Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 1029 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде:
      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта «қорғау министрлігі,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,» деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      бірінші абзацтағы «белгіленген нысандағы өтінімді және үш данада материалдарды» деген сөздер «материалдарды бір данада» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы «сауалнама» деген сөз «өтінім» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «(диаграммалар, сызбалар, кестелер, құжаттардың көшірмелері және тағы басқалар» деген сөздер «(ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «болуы тиіс» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».
      Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.»;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      «13-1. Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелеріне қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әшімов                 - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы      ортаны қорғау министрі,

Құл-Мұхаммед           - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы          министрі;

      мына:
«Мыңбаев Сауат         - Қазақстан Республикасының Энергетика
Мұхаметбайұлы            және минералды ресурстар министрі

Исекешев               - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы          және сауда министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыңбаев Сауат         - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Мұхаметбайұлы            газ министрі»,

«Исекешев              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы          орынбасары - Қазақстан Республикасының
                         Индустрия және жаңа технологиялар министрі»;

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 30, 367-құжат; 2007 ж., № 21, 233-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 349 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 233-құжат).
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың төртінші, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 1029 Жарлығына  
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы    
Президентінің        
2008 жылғы 23 қаңтардағы   
№ 523 Жарлығымен       
бекітілген Бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі жөніндегі  
«Парыз» конкурсын өткізу  
ережелеріне         
қосымша           

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» конкурсына қатысушының
өтінімі
Тіркеу нөмірі ____________

1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы ______________________________________
Тіркеу орны бойынша мекенжайы _______________________________________
Орналасу орны бойынша мекенжайы _____________________________________
2. Ұйымның басшысы __________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы
және факс нөмірі) ___________________________________________________
4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз):
   Жылдың үздік әлеуметтік жобасы;
   Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;
   Үздік ұжымдық шарт;
   Экологияға қосқан үлесі үшін.
5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)
6. Сала _______________________________________________________
7. Қызметкерлерінің саны ______________________________________
8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен
   айналысады) ______________________________________________________
9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары __________________________
10. Өтінімге сауалнама тіркелген және қосымша _______ парақта
11. Ұсынған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс

      Қолы
      Мөрі
      Күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады