналастыруға;
      Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға;
      егер олар келу орнын тастап кетпесе, кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге байланысты кедендік операциялар жасалуы мүмкін.
      4. Келу орындарына алып жүретін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар осы Келісімнің 9-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылуы мүмкін.
      5. Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде кеден одағының кеден заңнамасын сақтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, кеден органдары осы тұлғаларға көлік құралдарынан шықпай кедендік операцияларды жасауға мүмкіндік береді.
      6. Жеке тұлғалар осы бапта көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасамаған жағдайда немесе оларды шығару мүмкін болмаған жағдайда Кодекстің 21-тарауына сәйкес тауарлар ұстауға жатады.
      7. Жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібі және мұндай тауаларды кедендік бақылаудағы емес деп тану фактісін көрсету Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша айқындалады.
      8) Кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік бақылау Кодекске сәйкес жүргізіледі.
      9) Кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген (қоныс аударушы) жеке тұлғаның, босқынның, мәжбүрлі қоныс аударушының жеке пайдалануға арналған тауарларына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      10. Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері кеден одағының кеден заңнамасында айқындалады.

8-бап
Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялауды жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы жүруі кезінде кеден органына тауарларды көрсете отырып, бір мезгілде жүзеге асырады.
      Халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін және кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылмайтын тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау жолаушы кедендік декларациясын қолдана отырып, жазбаша нысанда жүргізіледі.
      Жолаушы кедендік декларациясының нысаны, оны толтыру, беру және тіркеу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      Жеке тұлға өз қалауы бойынша жолаушы кедендік декларациясын қолдана отырып, кедендік декларациялауға жатпайтын жеке пайдалануға арналған тауарларға жазбаша нысанда кедендік декларациялау жүргізуге құқылы.
      2. Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға:
      1) алып жүрмейтін багажда өткізілетін немесе тасымалдаушы жеке тұлғаның мекенжайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      2) тарифтік емес және техникалық реттеу шараларынан басқа, оларға қатысты тыйымдар мен шектеулер қолданылатын кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      3) кез келген тәсілмен өткізілетін, оның ішінде құны және (немесе) саны мұндай тауарларды кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып өткізудің нормаларынан асатын уақытша әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      4) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында тіркелген кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және мұндай аумаққа қайта әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;
      5) кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда жеке тұлғалардың кеден шекарасы арқылы өткізетін қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары;
      6) мәдени құндылықтар;
      7) егер оларды өткізетін жеке тұлғаның алып жүретін багажы болса, алып жүретін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар;
      8) осы Келісімге 3-қосымшаның I бөлімінің 3-10 тармақтарында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлар жатады.
      3. Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялауды декларант немесе декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша кеден өкілі жүргізеді.
      Он алты жасқа толмаған жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын декларациялауды оны алып жүретін тұлға (ата-анасының бірі, осы тұлғаны асырап алушы, қамқорлыққа алушы немесе қамқоршы, оны алып жүретін өзге де тұлға не алып жүретін тұлғалар болмаған кезде тасымалдаушының өкілі, ал ата-аналарының, асырап алушылардың, қамқорлыққа алушылардың немесе қамқоршылардың алып жүруінсіз кәмілет жасқа толмаған тұлғалар тобының ұйымдасып шығуы (кіруі) кезінде - топ жетекшісі не тасымалдаушының өкілі) жүргізеді.
      Кеден одағына мүше мемлекетті жеке тұлғасы немесе:
      кедендік шекарадан өту сәтінде алып жүретін багажға салынған жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты пайдалану және (немесе) билік ету құқығы бар;
      жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде алып жүретін багажға салынған көлік құралдарын оларды кедендік шекара арқылы іс жүзінде өткізу үшін тасымалдаушыға берген (беретін);
      халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың жөнелтуші болатын;
      өз атына тасымалдаушы жеткізетін тауар ретінде жеке пайдаланатын тауарлар, соның ішінде көлік құралдары немесе кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге жіберілетін осындай тауарлар түскен;
      өзіне иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығы тиесілі кеден шекарасы арқылы өтетін жеке пайдалануға арналған көлік құралында жүрген;
      сот шешімімен немесе мұрагерлік құқығы бойынша кеден одағының кеден аумағында кедендік бақылауға жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын иеленген;
      кеден одағының кеден аумағында кедендік бақылауға жеке пайдалануға арналған көлік құралын иелену, пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын иеленген;
      осы Келісімге 3-қосымшада көзделген жағдайларда кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу құқығын иеленген немесе шетелдік жеке тұлға декларант бола алады.
      4. Өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде декларант жазбаша нысанда:
      1) кеден органына негізге алып кедендік декларация толтырылған, соның ішінде кедендік төлемдердің төленгенін немесе кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді растайтын құжаттарды тапсыруға;
      2) кеден органының лауазымды тұлғасының талабы бойынша декларацияланатын тауарларды көрсетуге;
      3) Кодексте және (немесе) осы Келісімде белгіленген жағдайларда тиісті кедендік төлемдерді төлеуге немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуге;
      4) кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
      5. Қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде кедендік декларациялауды қайтыс болғанның денесі (сүйектері) салынған табытты немесе мәйіті (күлі) салынған сауыттарды алып жүретін тұлға осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, еркін нысанда өтініш беру жолымен жүзеге асырады.
      Қайтыс болғандардың денесі (сүйектері) салынған табыттарды және мәйіті (күлі) салынған сауыттарды кеден одағының кедендік шекарасынан әкету кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттердің азаматтық хал актілерін тіркеу үшін белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерінің жазба бөлімдері беретін өлгені туралы куәлік не өлгені туралы медициналық куәлік ие көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) қайта көмген жағдайда, эксгумация мүмкіндігі туралы жергілікті мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының еркін нысандағы қорытындысы;
      3) бөгде салымдардың жоқ екендігін көрсете отырып, қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелтілетін жағдайда, қайтыс болғанның заттары мен құндылықтарының тізімдемесі қоса беріле отырып, мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы);
      Қайтыс болғандардың мәйіті (күлі) салынған сауыттарды және денелері (сүйектері) салынған табыттарды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) жөнелтуші елдің уәкілетті мекемесі берген өлгені туралы куәлік не өлгені туралы медициналық куәлік немесе осы құжаттардың көшірмелері;
      2) бөгде салымдардың жоқ екендігін көрсете отырып, оларды қайтыс болғанның денесімен (сүйектерімен) бірге жөнелтілетін жағдайда, қайтыс болғанның заттары мен құндылықтарының тізімдемесі қоса беріле отырып, мырыш табыттарды дәнекерлеу бойынша жерлеу қызметін көрсетуді жүзеге асыратын ұйымның еркін нысандағы актісі (анықтамасы).

9-бап Жеке пайдаланылатын тауарларды кедендік транзиттің
кедендік рәсіміне орналастыру

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімінде алып жүретін болғанда
өткізілетін жеке пайдалануға арналған мынадай тауарлар орналастырылуы
мүмкін:
      кеден одағының кеден аумағында және шет мемлекеттің аумағында тіркелмеген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары;
      келген орнынан қызметінің өңірінде жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден органына дейін өткен кезде осы Келісімге 3-қосымшаның I бөлімінің 3-10-тармақтарына сәйкес кедендік төлемдерден босатылатын жеке пайдалануға арналған тауарлар.
      Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру тәртібі мен шарттары кеден одағының кеден заңнамасында және осы Келісімде айқындалады.
      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырған кезде жеке тұлға кеден органына транзиттік декларация ұсынады және осы Келісімде өзгеше белгіленбесе кедендік баждар, салықтар төлеуді қамтамасыз етуді енгізеді.
      3. Жеке пайдаланатын тауарларды тасымалдаған кезде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес декларант ретінде қатысатын жеке тұлға кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес тасымалдаушы сияқты міндеттерді атқарады.

10-бап
Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруға байланысты кедендік операциялар мыналарға қатысты жасалады:
      алып жүретін багажда жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (көлік құралдарын қоспағанда) - келу немесе кету орындарында немесе қызмет өңірінде жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден органында;
      алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар алып өтетін немесе тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде жеке пайдалануға арналған тауарларға (көлік құралдарын қоспағанда) - халықаралық теңіз (өзен) порттары, әуежайлар немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес оған теңестірілгендер болып табылатын келу немесе кету орындарында немесе жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағындағы тағайындау кеден органында (жеткізілетін жерде) немесе жіберу кеден органында;
      шет мемлекеттің аумағында тіркелген, жеке тұлғалар жүріп алып өтетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары - келу немесе кету орындарында не қызмет өңірінде жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден органында;
      шет мемлекеттің аумағында тіркелген, алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар немесе тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде алып өтетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары - халықаралық теңіз (өзен) порттары, әуежайлар немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес оған теңестірілгендер болып табылатын келу және кету орындарында не тағайындау кеден органында (жеткізілетін жерде) немесе жіберу кеден органында;
      шет мемлекеттің аумағында және кеден одағының кеден аумағында тіркелмеген, жеке тұлғалар алып жүретін өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары - жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын мүше мемлекеттің аумағына келу орындарында не қызмет өңірінде жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден органдарында немесе кету орындарында;
      шет мемлекеттің аумағында және кеден одағының кеден аумағында тіркелмеген, жеке тұлғалар алып жүрмейтін багажда немесе тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде алып өтетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары - халықаралық теңіз (өзен) порттары, әуежайлар немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оған теңестірілгендер болып табылатын келу және кету орындарында не жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағындағы тағайындау кеден органында (жеткізілетін жерде) немесе жіберу кеден органында;
      осы Келісімге 3-қосымшаның I бөлімінің 3-10-тармақтарында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік төлемдерді төлеуден босатылатын алып жүретін багажда алып етілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (көлік құралдарын қоспағанда):
      1) қызмет өңірінде тауарларды алып өтетін жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден органында;
      2) келу немесе кету орындарда - кеден одағына мүше бір мемлекеттің кеден органы кеден одағына мүше басқа мемлекеттің кеден органына жеке тұлғаның кедендік төлемдерді төлеуден босату шарттарын орындағаны туралы растау шартымен.
      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды немесе шығарудан бас тарту мынадай мерзімде жүзеге асырылады:
      көрсетілген тауарларды шығару келу немесе кету орындарында кеден органынан тәуелсіз себептермен мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, алып жүретін багажда сүйемелденетін жүктегі жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өту кезінде кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін дереу;
      қызмет өңірінде жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын кеден органында немесе осы Келісімнің ережелеріне сәйкес өзге кеден органында жолаушылар кедендік декларациясы тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей.
      Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару мерзімін ұзарту Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

11-бап
Жеке пайдалануға арналған тауарларды оларды
шығарылғаннан кейін пайдалану жөніндегі шектеулер

      1. Осы Келісімге 3-қосымшаның V бөлімінің 22 және 23-тармақтарында көрсетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары оларды әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғалар кеден одағының кеден аумағында пайдалана алады.
      2. Жеке пайдалануға арналған осындай көлік құралдарын пайдалану және (немесе) иелену құқығын өзге тұлғаларға беруге мынадай жағдайларда ғана:
      егер кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзге бірыңғай ставкалар белгіленбесе, оларды кедендік декларацияланған және жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару үшін осы Келісімге 5-қосымшаның IV бөлімінің 10-12-тармақтарында көзделген ставкалар бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу кезінде;
      егер декларант шығаруды жүзеге асырған жеке тұлғаның қайтыс болуына, қатты ауруына немесе объективті себептерге байланысты мұндай шығаруды жүзеге асырмаса, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органының рұқсатымен көлік құралдарын көрсетілген аумақтан тысқары шығару үшін жол беріледі.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген көлік құралдары уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін қайта шығару немесе Кодексте белгіленген кедендік рәсімдерге орналастыру үшін еркін айналымға шығару мақсатында кеден органында кедендік декларациялауға жатады.
      Егер көрсетілген көлік құралдарына қатысты осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттемелердің уақыты келген болса осындай көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін жеке тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген көлік құралдарын декларациялау міндетінен босатылады және кеден органына осындай міндеттемелердің туындауын дәлелдеу ұсынылады.

III. Кедендік төлемдер

12-бап
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты
кедендік төлемдерді төлеу

      1. Кедендік шекара арқылы өткізілетін, осы Келісімнің 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік төлемдер төленбейді.
      2. Осы Келісімнің 5-қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдер, салықтар кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге халықаралық шартында осы мемлекеттерге кеден баждарының, салықтарының өзге бірыңғай ставкасын белгілеу құқығы берілген жағдайларды қоспағанда, осы қосымшада көзделген мөлшерлерде төленеді.
      3. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін шығару сәті және авто-, мотокөлік құралдары қозғалтқышының көлемі осы Келісімге 6-қосымшада белгіленген тәртіппен айқындалады.

13-бап
Көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған
тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу
жөніндегі міндеттеменің туындауы, тоқтатылуы

      1. Осы Келісімге сәйкес есептелген, жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жататын, алып жүретін және алып жүрмейтін багажда, кедендік шекара арқылы, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу міндеттемесі декларантта кеден органы жолаушылар кедендік декларациясын тіркеу кезінде туындайды;
      2. Осы Келісімге сәйкес есептелген, жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жататын, алып жүретін және алып жүрмейтін багажда кеден шекарасы арқылы сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін тауарлар ретінде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеу міндеттемесі декларантта:
      1) кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу міндеттемесіне қатысты кеден органы жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан бас тартқан кезде;
      2) жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару үшін осы Келісімде белгіленген ставкалар бойынша есептелген кедендік баждарды, салықтарды толық көлемде төлеген немесе өндіріп алған кезде;
      3) жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес меншігіне айналдыру кезінде;
      4) жеке пайдалануға арналған тауарларды белгіленген тәртіппен жоюдың немесе мемлекет пайдасы үшін бас тартудың кедендік рәсімдеріне орналастырған кезде;
      5) авария салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әрекеті салдарынан немесе тасымалдаудың (көлікпен тасымалдау) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи істен шығып қалуы нәтижесінде тауарлар жойылған (өтеусіз жоғалтылған) кезде;
      6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды өндіріп алу, соның ішінде жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны есебінен өндіріп алған кезде;
      7) осы Келісімге сәйкес кедендік төлемдерді төлеуден босата отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығарған кезде;
      8) егер кеден баждарының, салықтардың төленбеген сомасының мөлшері аумағында кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындау сәтіне қолданылатын кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындаған аумағында кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта курсы бойынша екі евро барабар сомадан аспаса;
      9) кедендік баждарды, салықтарды осы сомаларды өндіріп алуды жүзеге асырған кеден органы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде өндіріп алуға үмітсіз деп табу және есептен шығару кезінде;
      10) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес декларанттың өлуіне немесе оны қайтыс болды деп жариялауға байланысты тоқтатылады.
      3. Кедендік баждар, салықтар жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылғанға дейін телеуге жатады.
      4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар осы Келісімге 5-қосымшаның І-ІІІ бөлімдерінде белгіленген ставкалар бойынша есептеледі.
      5. Алып жүретін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кеден органдары жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар сомаларын жеке шоттарға есептегенге дейін жүзеге асырады.
      6. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді төлеу кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ақша қаражатын (ақшаны) қолма-қол емес тәртіппен немесе қолма-қол беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

14-бап
Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік
баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеменің
туындауы, тоқтатылуы

      1. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік төлемдерді төлеу міндеттемесі:
      1) декларантта - кеден органы еркін айналымға шығару үшін берілген жолаушылар кеден декларациясын тіркеген сәттен бастап туындайды;
      2) декларантта осы Келісімнің 13-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      2. Кедендік әкелу баждары, салықтар жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын еркін айналымға шығарылғанға дейін төлеуге жатады.
      3. Кедендік әкелу баждары, салықтар осы Келісімге 5-қосымшаның IV бөлімінде белгіленген ставкалар бойынша есептеледі.
      4. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу міндеттемесі:
      декларантта - кеден органы уақытша болу мақсатында шығару үшін тапсырылған жолаушылар кедендік декларациясын тіркеген сәттен;
      осы Келісімнің 11-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен шығаруды жүзеге асыру үшін көлік құралы берілген тұлғада - кеден органы осындай беруге рұқсат берген күннен бастап туындайды.
      5. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу міндеттемесі:
      1) декларантта:
      кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелінген және уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі туындаған жағдайларды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткенге дейін әкетілген көлік құралдарын әкеткен сәттен бастап;
      егер декларант тұлғаға осы Келісімнің 11-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен шығаруды жүзеге асыру үшін көлік құралын берсе - осындай рұқсатты бергенге дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы осындай беруге рұқсат берген күннен бастап;
      2) осы Келісімнің 11-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен шығаруды жүзеге асыру үшін көлік құралы берілген тұлғада - кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелінген және уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспағанда, кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткенге дейін әкетілген көлік құралдарын әкеткен сәттен бастап;
      3) осы тармақта көрсетілген тұлғаларда - осы Келісімнің 13-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      6. Уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі деп:
      1) уақытша әкелінген көлік құралдарын басқа тұлғаларға кеден органының рұқсатынсыз берген кезде - берген күні, ал осы күн белгіленбеген болса, уақытша болу мақсатымен жеке пайдалануға шығару үшін берілген кеден органының жолаушы кедендік декларациясын тіркеген күні;
      2) уақытша әкелінген көлік құралдары, оларды кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі кезеңінде авариялардың немесе еңсерілмес күш салдарынан не тасымалдаудың (көлікпен тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде жойылуын (өтеусіз жоғалту) қоспағанда, жоғалған кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал осы күн белгіленбеген болса - уақытша болу мақсатымен жеке пайдалануға шығару үшін берілген кеден органының жолаушы кедендік декларациясын тіркеген күні;
      3) кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары кеден органы белгілеген мерзім аяқталғанға дейін әкетілмеген кезде - оларды уақытша әкелу мерзімінің аяқталған күні саналады.
      7. Осы баптың 6-тармағында белгіленген жағдайларда кедендік әкелу баждары, салықтар көлік құралдарын жеке пайдалану үшін еркін айналымға шығарған кезде төленуге тиіс болатын, көлік құралдары кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу мақсатында жеке пайдалану үшін шығарылған жолаушы кедендік декларациясын кеден органы тіркеген күні есептелген кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төлеуге жатады.
      8. Кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі аяқталғанға дейін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары еркін айналымға шығару үшін мәлімделуі мүмкін.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда кедендік баждар, салықтар көлік құралдарын жеке пайдалану үшін еркін айналымға шығарған кезде төленуге тиіс болатын, көлік құралдары кеден одағының кедендік аумағында уақытша болу мақсатында жеке пайдалану үшін шығарылған жолаушы кедендік декларациясын кеден органы тіркеген күні есептелген кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.
      Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары еркін айналымға кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткеннен кейін шығарылған жағдайда осындай шығаруды кеден органы осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген кедендік бажды, салықтарды төлегеннен (өндіріп алғаннан) кейін жүзеге асырады.
      Жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралына қатысты кедендік баждар, салықтар төленген жағдайда осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес оларды кедендік бақылауда емес деп тану үшін кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептеледі.
      Кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткенге дейін еркін айналымға мәлімделген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты төленуге тиіс кедендік баждар, салықтардың жалпы сомасы, егер осындай көлік құралы осы Келісімнің 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес кедендік бақылауда емес деп танылған жағдайда, осы баптың екінші бөлігіне сәйкес төленуге тиіс болатын кедендік баждар мен салықтардың сомасынан аспауы тиіс.
      Кеден органы белгілеген уақытша әкелу мерзімі өткенге дейін еркін айналымға мәлімделетін жеке пайдалануға үшін көлік құралына қатысты төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың жалпы сомасы осы баптың екінші бөлігіне сәйкес төленуге тиіс кедендік баждар мен салықтарының сомасынан аспауы тиіс.
      9. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу қолма қол ақшасыз тәртіппен немесе кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қолма қол ақша қаражатымен (ақшамен) жүзеге асырылуы мүмкін.

15-бап
Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке
пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік
баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің
туындауы, тоқтатылуы

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген сәттен бастап туындайды.
      2. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай жағдайларда:
      1) осы рәсімнің қолданысы кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, Кодекстің 225-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) осы Келісімнің 13-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Шетелдік тауарларды кеден органы белгілеген жеткізу орнына жеткізілмеген жағдайда мыналар кедендік әкелу баждарының, салықтардың мерзімі болып саналды:
      1) егер шетелдік тауарларды жеткізбеу тасымалдаушының тауарларды алушыға немесе өзге тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз беру себебінен болса - осындай беру күні, ал күні белгіленбеген болса кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні;
      2) егер жеке пайдалануға арналған тауарлар жеткізбеу авариялардың немесе еңсерілмес күш салдарынан не тасымалдаудың (көлікпен тасымалдау) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезінде табиғи шығып қалу нәтижесінде жойылуын (өтеусіз жоғалуын) қоспағанда, тауарлардың жоғалу себебінен болса - осындай жоғалған күні, ал осы күн белгіленбеген болса - кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні;
      3) егер жеке пайдалануға арналған тауарларды жеткізбеу өзге де себептерден болса - кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні.
      4. Әкелу кеден баждары, салықтары осы Келісімге сәйкес кеден органының транзит декларациясын тіркеу күніне есептелген тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарлар еркін айналымға шығарылған кезде төлеуге болатын кедендік баждар мен салықтардың тиісті сомалары мөлшерінде төлеуге жатады.
      5. Кеден әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатылған кезде осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған кедендік әкелу баждар, салықтар Кодексте бекітілген тәртіппен қайтаруға (есепке алуға) жатады.

16-бап
Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету

      1. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету кеден органына:
      егер осы Келісімде өзгеше айқындалмаса, жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ кеден одағының кеден аумағында және шетел мемлекетінің аумағында тіркелмеген көлік құралдарын кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырған;
      кеден одағына мүше мемлекеттер заңды тұлғаларының шет мемлекеттің аумағында тіркелген көлік құралдарын кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелген кезде;
      кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда беріледі.
      2. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу мынадай мөлшерде Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етіледі:
      1) автомобильдерге қатысты, - егер кеден одағының кеден заңнамасына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзге мөлшерлер белгіленбесе, автомобильдерді еркін айналымға шығарған кезде төленуге тиіс кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес мөлшерде;
      2) жеке пайдалануға арналған тауарларға, оның ішінде автомобильдерді қоспағанда, көлік құралдарына қатысты, - тауарларды еркін айналымға шығарған кезде төленуге тиіс болатын кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес мөлшерде.
      3. Кодексте белгіленген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету берілмейді.
      4. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету ұсынылған кеден органы, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәртібі Кодекске сәйкес айқындалады.
      5. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу ақша қаражатымен (ақшамен) қамтамасыз етілген жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету қолма-қол ақшасыз тәртіппен немесе кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қолма қол ақша қаражатымен (ақшамен) ұсынылуы мүмкін.

17-бап
Өтпелі ережелер

      1. Кедендік баждар, салықтар осы Келісімге 5-қосымшада белгіленгеннен ерекшеленетін ставкалар бойынша төленген үшінші елдерден 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген автомобильдер:
      кедендік баждардың, салықтардың төленген сомалары мен осы Келісімнің 5-қосымшасында көрсетілген ставкалар бойынша төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік баждарды, салықтарды төлегенге дейін немесе 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Ресей Федерациясында шетел тауарлары болып танылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы кедендік баждары Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалар бойынша төленген 2010 жылғы 1 қаңтарға кейін әкелінген автомобильдерге таралмайды.
      2. Ресей Федерациясының аумағына әкелінетін, Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2010 жылғы 1 қаңтарға кейін әкелінген автомобильдерге қатысты кедендік баждардың, салықтардың төленген сомалары мен осы Келісімге 5-қосымшада көрсетілген ставкалар бойынша төленуге жатқызылатын кедендік баждардың, салықтардың сомалары арасындағы айырма Ресей Федерациясының аумағына әкелгенге дейін тиісінше Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының бюджетіне төленуі мүмкін.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдерге қатысты оларды Ресей Федерациясының аумағына әкелген кезде кедендік бақылау жүргізіледі, ал кедендік төлемдерді төлеу қажет болған кезде - осы баптың 3-5-тармақтарын ескере отырып Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік операциялар жасалады.
      4. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдерге қатысты кедендік баждар, салықтар Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының бюджетіне осы баптың 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген мөлшерде Ресей Федерациясының аумағына әкелінгенге дейін төленбеген жағдайда, осындай кедендік баждар, салықтар Ресей Федерациясының федералдық бюджетіне олардың қызмет өңірінде өткізу пункттері және (немесе) Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасының ресей-қазақстан немесе ресей-беларусь қиылысу учаскелерінің орындары орналасқан Ресей Федерациясының кеден органына кедендік декларациялау кезінде төленеді.
      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген автомобильдер Ресей Федерациясының аумағына Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын тұлғалармен ғана кедендік баждарды, салықтарды төлемей және кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді енгізбей уақытша әкелінуі мүмкін. Осындай автомобильдерді Ресей Федерациясының аумағына өзге тұлғалардың әкелуіне және пайдалануына, сондай-ақ оларды иеліктен шығаруға, пайдалануға беруге, Ресей Федерациясының аумағында билік етуге олар Ресей Федерациясының кеден органдарында кедендік декларацияланған және осы баптың 1-тармағына сәйкес кедендік баждар, салықтар төленген жағдайда ғана жол беріледі.
      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдерді пайдаланудың және (немесе) билік етудің қосымша шарттары, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында оларды кеден одағының тауарлары мәртебесін алғанға дейін тіркеу, сондай-ақ осындай пайдалану және (немесе) билік ету тәртібі, оларды тіркеуді жүзеге асыру Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес айқындалады.
      7. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден органдары Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін еркін айналымға шығарылған автомобильдер және осындай автомобильдерге қатысты кедендік баждардың, салықтардың төленген сомаларының мөлшері туралы ақпарат алмасады.
      8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдерді қоспағанда, жеке пайдалану үшін жеке тұлғалар кеден одағына мүше елдердің аумағына Кодекс күшіне енгенге дейін әкелген тауарлар Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден одағының тауарлары болып саналады.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген автомобильдер кедендік баждардың, салықтардың төленген сомасы мен осы Келісімге 5-қосымшада көрсетілген ставкалар бойынша төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары мөлшерінде сомалары айырмасы кедендік баждарын салықтардың Ресей Федерациясының федералдық бюджетіне төлену фактісіне қарамастан, 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін Ресей Федерациясында кеден одағының тауарлары болып танылады.

18-бап
Қосымшалардың мәртебесі және өзгерістер енгізу тәртібі

      Осы Келісімге қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге және қосымшаларға жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      Орталық кеден органы өзгерген жағдайда, Тарап дипломатиялық арналар арқылы депозитарийге Тараптың орталық кеден органының атауы және деректемелері туралы хабарлама жібереді.
      Депозитарий хабарлама күнінен бастап 2 апта ішінде Тараптарды болған өзгерістер туралы хабардар етеді.

19-бап
Дауларды реттеу

      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) пайдалануға байланысты Тараптар арасындағы даулар, бірінші кезекте, келіссөздер мен консультациялар жүргізу жолымен шешіледі.
      Егер дауды Тараптар даудың бір Тарапынан даудың басқа Тарапына жіберілген оларды жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш түскен күннен бастап алты ай ішінде консультациялар мен келіссөздер жолымен реттемесе онда Тараптардың кез келгені осы дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарау үшін бере алады.
      Кеден одағының комиссиясы Тараптарға оны қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына бергенге дейін дауды реттеуге жәрдем көрсетеді.

20-бап
Келісімнің күшіне ену тәртібі

      Осы Келісім ратификациялауға жатады және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі күшіне енген күннен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Келісім депозитарий Тараптар осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      2010 жылғы «__» ________ ________ қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

      Беларусь             Қазақстан               Ресей
  Республикасы          Республикасы           Федерациясы
       үшін                  үшін                  үшін

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды
кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
және оларды шығаруға байланысты кедендік  
операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге
1-қосымша                  

Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын
тауарлардың тізбесі

Р/с

Тауарлардың атауы *

КО СЭҚ ТН коды

1.

Табиғи алмастар

7102

2.

Мынадай тауарларды қоспағанда, оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік әкету баждары белгіленген әкетілетін тауарлар:


- балық, теңіз өнімдері (бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығынан басқа) саны 5 кг көп емес;**

0301-0304, 0306 ішінен

- бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығы, салмағы 250 грамнан көп емес;

1604 30 100 0

- жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының кәдімгі бактарындағы, сондай-ақ жеке ыдыстардағы мөлшері 10 литрден аспайтын отын;

2710 11 410 0
-2710 11 590 0,
2710 19 410 0
-2710 19 490 0

- кедендік құны 25000 АҚШ долларынан астам эквивалентте болатын әкетілетін асыл металдар және асыл тастар (әкетілетін асыл металдардың және асыл тастардың кедендік құнына заңды тұлғалар бұған дейін кеден одағына әкелген, сондай-ақ кеден одағынан уақытша әкетілетін асыл металдар және асыл тастар қосылмайды)**

71 ішінен

3.

Орталық жылыту қазандары

8403 10

4.

Іштен жану қозғалтқыштары, су кемелеріне арналған қозғалтқыштарды қоспағанда

8407

5.

Шалғылар (газондарға, саябақтарға немесе спорт алаңдарына арналған шалғылардан басқа), шөп дайындауға, астық жинауға арналған машиналар, астық бастыруға, престеуге, сабанды және шөпті дестелеп бууға арналған машиналар немесе механизмдер; жұмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазартуға, сұрыптауға немесе іріктеуге арналған машиналар

8433 20-8433 90

6.

Машиналар, механизмдер, жабдықтар

8434-8442,
8444 00 - 8449 00
000 0, 8453 -
466, 8468, 8474 -
8480, 8486,
8514, 8530, 8534
00, 8535, 8545,
8548, 9024, 9027,
9030, 9031

7.

Қыздырынуға арналған солярий

8543 70 510 1,
8543 70 550 1

8.

Тракторлар; арнайы мақсаттағы моторлық көлік құралдары жүк немесе жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланатындардан басқа; өздігінен жүретін өндірістік мақсаттағы көтеру немесе тиеу қондырғыларымен жабдықталмаған көлік құралдары

8701, 8705, 8709

9.

Автомобильдер тасымалдауға арналған тіркемелер**

8716 39 ішінен

10.

Дем алуға және спортқа арналған яхталарды және өзге де жүзу құралдарын қоспағанда, кемелер, қайықтар және жүзу конструкциялары; есу қайықтары және каноэ

89 ішінен

11.

Жол жүру кезінде немесе медициналық көрсетулер бойынша пайдалану үшін қажеттілерден басқа, медицина техникасы және жабдықтар **

9018, 9019, 9022 ішінен

12.

Фотозертханалар үшін аппаратура және жабдықтар

9010

13.

Көрсету мақсаттары үшін арналған аспаптар, аппаратура және модельдер

9023 00

14.

Медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиhаз; шаштараз креслосы және ұқсас креслолар, бөлшектері

9402

15.

Монеталармен, банкноттармен, банк карточкаларымен, жетондармен немесе төлемнің ұқсас құралдарымен іске қосылатын ойындар

9504 30

16.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сараптамалық бақылауға жататын тауарлар


      * - тауарлар КО СЭҚ ТН сәйкес олардың кодтарымен ғана айқындалады,
      «**» символымен белгіленген тауарларды қоспағанда;
      ** - тауарлар олардың кодтарымен де, сондай-ақ атауларымен де айқындалады

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды
кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
және оларды шығаруға байланысты кедендік  
операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге 
2-қосымша               

Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе) осы
аумақтан әкетуге тыйым салынған немесе шектелген жеке
пайдалануға арналған тауарлардың тізбесі I. Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе) осы
аумақтан әкетуге тыйым салынған жеке пайдалануға арналған
тауарлардың тізбесі

1.

Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізген кезде:

1.1

кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған баспа, аудиовизуалды және баска да ақпарат тасығыштардағы ақпарат;

1.2

кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару оның негізгі бөлшектері, олардың патрондары;

1.3

әкелу кезінде және (немесе) әкелу кезінде тыйым салынған және (немесе) әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген қауіпті қалдықтар;

1.4

кеден одағының кеден шекарасына әкелу және кеден одағының кеден шекарасынан әкету шектелген ақпаратты құпия алу үшін арналған арнайы техникалық құралдар;

1.5

кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген есірткі заттарының және психотропты заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттар;

1.6.

тиісті құжаттары болған кезде медициналық көрсетулер бойынша жеке қолдану үшін дәрі заттары түріндегі есірткі заттарының және психотропты заттардың, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңдарында айқындалған көлемдегі прекурсорлардың шектелген санын қоспағанда, есірткі заттары;

1.7

әкелген және (немесе) әкеткен кезде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген адамның органы және (немесе) тіні, қан және оның компененттері;

2.

Кез келген тәсілмен әкету кезінде:

2.1

экспорты және (немесе) импорты кезінде сандық шектеу белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілген қара және түсті металдардың қалдықтары және сынықтары;

2.2

олардың кеден одағының кеден аумағынан экспорты шектелген өңделмеген асыл металдар, асыл металдардың сынықтары және қалдықтары, құрамында асыл металдар бар кен және асыл металдардың және шикізат тауарларының концентраттары;

2.3

әкеткен кезде кеден шекарасы өткізу шектелген минералды шикізат (табиғи өңделмеген тастар);

2.4

әкеткен кезде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген жер қойнауы туралы ақпарат;

2.5

осы тауарлардың экспорты кезінде үш данасынан астам санда кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген жабайы өсетін дәрілік шикізаттар (өсімдіктер, өсімдіктердің бөліктері, тұқымдары, жемісі);

2.6

осы тауарлардың экспорты кезінде (аңшылық және балықшылық олжаларын қоспағанда) үш данасынан астам санда кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген тірі тағы аңдар және жабайы өсетін жекелеген өсімдіктер;

3.

Кез келген тәсілмен әкелу кезінде:

3.1

кеден одағының кеден шекарасына әкелу тыйым салынған озонды бұзатын заттар

3.2

2001 жылы 22 мамырда Стокгольмде қол қойылған Берік органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының әсеріне жатқызылатын кеден одағының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған өсімдіктерді қорғау заттары;

3.3

кеден одағының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған биологиялық су ресурстарын өндіру (аулау) жабдықтары;

3.4

18 жасқа толған бір тұлғаға арналған жалпы көлемі 5 литрден астам этил спирті және алкоголь өнімі;

3.5

18 жасқа толған бір тұлғаға арналған 200-ден астам сигарет немесе 50 сигар немесе 250 грамм темекі немесе жалпы салмағы 250 грамнан астам көрсетілген бұйымдардың жиыны.

4.

Халықаралық почта жөнелтімдерде (осы бөлімнің 1-3-тармақтарына толықтыру):

4.1

алкоголь өнімі, этил спирті, сыра;

4.2

темекі бұйымдарының және шегу қоспаларының кез келген түрі;

4.3

азаматтық және қызметтік қару бұйымдарымен құрылымдық ұқсас қарудың (оның бөлшектерінің) кез келген түрі, оған патрондар (оның бөлшектері);

4.4

радиоактивті материалдар;

4.5

мәдени құндылықтар;

4.6

тез бұзылуға бейім тауарлар;

4.7

араларды, сүліктерді, жібек құртын қоспағанда тірі жануарлар;

4.8

кез келген түрдегі және жай-күйдегі өсімдіктер, өсімдіктің тұқымдары;

4.9

зергерлік бұйымдарды қоспағанда, кез келген түрдегі және жай-күйдегі асыл тастар, табиғи алмастар;

4.10

Есірткі заттар, психотропты заттар және олардың прекурсорлары, оның ішінде дәрілік заттар түріндегі;

4.11

озонды бұзатын заттар;

4.12

Дүниежүзілік почта одағының актілеріне және кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес жөнелтуге тыйым салынған өзге де тауарлар

II. Кеден одағының кеден аумағына әкелуге және (немесе) осы
аумақтан әкетуге шектелген жеке пайдалану үшін
тауарлардың тізбесі

1.

Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізген кезде:


кеден одағының кеден шекарасына әкелу және кеден одағының кеден шекарасынан әкету шектелген шифрлау (криптография) құралдары;

2.

Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізген кезде, халықаралық почта жөнелтілімдерін қоспағанда:

2.1

әкелу және әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген озонды бұзатын заттар;

2.2

тиісті құжаттары болған кезде медициналық көрсетулер бойынша жеке қолдану үшін дәрілік заттар түріндегі есірткі заттарының және психотропты заттардың, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған көлемдегі прекурсорлардың шектелген санын қоспағанда, есірткі заттары;

2.3

кеден одағының кеден аумағына әкелуге, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге және кеден одағының кеден аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару оның негізгі бөлшектері, олардың патрондары;

3.

Кез келген тәсілмен әкелген кезде:



кеден одағының кеден аумағына әкелу шектелген радиоэлектронды құралдар және (немесе) азаматтық мақсаттағы жоғары жиіліктегі құрылғылар, оның ішінде қоса
жасалған немесе басқа да тауарлардың құрамындағылар;

4.

Кез келген тәсілмен әкеткен кезде:

4.1

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген минералогия және палеонтология бойынша жинақтамалар және жинақтау заттары

4.2

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген жойылып кету қаупі бар жабайы фауна және флора түрлерімен Халықаралық сауда туралы конвенцияның қолдану аясына кіретін жабайы фауна және флора түрлері

4.3

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының қызыл кітаптарына енгізілген, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар тағы аңдар мен жабайы өсімдіктердің түрлері, олардың бөліктері және (немесе) дериваттар;

4.4.

әкету кезінде кеден шекарасы арқылы өткізу шектелген ұлттық мұрағат қорларының құжаттары, мұрағат құжаттарының түпнұсқалары

5.

Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізген кезде, халықаралық почта жөнелтілімдерін қоспағанда:


мәдени құндылықтар

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды
кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
және оларды шығаруға байланысты кедендік  
операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге
3-қосымша                  

Кеден төлемдерінен босатыла отырып кеден шекарасы арқылы
өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

Р/с

Тауарлардың санаты

Әкету нормасы

I. Алып жүретін және алып жүрмейтін багажда кеден одағының кеден аумағына әкелінетін, көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар

1.

Жеке пайдалану үшін тауарлар (этил спиртін қоспағанда)

кедендік құны 1500 евроға барабар сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын

оның ішінде:
алкогольді ішімдіктер және сыра

18 жасқа толған бір заңды тұлғаға есептегенде 3 литрден көп емес

темекі және темекі бұйымдары

18 жасқа толған бір заңды тұлғаға есептегенде 200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 грамм темекі, не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын көрсетілген бұйымдардың түр-түрі

2.

Кеден одағының кеден аумағына шетелдің жеке тұлғасы уақытша әкелетін осы Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес бұрын пайдалануда болған жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

3.

Кеден одағына мүше мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатия қызметкерлерінің және әкімшілік-техникалық персонал қызметкерлерінің, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерінің әкелетін шанақтарды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар:
кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті дипломатиялық өкілдік, кеден одағына мүше мемлекеттің консулдық мекемесі шет мемлекетте болу мақсатын құжатпен растаған жағдайда шетелде болу кезеңінде күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес;
- кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген, не өзге де тұлғалар көрсетілген қызметкерлердің атынан және тапсырмасы бойынша әкелетін белгіленген тәртіппен қайта шақыртып алған жағдайда және (немесе) еңбек шартының (келісімшарттың) мерзімінен бұрын бұзылуына байланысты осындай шақыртып алудың және (немесе) оралу фактісін құжатпен растаған жағдайда

кедендік құны мен салмағына қарамастан

4.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген немесе осындай тұлғалардың атына және тапсырмасы бойынша өзге де тұлғалар кеден одағына мүше мемлекетке әкелген тиісті мемлекеттік органның (мемлекеттік биліктің федералдық органдары) құжатпен растаған жағдайда шет елде болған кезеңде күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес кеден одағының кеден аумағынан тыс болу мерзімі кемінде 11 айды құраған мемлекеттік органдар (мемлекеттік биліктің федералдық органдары) шет мемлекетке жұмысқа жіберген жеке тұлғалар әкелетін, қораптарды қоспағанда, жеке пайдалану үшін тауарлар

олардың кедендік құны мен салмағына байланысты емес

5.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен осындай есепте болу фактісін кеден одағына мүше мемлекетке оралуын растайтын шет елдегі дипломатиялық өкілдік немесе кеден одағына мүше мемлекеттің консулдық мекемесі берген құжаттар ұсынылған жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттің шет ел мекемесінде кемінде 1 жыл уақытша болып, олар кеден одағына мүше мемлекетке қайтып оралған жағдайда кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы әкелетін шанақтарды қоспағанда, жеке пайдалану үшін тауарлар;

кедендік құны 5000 евродан аспайтын

6.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен осындай тауарларды мұраға алу фактісі (мұра мүлкі деп тану) құжатпен расталған жағдайда кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы кеден аумағынан тыс мұраға алған (мұра мүлкі деп танылған) жеке пайдалану үшін тауарлар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

7.

Олардың әкетілуі расталған жағдайда олар кеден одағының кеден аумағынан тыс әкетілгеннен кейін тасымалдаудың (көлікпен тасудың) сақтаудың және (немесе) (пайдаланудың) қалыпты жағдайларында табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан өзгеруін қоспағанда, өзгеріссіз кейін әкелінетін жеке пайдалану үшін тауарлар. Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында осындай әкетуді растау тәртібі белгіленуі мүмкін.
Егер тұлға осындай тауарлардың әкетілуін растай алмаған жағдайда, осы тармақшаны қолдану мақсатында әкелінетін тауарлардың кедендік құны және жалпы салмағы осы тараудың 1-тармағында белгіленген құндық және салмақ (сан) нормаларынан аспаған жағдайда, осындай тауарлар кеден төлемдерінен босатылады

кедендік құны мен салмағына қарамастан

8.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар болып танылған жағдайда, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келгенде (көшіп келуші) болса, мына талаптарды бір мезгілде орындаумен бірге заңды тұлғалар әкелетін жеке пайдалану үшін бұрын пайдалануда болған тауарлар:
- көрсетілген тұлғаның кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей бұған дейін тұрған елден кеден одағының кеден аумағына жеке пайдалану үшін тауарларын әкелу;
- заңды тұлғалардың осындай тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар деп таныған күнге дейін немесе кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнге дейін (көшіп келу) сатып алуы

кедендік құны мен салмағына қарамастан

9.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар осындайға жатқызылған жағдайда, мәдени мұра

кедендік құны мен салмағына қарамастан

10.

Мүрде (күл) бар урналар, қайтыс болғанның денесі (мәйіті) салынған табыттар


II. Көлік құралдарын қоспағанда, тасымалдаушы жеке тұлғаның мекен жайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

11.

Бір алушының мекенжайына күнтізбелік ай ішінде әкелінетін (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны және бөлінбейтін тауарларды қоспағанда) жеке пайдалану үшін тауарлар

кедендік құны 1000 евроға барабар сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан * аспайтын

12.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар болып танылған жағдайда, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келгенде (көшіп келуші) болса, мына талаптарды бір мезгілде орындаумен бірге заңды тұлғалар әкелетін жеке пайдалану үшін бұрын пайдалануда болған тауарлар:
көрсетілген тұлғаның кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей бұған дейін тұрған елден кеден одағының кеден аумағына жеке пайдалану үшін тауарларын әкелу;
жеке тұлғалардың осындай тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар деп таныған күнге дейін немесе кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнге дейін (көшіп келу) сатып алуы

кедендік құны мен салмағына қарамастан

13.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар осындайға жатқызылған жағдайда, мәдени мұра

кедендік құны мен салмағына қарамастан

14.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңдарында көзделген тәртіппен осындай тауарларды мұраға aлу фактісі (мұра мүлкі деп тану) құжатпен расталған жағдайда кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы кеден аумағынан тыс мұраға алған (мұра мүлкі деп танылған) жеке пайдалану үшін тауарлар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

15.

Мүрде (күл) бар урналар, қайтыс болғанның денесі (мәйтті) салынған табыттар


III. Көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған
кеден одағының кеден аумағына халықаралық почта жөнелтімдерімен
жіберілетін тауарлар

16.

Кеден одағының кеден аумағындағы заңды тұлға болып табылатын бір алушының мекенжайына күнтізбелік ай ішінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (бөлінбейтін тауарларды қоспағанда)

кедендік құны 1000 евро барабар сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан аспайтын *

17.

Мүрде (күл) бар урналар, қайтыс болғанның денесі (мәйтті) салынған табыттар


IV. Көлік құралдарын қоспағанда, кез келген тәсілмен
әкетілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

18.

Кеден органының ресімделген құжаттарын ұсына отырып әкелу фактісін растайтын кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғалары, сондай-ақ шет елдің заңды тұлғалары кеден одағының кеден аумағына бұған дейін әкелген асыл металдар және асыл тастар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

19.

Асыл металдар және асыл тастар

кедендік барабар құны 25000 АҚШ долларынан аспайтын. Әкетілетін асыл металдар мен асыл тастардың кедендік құнына жеке тұлғалардың бұған дейін кеден одағына әкелген, сондай-ақ кеден одағынан уақытша әкетілген асыл металдар мен асыл тастардың құны қосылмайды

20.

Осы қосымшаның IV бөлімінің 18 және 19-тармақтарында көрсетілген тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған өзге де тауарлар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

V. Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізілетін
жеке пайдалануға арналған көлік құралдары

21.

Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден одағының кеден аумағынан әкетілетін және кеден одағының кеден аумағына кез келген тәсілмен қайта әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары


22.

Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден одағының кеден аумағына шет елдің жеке тұлғалары кеден одағының кеден аумағына - осы аумақта өзінің болу мерзіміне, алайда бір жылдан аспайтын, кез келген тәсілмен әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары


23.

Шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кеден одағының кеден аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары кез келген тәсілмен алты айдан аспайтын мерзімге әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары. Осындай көлік құралдарын уақытша әкелуге кеден одағының кеден заңдарына сәйкес кеден баждарын салықтарын төлеу қамтамасыз етілген жағдайда жол беріледі


24.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар болып танылған жағдайда, сондай-ақ кеден одағын мүше мемлекетке тұрақты тұруға келгенде (көшіп келуші) болса, мына талаптарды бір мезгілде орындаумен бірге заңды тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған бұрын пайдалануда болған автомобиль және тіркеме:
көрсетілген тұлғаның кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнінен бастап 18 айдан кешіктірмей бұған дейін тұрған елден кеден одағының кеден аумағына жеке пайдалану үшін әкелуі;
заңды тұлғалардың осындай автомобиль және тіркеме кеден одағына мүше мемлекеттің заңдарына сәйкес босқындар, мәжбүрлеп қоныс аударушылар деп таныған күнге дейін немесе кеден одағына мүше мемлекетке тұрақты тұруға келген күнге дейін (көшіп келу) кемінде 6 ай бұрын сатып алуы.

саны бір автомобильден және бір тіркемеден аспайды

25.

Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен осындай тауарларды мұраға алу фактісі (мұра мүлкі деп тану) құжатпен расталған жағдайда кеден одағына мүше мемлекеттің жеке тұлғасы кеден аумағынан тыс мұраға алған (мұра мүлкі деп танылған) жеке пайдалануға арналған автомобиль, тіркеме

Саны бір автомобильден және бір тіркемеден аспайды

26.

Кеден аумағынан тыс жерге кез келген тәсілмен әкетілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары


      *Мүше мемлекеттің заңнамасында кеден төлемдерінен босата отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуге барынша қатаң нормалар белгіленуі мүмкін.

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды
кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
және оларды шығаруға байланысты кедендік   
операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге 
4-қосымша                  

Шетелдік заңды тұлғалардың кеден төлемдерінен босатыла отырып
кеден одағының кеден аумағына уақытша әкелетін жеке
пайдалануға арналған бұрын пайдалануда болған тауарлардың
тізбесі

Р/с

Жеке пайдалануға арналған
тауарлардың атауы

Саны

1.

Зергерлік бұйымдар

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

2.

Жеке гигиена заттары

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

3.

Фотокамералар;

саны 1 бірліктен көп емес саны

бейнекамералар;

саны 1 бірліктен көп емес саны

кинокамералар,

саны 1 бірліктен көп емес саны

олардың керек-жарақтары

саны 1 бірліктен көп емес саны

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

4.

Ықшам бейнемагнитофондар, цифрлы және аналогтық

саны 1 бірліктен көп емес

5.

Ықшам кинопроекторлар;

саны 1 бірліктен көп емес

слайд көруге арналған проекторлар

саны 1 бірліктен көп емес

олардың керек-жарақтары мен оларға кинофильмдер және слайдтар

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

6.

Ықшам дыбыс жазатын және дыбыс жаңғыртатын аппаратура (диктофондарды қоса);

саны 1 бірліктен көп емес

DVD-плеерлер,

саны 1 бірліктен көп емес

олардың керек-жарақтары

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

7.

Грампластинкалардың алып жүретін ойнатқыштары және грампластинкалар

саны 1 бірліктен көп емес
кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

8.

Жазып алуы бар және жазып алуы жоқ дыбыс жазғыш тасығышы

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

9.

Алып жүретін радиоқабылдағыштар;

саны 1 бірліктен көп емес

флэш-плеерлер,

саны 1 бірліктен көп емес

олардың керек-жарақтары

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

10.

Экранының диагоналы 42 см аспайтын телевизорлар.

саны 1 бірліктен көп емес

11.

Алып жүретін жазу машинкалары

саны 1 бірліктен көп емес

12.

Дүрбілер

саны 1 бірліктен көп емес

13.

Ұялы телефондар

саны 1 бірліктен көп емес

14.

Алып жүретін жеке компьютерлер (ноутбуктер)

саны 1 бірліктен көп емес

олардың керек-жарақтары

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалану үшін қажетті санда

15.

Алып жүретін музыка аспаптары

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

16.

Балалар арбалары

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалану үшін қажетті санда

17.

Мүгедектердің арбалары

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

18.

Автомобиль орындықтарына бекітілген балалар орындықтары

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

19.

Спорт, туризм және аңшылық үшін мүкәммал мен керек-жарақтар, әуе шарлары

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

20.

Ықшам диализаторлар және ұқсас медициналық аспаптар, сондай-ақ оларға жұмсалатын материалдар

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

21.

Үй жануарлары, оның ішінде аңшылық, спорт, туризмге арналған

кеден одағының кеден аумағында уақытша болу кезеңінде пайдалануға арналған қажетті санда

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды
кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
және оларды шығаруға байланысты кедендік
операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге
5-қосымша                  

Кедендік баждарды, салықтарды төлей отырып, кеден шекарасы
арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

Р/с

Тауарлардың санаты

Әкелу нормалары

Кеден баждарының, салықтарының ставкалары

I. Көлік құралдарын қоспағанда, алып жүретін және алып жүрмейтін багажда кеден одағының кеден аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

1.

Жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін және бөлінбейтін тауарларды қоспағанда)

кедендік құны 1500 евроға барабар сомадан аспайтын және салмағы 50 килограмнан аспайтын

кедендік құнынан 30 пайыздық бірыңғай ставкамен, алайда 50 килограмдық салмақ нормасынан асып кету бөлігінде салмақтың әр килограмы үшін кемінде 4 евро және (немесе) күн нормасы 1500 евродан

2.

Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарлар

кедендік құны мен салмағына байланысты емес

жиынтық кеден төлемі түрінде

3.

2207 және 2208 90 КО СЭҚ ТН тауар позициясындағы этил спирті

саны 5 литрге дейін

1 литр үшін 22 евро бірыңғай ставкасы бойынша

4.

Алкогольдік ішімдіктер және сыра

саны 3-тен 5 литрді қоса алғанда

сандық норманың 3 литрге артық болуы бөлігінде 1 литр үшін евро бірыңғай ставкамен

5.

Осы Келісімге
3-қосымшаның
1-бөлімінің
5-тармағында
көрсетілген жеке
пайдалануға арналған
тауарлар

5000 евроға барабар сомадан асатын кедендік құны

кедендік құнынан 30 пайыздық бірыңғай ставкамен, алайда 50 килограмдық салмақ нормасынан асып кету бөлігінде салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 евро және (немесе) құн нормасы 5000 евродан

II. Көлік құралдарын қоспағанда, жеткізушілер жеке тұлғалардың мекенжайына жеткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарлар

6.

Күнтізбелік бір ай ішінде бір алушының мекенжайына әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін, алкоголь ішімдіктерін, сыраны және бөлінбейтін тауарларды қоспағанда)

кедендік құны 1000 евроға барабар сомадан жоғары және (немесе) салмағы 31 килограмнан астам*

кедендік құнынан 30 пайыздық бірыңғай ставкамен, салмақ нормасынан асып кету бөлігінде салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 евро және құн нормасы 1000 евродан және (немесе) салмағы 31 килограмм*

7.

Бөлінбейтін тауарлар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

жиынтық кедендік төлем түрінде

III. Кеден одағының кеден аумағына халықаралық почта
жөнелтілімдерімен жіберілетін көлік құралдарын қоспағанда,
жеке пайдалануға арналған тауарлар

8.

Кеден одағының кеден аумағында тұрған жеке тұлға болып табылатын бір алушының атына бір ай ішінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар (бөлінбейтін тауарларды қоспағанда)

кедендік құны 1000 евроға балама сомадан жоғары және (немесе) салмағы 31 килограмнан астам*

кедендік құнынан 30 пайыздық бірыңғай ставкасы бойынша нормасынан 1000 евро асып кету бөлігінде салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 евро және (немесе) салмағы 31 килограм *

9.

Бөлінбейтін тауарлар

кедендік құны мен салмағына қарамастан

жиынтық кедендік төлем түрінде

IV. Кеден шекарасы арқылы кез келген тәсілмен өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары

10.

Квадроциклдер, қарда жүретін, 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін жалпыға бірдей пайдалану жолдары бойынша қозғалысқа арналмаған, өзге де жеңіл көлік құралдары, тіркемелер, мотоциклдер, мопедтер, мотороллерлер, жүргізушіні қоса алғанда, 12 адамнан көп емес тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, 8702 СЭҚ ТН тауар позициясымен жіктелетін толық массасы 5 тоннаға дейін жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік
құралдары, 8704 СЭҚ
ТН тауар позициясында
жіктелетін кеден аумағында және шетел аумағында тіркелмеген су және әуе кемелері


жиынтық кедендік төлем түрінде

11.

Шетел мемлекеттерінің
аумағында тіркелген
және шетелдің жеке
тұлғалары уақытша
әкелген, кеден одағының аумағында болу мерзімі оларды әкелген күнінен бастап 1 жылдан асқан жеке пайдалануға арналған көлік құралдары


осы қосымшаның IV бөлімінің 10 және 12 тармақтарында белгіленген бірыңғай ставкалар бойынша

12**
 


Меншік иесінің өзі әкелетін не сатып алу бойынша осындай мәміленің жасалған орнына қарамастан, емес автомобиль сатып алу үшін кеден аумағынан тыс жерге шықпаған меншік иесінің тапсырмасы бойынша өзге де жеке тұлғалар әкелген автомобильдер:

шығарылған сәтінен 3 жылдан аспаған:
құны 8500 евродан аспайтын

құны 8500 евроны құрайтын, алайда 16700 евродан аспайтын

Құны 16700 евроны құрайтын, алайда 42300 евродан аспайтын

құны 42300 евроны құрайтын, алайда 84500 евродан аспайтын

құны 84500 евроны құрайтын, алайда 169000 евродан аспайтын

құны 169000-нан жоғары евроны құрайтын

шығарылған сәтінен бастап 3 жылдан асқан, алайда 5 жылдан аспаған автомобильдерге қатысты:

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 1500 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1500 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 1800 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1800 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 2300 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемі 2300 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 3000 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемі 3000 текше сантиметрден астамды құрайтын

шығарылған сәтінен бастап 5 жыл өткен автомобильдерге қатысты:

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден аспайтын

жұмыс көлемі 1000 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 1500 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1500 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 1800 текше сантиметрден аспайтын,

қозғалтқышының жұмыс көлемі 1800 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 2300 текше сантиметрден аспайтын,

жұмыс көлемі 2300 текше сантиметрден астамды құрайтын, алайда 3000 текше сантиметрден аспайтын, қозғалтқышының жұмыс көлемі 3000 текше сантиметрден астамды құрайтын

кедендік құнының 54 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше см. үшін 2,5 евродан кем емес;

кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше см. үшін 3,5 евродан кем емес;

кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше см. үшін 5,5 евродан кем емес;

кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше см. үшін 7,5 евродан кем емес;

кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше см. үшін 15 евродан кем емес;

Кедендік құнының 48 пайызы, алайда қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше см. үшін 20 евродан кем емес;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 1,5 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 1,7 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 2,5 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 2,7 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3,6 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3,2 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 3,5 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 4,8 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 5 евро мөлшерінде;

қозғалтқышының жұмыс көлемінің 1 текше сантиметрі үшін 5,7 евро мөлшерінде;

      * Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуге кеден баждары мен салықтар артып кету бөлігінде барынша қатаң нормалар белгіленуі мүмкін
      ** Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шартына сәйкес осы мемлекеттер кеден баждарының, салықтардың өзге бірыңғай ставкаларын белгілеуі мүмкін

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды
кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
және оларды шығаруға байланысты кедендік  
операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге
6-қосымша                  

Авто-, мотокөлік құралының шығару сәтін және қозғалтқышының
көлемін айқындау тәртібі

      1. Авто-, мото көлік құралының шығару сәтін, яғни жасалған күнін, қозғалтқышының жұмыс көлемін декларант мынадай негіздерде айқындайды:
      1) алдыңғы тіркелген мемлекетте олардың тіркелгенін растайтын құжаттарда қамтылған мәліметтер;
      2) өндірушінің немесе бас импорттаушының, дилердің, дистрибьютордың немесе кеден одағына мүше мемлекеттегі өндірушінің мүддесі өзге де өкімінің, оның ішінде сәйкестендіру жапсырмаларында немесе кестелерді не авто-, мотокөлік құралы шанағының нөмірінде кодталған ақпарат;
      3) ақпараттың өзге де көмекші көздері.
      2. Бұл ретте ақпараттың көмекші көздері осы қосымшаның 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер немесе құжаттар болмаған жағдайда ғана пайдаланылады.
      Ақпараттың қосымша көздері ретінде кеден одағына мүше мемлекеттің Сауда-өнеркәсіп палатасының және оның құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары, сондай-ақ декларантқа қол жетімді өзге де ақпараттық және анықтамалық көздер пайдаланылуы мүмкін.
      Кеден одағына мүше мемлекеттегі авто-, мотокөлік құралын өндірушінің мүддесі өкілінің қорытындысын кеден органы авто-, мотокөлік құралының шығарылу сәті және (немесе) қозғалтқышының цилиндрінің жұмыс көлемімен байланысты мәліметтерді бақылау мақсатында авто-, мотокөлік құралын шығаруға байланысты кеден операциялары аяқталғаннан кейін сұратуы мүмкін.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттарда және мәліметтерде қарама-қайшы ақпарат болған жағдайда авто-, мотокөлік құралының шығарылу сәті және (немесе) қозғалтқышының цилиндрінің жұмыс көлемі кеден одағына мүше мемлекеттегі авто-, мотокөлік құралын өндірушінің мүддесі өкілінің қорытындысы негізінде, кеден немесе сот сараптамасы қорытындыларымен айқындалады.
      3. Егер жасалған нақты күні айқындалмаған жағдайда, алайда авто-, мотокөлік құралының шығарылған жылы немесе жылы мен айы туралы мәлімет болса, тиісінше жасалған күні жасалған жылдың 1 шілдесі немесе жасалған айының 15 күні деп саналады.
      4. Осы қосымшаның 1-тармағында келтірілген құжаттар және мәліметтер туралы ақпарат болмаған жағдайда авто-, мотокөлік құралының шығарылған жылы авто-, мотокөлік құралының сәйкестендіру нөмірінде көрсетілген дайындау коды бойынша айқындалады, бұл ретте толық жыл шығарылған жылының 1 шілдесінен бастап есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады